4. Ақырғы нәтиже:
білуі керек:зақымданған аяқ-қолдардың иммобилизациясын және таңғыш салуға көрсетімдерді;
істей білуі керек: шинаны қолдануды, таңғыш салуды.
5.Сабақ барысында клиникалық дағдыларды игеру үшін пайдаланылатын медициналық құралдар және жабдықтар тізімі:
- Хэл манекені, Дитерихс, Крамер шиналары, бинттер.
Манекеннің аты
|
Сипаттамасы
|
Саны
|
Хэл тренажері
|
Ересек адамның модлі
|
1
|
6. Дағдыны орындау алгоритмі.
1. Аяққа иммобилизация жасау Дитерихстің тасымалдау шинасымен іске асырылады, қолды – Крамердің баспалдақтық шинасымен немесе пневматикалық шинамен, ал олар жоқ болса қандай болмасын қолға түскен материалдардан жасалған импровизацияланған шинаның көмегімен немесе зақымданған аяқ-қолды дененің сау бөлігіне бинттеу жолымен іске асырылады.
2. Науқас үшін және тасымалдау үшін ыңғайлы жайда, сынған аймақты қозғалмайтын етіп, сынған жерден жоғарғы және төменгі екі буынды бекітеді (мысалы, балтыр сүйектері сынғанда балтыр-аяқ басы және тізе буындарын бекіту). Сан сүйегі сынғанда аяқтың барлық буындарын бекітеді (тізе, балтыр-аяқ басы, сан-жамбас).
3.Залалдаған қолғапты киеді.
4. Ашық сынық болса иммобилизациянын алдында асептикалық таңғыш салады, қан кетуді тоқтады.
5. Дәкінің жараға тікелей жататын қабатына қол тигізбей асептикалық таңғыш салу (бинт, жеке пакет, кәсеңкі).
6. Шинаны жақсылап салады және сынған жерді сенімді бекітеді. Жалаңашталған аяқ-қолды алдын ала мақтамен немесе қандай болмасын матамен орау керек.
7. Аяқ-қолды тасымалдау шинасымен немесе табылған қатты материалдардан жасалған шианмен уақиға болған жерде иммобилизация жасап, тек содан кейін науқасты тасымалдайды.
8. Иммобилизация барысында, науқасқа сұрақ қоюына мүмкіндік беріп, оның шыдамдылығын пайдаланып өзінің әрекеттерін науқасқа түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |