Нұсқаулар Пәні: Клиникалық патофизиология Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»



бет11/18
Дата27.12.2022
өлшемі267 Kb.
#164606
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
Практика-СД-4курс-каз

Ситуациялық есептер.
Тапсырма 1.
Нb 40 г/л, эритроциттер 0,79х1012/л, ретикулоциттер 0,1 %, тромбоциттер 100х109/л, лейкоциттер 2,9х109/л, нейтрофилдер: миелоциттер 0 %, метамие-лоцит 1 %, таяқшаядролы 4 %, сегментоядролы 38 %, эозинофилдер 0,5 %, базофилдер 0 %, лимфоциттер 50,5 %, моноциттер 6 %. Жағындыда: макроциттер, мегалоциттер, пойкилоцитоз, мегалобласттар.
Сұрақтары

  1. Гемограммада қалыпты жағдайдан ауытқуды сипаттаңыз.

  2. Ондағы өзгеріске қарай жалпы қорытынды жасаңыз.

Тапсырма 2.
42 жастағы науқас әйел төмендегідей шағымдармен келіп түсті: басының ауыру, ұйқысының нашарлауы, үдей түскен әлсіздік, менструация уақытына сай келмейтінін мезгілімен жатырынан қан кетуі. Қан кету жарты жыл бұрын басталған. Емханада жасалынған қанның анализі: Нb 95 г/л, эритроциттер 3,3х1012/л, ретикулоциттер 8,5 %. Сарысулық темірдің құрамы қалыпты жағдайда жанұя жағдайларымен науқасқа әрі қарай тексерулер мен ем жүргізілген жоқ. Қан кету жалғаса берді, бұрынғы шағымдары күрделілене түсті, науқастың жағдайы нашарлағаны соншалықты, тағы жарты жылдан кейін гинекологиялық клиникаға госпитализацияланды. Ол жерде «жатыр миомасы» деген диагноз қойылды. Клиникаға түскендегі қан анализі: Нb 45 г/л, эритроциттер 2,2х1012/л, қан жағындысында гипохромия және эритроциттердің анизоцитозы (микроциттердің басымдылығымен), ретикулоциттер 0,05%. Сарысулық темірдің құрамы қалыптыдан төмен.
Сұрақтары

  1. Екі кезеңдегі науқастың қанының суреттемесін бағалаңдар, яғни жарты жылдан кейінгі және аурудың басталған кезеңдегі өзгерістерін (әрбір анализіндегі түстік көрсеткішін есептеңдер).

  2. Екі анализдің нәтижесін салыстырыңдар. Емханалық анализінде табылған алғашқы қан суреттемесінен клиникаға түскен кездегі қан жағдайын қандай сандық және сапалық белгілерін айырамыз? Бірінші қан анализінің екіншісінен сапалық айырмашылығының себебі неде? Қандағы табылған өзгерістердің болжамдық мәні қандай?

  3. Науқастың әрбір кезеңіндегі бақылауында яғни емханалық және клиникалық, қан жүйесінің патологиясының типін сипаттаңдар.

  4. Науқасты емдеу жоспарын құрғанда берілген патология түрінің емдеу ұстанымдары қандай?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет