Ұсынылған әдебиеттер:
негізгі:
1. Нұрмұхамбетұлы Ә. Клиникалық патофизиология . 2009 ж.
2.Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология: оқулық. Алматы. - 2007. -648с.
қосымша:
1. Нурмухамбетов Ә., Ахмет-төре М. Патофизиологиядағы медициналық атаулардың сөздігі – Алматы. – 1998. -80.
2. Нурмухамбетов Ә., Есенқұлов Ә., Әбисатов Қ., Ахмет-төре М. Медициналық атаулардың орысша-қазақша шағын сөздігі. Алматы.-1998-128.
3. Жаутикова С.Б. «Патологиялық физиологияның жалпы курсы». Оқу құралы.-Қарағанды, 2000.-105.
Тесттік тапсырмалар
1. Гемолиздiк анемия үшiн тән болып табылады
А) эритроциттердiң өмiр ұзақтығының қысқаруы
В) қызыл сүйек кемiгiнде май дамуы
С) мегалобластық қан түзу
Д) организмде бездер тапшылығы
Е) эритроциттердiң осмостық резистенттiлiгiнiң жоғарылауы
2. Темiр тапшылықты анемия үшiн тән болып табылады
А) гипохромия
В) мегалобласттық қан түзу
С) ретикулоцитоз
Д) гемосидероз
Е) гипербилирубиинемия
3. Витамин В12-тапшылықты анемияның патогенезiне көрсетiлмеген тiзбегiн
енгiзiңiз. Витамин В12 тапшылығы → метилкобаламиннiң түзiлуiнiң →
тетрагидрофолий қышқылының түзiлуiнiң бұзылуы → ..?.. →
эритроциттердiң өсiп-өнуi және жетiлуi үрдiсiнiң төмендеуi
А) ДНҚ түзiлуiнiң бұзылуы
В) миелин түзiлуiнiң бұзылуы
С) май қышқылдарының түзiлуiнiң бұзылуы
Д) дезоксиаденозилкобаламин түзiлуiнiң бұзылуы
Е) янтарь қышқылының түзiлуiнiң бұзылуы
4. Мегалобластық қан түзу түрi тән
А) В12-тапшылықты анемия үшiн
В) аплазиялық анемия үшiн
С) темiр тапшылықты анемия үшiн
Д) постгеморрагиялық анемия үшiн
Е) гемолитикалық анемия үшiн
5. Панцитопения - бұл
А) шеткi қанда эритроциттердiң, лейкоциттердiң, тромбоциттердiң
азаюы
В) шеткi қанда лейкоциттердiң азаюы
С) шеткi қанда тромбоциттердiң азаюы
Д) шеткi қанда эритроциттердiң азаюы
Е) қанда барлық жасушалардың артуы
6. Панцитопения қандай анемияға тән
А) гипо- және аплазиялық
В) жедел постгеморрагиялық
С) талассемияға
Д) гемолиздiк
Е) орақ тәрiздi жасушалы
7. Науқас 15 жаста, терi қабаттары бозарыңқы, жасылдау реңмен, қан
анализiнде: Гемоглобин - 65 г/л; эритроциттер 3,8 х 1012/л; ретикулоциттер
- 0,1%. Қан жағындысында - сақина тәрiздес эритроциттер. Анемия
сипатын анықтау
А) гемолиздік анемия, нормобласттық, гиперрегенераторлық
В) В12-тапшылықты анемия, мегалобласттық, гиперрегенераторлық
С) темiр тапшылықты анемия, нормобласттық, гипорегенераторлық
Д) сидероахрезиялық, нормобласттық, гипорегенераторлық
Е) гипоплазиялық анемия, нормобласттық, гипорегенераторлық
8. Науқаста жалпақ құрт бар анализiнде гемоглобин - 95г/л, эритроцит - 2,8
х 1012 л, ретикулоцит - 0,5 %, мегалоциттер мен мегаблобластар анықталды
анемияны анықтаңыз
А) витамин В12-тапшылықты анемия
В) темiртапшылықты анемия
С) гемолиздiк анемия
Д) сидероахрестикалық анемия
Е) гипоплазиялық анемия
9. Гемограмманы тұжырымдаңыз
Эритроциттер - 3,2 х 1012/л
Гемоголбин – 60 г/л
ТК - 0,6
Ретикулоцит - 1 %
Лейкоцит - 4,5 х 109/л
Сидеропения
Қан жағындысында: микроцит, гипохромды эритроцит, пойкилоцит
А) темiр тапшылықты анемия
В) жедел жүре пайда болған гемолиздiк анемия
С) В12 фолийтапшылықты анемия
Д) жедел постгеморрагиялық анемия
Е) гипоаплазиялық анемия
10. Созылмалы қан кетулерде дамиды:
А) Темір тапшылықты анемия.
В) В12 - тапшылықты анемия.
С) Гемолиздік анемия.
Д) Фанкони анемиясы.
Е) Минковский-Шоффардың микросфероцоздық анемиясы.
Достарыңызбен бөлісу: |