НұсқаУлар (практикалық дағдыларды игеру) Мамандық: «Жалпы медицина» Пән: «Жедел және шұғыл медициналық көмек»­



бет11/28
Дата26.01.2022
өлшемі296,11 Kb.
#115092
түріНұсқаулар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
Байланысты:
Мет.реком. к практ. навыкам

істей білуі керек:зондтың көмегімен асқазанды жууды.

5.Сабақ барысында клиникалық дағдыларды игеруде пайдаланылатын медициналық құралдар және жабдықтар тізімі:

- Зондтың көмегімен асқазанды жуу үшін КАҒ-120А тренажері;

- Асқазандық зонд;

- Сиымдылығы 0,5-1 л-лік шұңғыма (воронка);

- Құмыра, шелек, клеенкалы алжапқыш, ерітінділер

Манекен аты

Сипаттамасы

Саны

КАҒ-120А тренажері

Ересек адамның моделі

1

6. Дағдыны орындау алгоритмі

1. Ұзындығы 1-1,5 м асқазандық зондты, шприц Жане, суы, соданың 1 пайыздық ерітіндісі немесе калий перманангатының әлсіз ерітіндісі, шелекті және науқас үшін клеенкалы алжапқышты дайындау.



2. Науқастың ауызынан салынбалы протездерді алып тастау (бар болса). Пациентті стулға отырғызады, кеудесін фартукпен жабады, аяқтарының арасына шелек қойылады. Науқасты тыныштандырады, құсу рефлексі пайда болғанда мұрын арқылы терең дем алуын түсіндіреді. Кома жағдайындағы науқастардың асқазанын жанына жатқызып жуады.

3. Ауыз қуысынаң асқазанға дейінгі қашықтықты өлшеу (үстінгі тістен кіндікке дейін, соған көлденең алақанды қосамыз) сол жерде зондқа белгі қойылады.

4. Зондты вазелин майымен немесе глицеринмен майлаймыз.

5. Зондты тілдің аржағына тез енгізіп, жұтыну қозғалыс кезінде зонты ары қарай итеру.

6. Зонд көмейге түскенде (науқас жөтеледі, тұншығады, көгереді) оны тез шығарып алып қайтадан енгізеді.

7. Зонд асқазанға тұскеннен кейін оның жоғарғы ұшына шприц Жанены кигізеді де сұйықтық құйылады. Алғашқы құйылатын сұйықтықтың көлемі 1 л шамасында. Асқазаның жуылған суын шелеке төгеді.

8. Жуынды су тазарғанша әрекетті бірнеше рет қайталайды. Асқазанды жуу үшін ересек адамға 8-10 л сұйықтық керек, балаға – жасына 1 л есебінен.

7. Бағалау: Студенттің дағдыларды қаншалықты игергенін бағалау үшін, дағдылар бойынша әр қадамы 0-0,5 баллдар аралығында бағаланады да бағалау парағына жазылады (№1 қосымша) және барлық қадамдары бойынша жалпы балл шығарылады. Студенттің қорытынды баллы көпбаллдық әріптік жүйе бойынша бағалау межелігіндегі (шкаласындағы) бағаға сәйкес шығарылады.

Әріптік жүйе бойынша бағасы

Бағаның цифрлық эквиваленті

Бағаның % мөлшері

Дәстүрлік жүйе бойынша бағасы

А

4,0

95-100

«өте жақсы»

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

«жақсы»

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

«қанағаттанарлық»

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

«қанағаттанарлықсыз»



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет