Нұсқаулар Нысан пму ұс н 18. 3/40 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



бет10/20
Дата08.06.2018
өлшемі7,36 Mb.
#41497
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20

5 Жұмыс істеу тәртібі
1. Тесіктерді өңдеу үшін құралдың қолданылуын және құрылғысын оқып үйрену

2. 2А150 білдегінің түйіндерінің қолданылуын және құрылғысын оқып үйрену.

3. Оқытушының тапсырмасы бойынша білдекті беріліс және айналым саны бойынша орнату.

4. Өңдеу схемасын және тесіктерді өңдеу үшін құралдың эскизін жасау.


6 Есеп мазмұны
1. Жұмыстың атауы және мақсаты.

2. Білдекті берілген беріліс және айналым санына орнатудың тәртібін суреттеу.

3. Кесуші құралдың және тесік өңдеудегі құралдың эскизін жасау.

4. Өңдеу кезіндегі кесуші құралды бекітудің сипаттамасы (эскизедермен).

5. Өңдеу кезіндегі кесуші құралды бекіту үшін құрылғының конструкциясы және сипаттамасы.
7 Қауіпсіздік ережелері
Жұмысты бастау алдында оқытушы басшылығымен бұрғылау білдектерде жұмыс істеу кезіндегі еңбек қорғау инструкцияларымен танысу және оны қатаң сақтау.

Қауіпсіздік ережелерімен таныспағанша білдекте жұмыс істеуге болмайды!

Білдектің және оның бөлшектерін орнатуға тек ток көзі ажыраған жағдайда және шебердің басшылығымен болады.

Студенттерге өзінен кейін ауыр жара әкелуге қауіп төндіретін қимылдарды: айналдырықтарды қозғауға, өз бетімен білдекті қосуға, тетіктерді қозғауға және т.б. болмайды.

Білдекте жұмыс істеуге тек шебердің рұқсатымен ғана болады.

Студенттер қауіпсіздік ережелерімен танысып, қол қоюы керек.


Бақылау сұрақтары
1. Бұрғылау білдектерінде қандай технологиялық операциялар жүргізуге болады?

2. Тесіктерді өңдеу үшін кесуші құралдың тағайындамасы.

3. 2А150 білдегінің жалпы құрылғысы және түйіндерінің тағайындамасы.

4. Бұрғылау кезіндегі кесу процессінің қайрау әдісіне қарағанда айырмашылығы қандай.

5. Технологиялық операциялар – үнгілеу, ұңғылау және тесіктерді бұрғылау?

6. Дайындамаларды бұрғылау тобының білдектерінде бекітудің әдістері?

7. Кесуші құралды бұрғылау тобының білдектеріне бекіту әдістері.

8. Бұрғылау білдектерінің негізгі түйіндері атаңыздар.




3 Лабораториялық жұмыс. Дайындамаларды жонғылау білдегінде өндеуі

1 Зертханалық жұмыстың мақсаты мен міндеті
1.1 Зертханалық жұмыстың мақсаты: жоңғылау станоктарында дайындамаларды өңдеудің технологиялық мүмкіндіктерін зерттеу
1.2 Зерханалық жұмыстың міндеті:

- жоңғыш станоктарының құрылысытарымен және жұмыс принциптерімен танысу;

- жоңғылау станоктарінің тобында өңдеу кезінде дайындамаларды бекіту әдістерімен танысу;

- жоңғылау станоктарында өңдеу кезінде кескіш құралдарды бекіту әдістерімен танысу;

- жоңғылау станоктар тобында өңдеу кезінде орындалатын негізгі технологиялық операциялармен танысу.
2 Жонғылаудың технологиялық үрдісі

Жонғылау деп айналмалы қозғалыс жасайтын құрал – жоңғышпен жазық, фасонды, винтті бунақтарды, оймакілтектерді, бұранда және тісті дөнгалақтарды өңдеу үрдістерін атайды.

Жоңғылаумен беттерді сыртпішінді құрудың технологиялық әдісі құралдың негізгі айналмалы қозғалысы және әдетте ілгерілемелі беріс қозғалыстарымен сипатталады. Жоңғылау үрдісінің ерекшілігі – жонғыштың әр келесі тісінің кесу үрдісіндегі үзілуі. Тіс дайындамамен түйіспеде болады және ол кесу жұмысын тек қана белгіленген бір бөлігінде атқарады, содан соң келесі жоңғылауға дейін дайындамамен жанаспай қозғалысты жалғастырады.

Жоңғыштың айналу бағыты мен өңделетін тетіктің ілгерілемелі қозғалысына байланысты беріске қарсы жоңғылау болады, ол кезде айналу бағыты мен дайындаманың қозғалысы бір-біріне қарама қарсы болады және жолшыбай жоңғылау, бұл жерде жоңғыштың айналысы мен дайындаманың қозғалысы бағыттас.

