Лабораториялық жұмыс
Мақсаты: Лабораторлық егеуқұйрық гемодинамикасына катехоламиндер әр түрлі дозасының фармакологиялық әсерін үйрету.
Егеуқұйрықтың 1 г массасына шаққанда 0,004 мл 0,1 % адреналин ерітіндісін т/і енгізеді. Тері астына адреналинді жіберген сәтте тері жамылғысы және кілегей қабаты бозарып, АҚ 120-70 тен 210/175 мм с.б. көтерілді, экстрасистолиямен қабаттасып тахикардия пайда болды, тынысы жиілеп, Ра О2 өзгеріссіз, ал Рv CO2 күрт төмендеді. Бірақ 12 мин кейін гипервентиляция фонында тері жамылғысы сұр түске айналып, артериялық қанның газдық құрамы өзгерген жоқ, Рv O2-нің біртіндеп төмендеуі байқалады. 3-4 мин ішінде сыртқы тыныс бұзылыстарының белгісі дамыды, соңынан тыныс алуы ырғақсыз, ауыр, ылғалды сырылдар пайда болуымен өзгерді. АҚ төмендеді, пульстік қысымы азайды, аритмия дамыды. Бұл кезде Ра О2 төмендейбастады, ал Ра CO2 жоғарылады. Соңғы 20 минут ішінде клоникотонустық қалтырау, агональдық тыныс, аузы-мұрнынан ақ көпіріктер бөліне бастады, жануар өлді.
Келесі сұрақтарға жауап бере отырып қорытынды жасайды.
Жануар өлімінің себебі қандай?
Қандай белгілер өкпе шеменінің дамуын көрсетіп отыр?
Берілген сынамада жедел өкпе шеменінің патогенезі қандай?
Тақырыбы № 5: Қышқыл-негіздік жағдайдың бұзылыстары
Мақсаты: Қышқылдық-негіздік үйлесімділік бұзылыстарының
этиопатогенезін анықтап, ацидозбен және алкалозбен байланысты патофизиологиялық анализді және ситуацияны моделдеу.
Өткізу формасы: тәжірибелік жұмысты орындау
Тақырыбы бойынша тапсырма :
1. Ауызша сабақ тақырыбына жауап беру.
2. Ситуациялық есептерді жауаптарымен құру.
3. Тест есептерін шығару.
Тарататын құжаттар:
1. Тест тапсырмасы.
2. Ситуациялық есеп.
3. Кесте.
4. Схема.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Қышқыл-негіздік алмасуы, түсініктемесі қандай?
2. Қышқыл-негіздік алмасуы бұзылыстарының себептері қандай?
3. Қышқыл-негіздік алмасуы бұзылыстарының патогенезі және жіктелуі қандай?
4. Қышқыл-негіздік теппе-тендік(ҚНТ),түсініктімесі қандай?
5. Қышқыл-негіздік тепе-тендік бұзылыстары мен жіктемесы қандай?
6. Газды және газды емес ацидоз этиологиясы мен патогенезі..
8. Газды және газды емес алкалоз этиологиясы мен патогенезі қандай?
9. Ацидоз және алкалоз кезінде қорғаныстық-бейімделу реакциялары немен сипатталады?
Достарыңызбен бөлісу: |