Қарама-қарсы жоңғылау кезінде (беріске қарсы) жонғыштың әр тісіндегі жүктеме бірте-бірте жоғарлайды, шығуында ең үлкен шамасына жетеді. Дайындамаға әсер ететін кесу күші дайындаманы станоктың үстелінен айыруға тырысады, ол өңделетін беттің кедір бұдырлығын жоғарлатуға және дірілге келтіреді. Қарсы жоңғылау әдісінің артықшылығы – жоңғыштың тістері бұйым бетіндегі қатты қабаттың астынан кіріп оны жеңіл кертіп отырады. Кемшілігі – алдыңғы тістердің жаншып «тығыздап» кеткен жеріне келесі тістердің батуы қиындап, соңынан ол тістердің жүзі желініп жұмыс нашарлайды. Сонымен қатар, бұл әдісте жоңғыштың тістері металлды төменнен жоғары қарай тарта кесетін болғандықтан тетікті жұлқылап білдектің дірілін ұлғайтады. Осының салдарынан өңделген беттің тазалығы төмендейді. Жолшыбай жоңғылау кезінде (беріс бойынша) жоңғылағыштың тістері бір уақытта қалың металл қабатын кеседі – құрал барынша жүктемеленген. Бұл білдектің және кесу құралының жұмыс жағдайын нашарлатады, бірақ жоңғыштың тозуы мен өңделген беттің кедір бұдырлығын азайтады. Дайындамаға әсер ететін күштер оны үстелдің үстіне жапсыра басып отырады, бұл дірілді азайтады.

Жонғылау кезінде кесу жылдамдығы V жоңғыштың оның сыртқы диаметрі бойынша өлшенген айналма жылдамдығын білдіреді. Кесу жылдамдығын мына формула бойынша анықтайды:



мұнда D – жоңғыш диаметрі, мм;

n – жонғыш айналымдарының бір минуттағы саны.



Өңделетін тетік пен жоңғыштың салыстырмалы орын ауыстыру шамасын беріс S деп атайды, ол мм/тіспен, мм/айн, мм/минутпен өрнектедеді. Өңделетін дайындамадан жоңғыштың бір айналымында алатын металл қабатының қалындығын жоңғылау (кесу) тереңдігі t деп айтады.
3 Жоңғылау жұмыстарына арналған жабдықтар
Орындалатын жұмыстарға және конструкциялық ерекшеліктерге байланысты жоңғылау тобының станоктарын жалпы тағайындалған және арнайы деп бөледі. Жалпы тағайындалған жоңғылау станоктарында горизонталь және вертикаль-жоңғылау станоктары (айналдырығы горизонталь және вертикаль орналасқан) жатады, оларда станок үстелін вертикаль осьтің айналысында белгілі бұрышқа (45–50) бұруға болады. Сондай-ақ жалпы тағайындалған станоктарға бойлық-жоңғылау станоктары жатады: бір горизонталь айналдырығы бар бір жақты, екі горизонталь айналдырығы бар екі жақты және горизонталь, вертикаль айналдырықтары бар көп айналдырықты. Арнайы жоңғылау станоктарына шет жақты-жоңғылау, айналатын үстелдері бар айналма-жоңғылау, бұрандалы-жоңғылау және т.б жатады. Жоңғылау станоктарының әрбір типінің бірнеше моделі бар. 1-суретте 6Н12 вертикаль-жоңғылау станогының жалпы түрі көрсетілген. Іргетас тақтасында станина бекітіледі. Станинаның жоғарғы бөлімінде айналдырығы тік орналасқан айналдырық бастиек бар, онда жоңғыш бекітілген. Станинаның тік бағыттауышы арқылы станоктың консолі жоғары және төмен қарай қозғалады. Консольдің арнайы бағыттауыштары арқылы көлденең жылжыма жылжиды және ол бойынша үстел.

Айналдырық электрқозғалтқыштан және станинада орналасқан жылдамдық қорабы арқылы айналады. Жылдамдық қорабында тұтқалар арқылы айналдырықтың айналу жылдамдықтары (30-1500 айн/мин шектеуде 18 айналу саны) ауыстырылады. Берісті іске асыру үшін үстелдің бойлық, көлденең және тік бағыттарында жылжуы консольда орналаскан беріс қорабы арқылы жеке электрқозғалтқышпен жетілдіреді.




1 – бұрылатын айналдырық бастиегі; 2 – жұмыс үстелі; 3 – беріс қорабы; 4 – іргетас тақтасы; 5 – электр басқару тізбесандықша; 6 – тұғырық; 7 – айналдырықты айналу жылдамдығын басқару иінтірегі

1-сурет – Вертикаль-жоңғылау станогының жалпы түрі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет