Нұсқаулар Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әдістемелік кеңесінде қаралып, баспаға ұсынылған


Әдістемелік ұсынымдар және оларға қойылатын талаптар



бет2/4
Дата03.02.2017
өлшемі0,66 Mb.
#8641
1   2   3   4

Әдістемелік ұсынымдар және оларға қойылатын талаптар

Әдістемелік ұсыным – бұл оқытудың түрін, құралын және әдістерін, нақты сабақ тақырыбына, оқу бағдарламаларына толық курсты оқытуға қолданатын заманауи педагогикалық технологиялардың элементтерін немесе оқыту мен тәрбиелеу технологиясының өзін анықтайтын құрал.

Әдістемелік ұсыным – оқу сабағын, іс-шараны өткізу ретін логикалық құру және толығымен баяндау. Әрекет барысын тізбектей баяндау, сонымен қатар оның мақсатын, нәтижеге жету құралдарын, күтілетін нәтижелерін қамтиды және тиесілі әдістемелік кеңеспен жалғасады.

Әдістемелік ұсынымда қандай да болмасын іс-шараны өткізу жөнінде нақты материалдар беріледі, әдістемелік кеңестер және нұсқаулармен үйлеседі.

Әдістемелік ұсыным және жұмыс болуы да мүмкін. Ол педагогтердің кәсіби-педагогикалық жағынан немесе жекленген бағыттар бойынша даярлағының сапасын жетілдіруге бағытталады.



Әдістемелік ұсыным мыналарды қамтиды:

  • нақты сабақ жоспары;

  • сабақтар сериясының жоспары;

  • бағдарлама тақырыбының жоспары;

  • оқытудың жеке (авторлық) әдістемесінің жоспары;

  • оқытудың жалпы әдісінің жоспары;

  • оқыту және тәрбиелеудің жаңа түрінің, әдістері немесе құралдарының жоспары;

  • оқытудың материалдық-техникалық жағдайының өзгеруімен байланысты әдістемелік жоспарлар;

  • жаңа мамандықтарға, кіріктірілген мамандықтарға, жоспарға байланысты әдістемелік жоспарлар;

  • педагогтердің өзіндік білімінің тақырыбымен және т.б. байланысты жоспарлар.

Әдістемелік ұсынымды жазуға кірісер алдында педагог мыналарды білуі қажет:

  • ұсыным тақырыбын таңдауға мұқият болу. Тақырып өзекті, педагогке таныс, осы тақырып бойынша педагогтің жинақталған нақты тәжірибесі болуы тиіс.

  • әдістемелік ұсыным мақсатын анықтау. Мысалы, мақсат мынадай болуы мүмкін: тақырып мазмұнын оқып-үйренудің түрі мен әдістерін анықтау; оқу бағдарламасында берілген тақырыпты оқып-үйрену жөнінде сабақ өткізудің тәжірибесін айқындау; педагог пен білім алушылар әрекетінің түрін баяндау; заманауи техникалық және ақпараттық оқыту құралдарын қолдану әдістемесін баяндау; сабақ барысында теория мен практиканың байланысын жүзеге асыру; замануи педагогикалық технологияларды немесе олардың элементтерін сабақта пайдалану және т.б.;

  • таңдап алынған тақырып бойынша озық педагогикалық тәжірибені, әдебиеттер мен әдістемелік құралдарды мұқият оқып-үйрену;

  • әдістемелік ұсынымның жоспарын құру және құрылымын анықтау;

  • алда атқаратын жұмыстарды бағытын айқындау.

Әдістемелік ұсыным құрылымы

  1. Ұсынымның атауы.

  2. Іс-шараның атауы және өткізу түрі.

  3. Өткізілетін іс-шараның міндеттері, өткізу әдісі, іс-шара арналып отырған балалардың жасы, іске асыру жағдайы көрсетілген түсініктеме.

  4. Жабдықтау, рәсімдеу (техникалық құралдар, мәтін, қанатты сөздер, плакат нұсқалары, сценарийде қолданатын музыкалық шығармалардың атауы және авторлары).

  5. Даярлық кезеңінде берілетін әдістемелік кеңестер (тапсырмаларды дұрыс бөлу).

  6. Сценарийлік жоспар, іс-шараны өткізу барысы.

  7. Іс-шараның сценарийі, мұнда бөлімдердің барлық композициялық сюжеті, авторларға сілтеме және беттері көрсетілген туындылардың атауы көрсетіледі.

  8. Ұйымдастырушылар мен қойылымды қоюшыларға арналған әдістемелік кеңестер (іс-шараны қайда өткізген орынды, рәсімдеу нұсқалары, көтеріңкі көңіл-күй тудыру жолдары, қателіктерден сақтандыру).

  9. Іс-шараны аяқтау кезеңінде берілетін әдістемелік кеңестер (қалай қорытындылау қажет, алынған нәтижелерді пысықтау үшін не істеу керек және т.б.)

  10. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Әдістемелік ұсыным мазмұнына және рәсімделуіне қойылатын талаптар

  1. Әдістемелік ұсынымда міндетті түрде мұқаба, аннотация, мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, әдебиеттер тізімі, тараулары, қажетті жағдайда қорытынды, қосымша болуы тиіс.

  2. Әдістемелік жұмыстың мұқабасында көрсетілетіндер:

  • жоғары ұйым атауы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі) және ұйым атауы;

  • әдістемелік нұсқау үшін – хаттама номері және бекіткен әдістемелік кеңес мәжілісінің жұмыс атауы;

  • оқу әдебиеттерінің түрі (оқу құралы, әдістемелік нұсқаулар, әдістемелік ұсынымдар, зертханалық және практикалқ жұмыстарға нұсқаулық, бағдарламалар және т.б. аталған басылымның кімге арналғаны көрсетіледі);

  • басылым орны және мерзімі.

  1. Мұқабаның ішкі жағында көрсетілетіндер:

  • ОӨЖ классификациялық индексі немесе ББК (сол жақтағы жоғары бұрыш);

  • басылымның библиографиялық мәліметтері (авторлар немесе құрастырушылар, толық атауы, түрі, орны, жылы және басылым бетінің саны);

  • басылым аннотациясы (оқу құралдары үшін);

  • қолжазбаның әдістемелік кеңесте қаралғаны туралы мәлімет (хаттама нөмері, қаралған мерзімі);

  • аталған жұмысты құрастырушы (ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауызымы, тегі, аты, әкесінің аты);

  • жұмысқа пікір жазғандар (ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауызымы, тегі, аты, әкесінің аты). Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, және лауызымы қолданысты қысқартулар ережесіне сәйкес жазылады: доктор –д-р, профессор – проф., кандидат – канд., доцент – доц., биол., тарих., мат., хим. Және т.б. ғылымдардың. Мысалы: т.ғ.д., доц.

  1. Аннотация – мазмұнын, жаңалығын, кімге ұсынылғанын көрсететін қысқаша сипаттама. Аннотацияда (3-4 сөйлем) қысқаша әдістемелік жоспардың кімдерге арналғаны, қандай мәселені көрсететіні, кімге пайдасы тиетіні көрсетіледі.

  2. Мазмұны: берілген мамандық және берілген пән бойынша осы әдістемелік ұсымның оқыту үдерісінде алатын орны мен рөлі; қолданыста жүрген басқа басылымдардан ерекшелігі; басылым кімге арналғаны көрсетіледі.

  3. Кіріспе (1-2 бет) аталған жұмыстың өзектілігін, яғни автор неліктен осы тақырыпты тыңдады және оның білім мазмұнындағы орны қандай деген сұраққа жауап береді. Кіріспе оқырманды мазмұнына, жоспардың проблемасына енуге, тарихи аспектіде орнығуы және дамуын түсінуге жетелейді және т.б.

  4. Әдістемелік ұсыным мазмұнының тақырыбы мен мақсатына нақты сәйкес болуы тиіс. Әдістемелік ұсынымның мазмұны педагогтердің оқыту үдерісін неғұрлым тиімді ұйымдастрыу, техникалық және ақпараттық құралдарын қолдану туралы мәлімет алатындай болуы қажет.

  5. Авторлық (жекеше) әдістер оқулықтар мен оқу бағдарламаларының мазмұнын қайталамауы, зерттеліп отырған құбылыстар мен техникалық нысандарды баяндамауы, жалпы педагогикалық әдебиеттерде берілген сұрақтарды көтермеуі тиіс.

  6. Материал жүйеленген, мүмкіндігінше нақты әрі қарапайым тілмен жеткізілуі тиіс.

  7. Әдістемелік ұсынымның тілі анық, нанымды, сауатты, дәлелді болуы тиіс. Қолданылатын терминология педагогикалық (өндірістік) тезаурусқа сай болуы қажет.

  8. Ұсынылатын әдістер, әдістемелік тәсілдер, оқыту түрі мен құралдары өзінің педагогикалық тәсілі тізбесіне негіздеулі тиіс.

  9. Әдістемелік ұсынымда оқыту үдерісін жүзеге асыруда нақты материалдық және техникалық жағдайы ескерілуі тиіс.

  10. Оқыту үдерісін ұйымдастыруда оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін кеңінен қолдануға бағдарлау қажет.

  11. Әдістемелік ұсыным «Нені оқыту керек?» деген сұрақты түсіндіруі қажет.

  12. Әдістемелік ұсынымда педагог өз жұмысында қолдана алатын нақты материаладар (тапсырмалар карточкасы, үлгілер, сабақ жоспары, зертханалық карточкасы, үлгілер, сабақ жоспары, зертханалық жұмыстар жүргізу туралы нұсқаулық карточка-сызба, тесттер және т.б.) болуы тиіс.

  13. Әдістемелік ұсынымның жалпы көлемі (қосымшаны қоспағанда) компьютермен терілген (шрифт 14) 24 беттен кем болмауы тиіс. Егер әдістемелік жұмыс бір сабақтың үлгісін көрсететін болса, онда 10 беттен кем болмауы тиіс.

  14. Әдістемелік ұсынымның негізгі мазмұнының көлемі барлық қолжазбаның жартысынан кем болмауы тиіс.

  15. Қосымша көлемі шектелмейді, бірақ ол мәтінге сәйкес болуы тиіс (оларға мәтінде сілтеме жасау міндетті).

  16. Мәтінде қолданылған әдебиеттерге жасалған сілтеме квадрат жақшамен белгіленеді. Мысалы, [5], мұнда 5 қолданылған әдебиеттер тізіміндегі реттік нөмері.

  17. Қолданылған әдебиеттер тізімі 10-15 атадан тұрады. Егер әдістемелік жұмыс практикалық сипатта болса, теориялық сілтемені қажет етпесе, онда пайдаланған әдебиеттер тізімін көрсетпеуге болады.

  18. Бөлімдердің саны мен көлемі шектелмейді.

  19. Тараулардың атауы әдістемелік жұмыстың соңында пайдаланған әдебиеттер тізімінен соң берулгені жөн.



    1. Әдістемелік материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар

Мәтін:

  • А-4 форматты қағаз;

  • пішіні – кітап түрінде;

  • шеттері: жоғары, төмен, оң жағы, сол жағы – 2 см.;

  • бет нөмері араб санымен белгіленеді, беттің төменгі жағына ортасына орналасады; мұқаба жалпы белгілеуге кіреді;

  • қаріп – Times New Roman;

  • азат жлдан басталады;

  • жол арасындағы интервал біреу;

  • сөздерді тасымалдауға болмайды;

  • компьютермен терудің негізгі ережелерін сақтау керек.

Мәтін бөлімдер мен бөлімшелерге бөлінеді. Оларға реттік номер беріледі, араб санымен белгіленеді. Бөлім атауларын мәтінде тақырыпшалармен рәсімдейді. Бөлім атауы бас әріптермен теріледі, 14 қаріппен, қаралау әріппен ерекшеленеді, ортаға орналасады. Негізгі мәтін тақырыпшадан бос жол арқылы бөлініп тұрады. Бөлімше атауы азат жолдан басталады. Тақырыпша соңында нүкте қойылмайды. Тақырыпша с\астын сызуға болмайдыф. Әрбір бөлімді жаңа беттен бастау ұсынылады.

Мзмұнында тізбектеліп бөлімдердің, бөлімшелердің тақырыптары беріледі, материал басталатын беттің номері көрсетіледі.

Иллюстрациялар «Сурет» сөзімен белгіленеді және бөлім шегінде номерленеді. Иллюстрация номері бөлім номерінен және иллюстрацияның реттік номерлерінен тұруы тиіс, нүктемен бөлінеді.

Қосымша жұмыстың ең соңында, мәтінде айтылу тәртібімен орналасады. Әр қосымша жаңа беттен басталады. «Қосымша» атауы жолдың ортасына орналасады және реті алфавиттің бас әрпімен белгіленеді. Мысалы, «Қосымша А».



    1. Басылымды жариялауға дайындау тәртібі және реті

Оқу құралының, әдістемелік нұсқаулар қолжазбасының басылымға дайындалған сараптамасы сектордың, бөлімнің мәжілісінде қаралудан басталады. Әрі қарай жұмыс мәжіліс хаттамасының көшірмесімен бірге директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарына ішкі пікір алуға жібереді. Сыртқы пікір екеуден кем болмауы қажет: ұжымдық және жеке.

Әдістемелік нұсқаулар тек ішкі пікірді алады: директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары немесе оқу-ісі жөніндегі орынбасары және осы бағыт бойынша әдіскер. Оң піәкір алған жұмыс ұйымның әдістемелік кеңесі мәжілісінде талқыланады, шешім қабылданады және мәжіліс хаттамасының көшірмесі рәсімделеді.

«Оқу құралы» белгісімен баспаға әзірленген қолжазбаға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми рұқсатын алу қажет.


  1. Қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулар



    1. Нормативтік-құқықтық аспекті

Білім берудегі бүгінгі жағдай оқу бағдарламаларының әр түрлі болуын талап етеді. Бағдарлама – білім алушылардың білім деңгейін айтарлықтай жетістікке жетелейтін және педагогтың кәсіби мәдениетін жетілдіруге даяр екенінің көрсеткіші.

Ең алдымен, бағдарлама – бей-берекетсіздікке, формализмге қарсы күрес құралы. Бағдарлама әзірлеу педагогты өз қызметінің, өзінің педагогикалық ұсыныстарының мәнін ойлануға итермелейді.

Бағдарлама (грек тілінде «өкім») – бұл бірыңғай мақсатқа жетуге бағытталған және нақты мерзімге бағдарланған, іс-әрекетті жоспарды түрде жүзеге асыруды көздейтін нормативті модель, құжат.

«Оқу бағдарламасы» түсінігі жалпыға таныс, бірақ оның мазмұндық толығуы шексіз әрқилығымен ерекшеленеді.

Оқу бағдарламасы туралы сөз болғанда, аталған құжатта мақсат, тақырыптың және оқу жоспары, оларды жүзеге асыру құралдары мен әдістері, нақты білім мекемесі жағдайында нәтижелерді бағалау өлшемі мұқият түрде тіркелетініне ерекше назар аударылады.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 13-бабына сәйкес оқу бағдарламасы білім мазмұнын анықтайды.

Аталған Заңның 14-бабында оқу бағдарламалары мазмұны мен бағыттарына (міндеттеріне) қатысты:


  • жалпы білім беретін (үлгілік, жұмыстық);

  • кәсіптік (үлгілік, жұмыстық);

  • қосымша болып бөлінеді

Үлгілік жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес әзірленеді.

Жұмыстық жалпы білім беретін оқу бағдарламалары тиісті үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді.

Қосымша білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың өзін-өзі билеуін, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғам өміріне бейімделуі, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауды көздейді.

Осы Заңның 23-бабына сәйкес қосымша білім беретін оқу бағдарламалары төмеңдегідей анықталады:



  1. Қосымша білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың және тәрбиеленушідердің білім алу және мәдени қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыруға бағытталған.

  2. Қосымша білім беретін оқу бағдарламалары мазмұнына және бағытына қатысты:

  • білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру;

  • мамандарды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру оқу бағдарламалары болып бөлінеді;

  1. Мемлекеттік білім беру ұйымдары іске асыратын қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын оларға қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын атқаратын органдар бекітеді.

Сонымен, бағдарлама – бұл қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген ереже, әрекет, мақсат, іс-шаралар кешенін белгілейтін кешен. Басқа сөзбен айтқанда, бұл – бағдарламалау үдерісінің нәтижесі.

Бағдарламалау – білім берудің, оны қалыптастырудың стратегиясы мен тактикасын ғылыми негізде анықтау, олардың нақты тарихи жағдайда алыс және жақын арада дамуын болжау үдерісі.

Бағдарламалау тек педагогке ғана емес, бүкіл шығармашылық бірлестіктің іс-әрекетіне қатысты болғандықтан, бағдарлама барлық қатысушыларға олардың бірлескен жұмысына түсінікпен қарауға, олардан қандай нәтиже күтілетінің сезінуге және іске бірігіп жұмылуға көмегін тигізеді.

Оқу тобының немесе балалар ұжымының оқу бағдарламасы – қойылған мақсаты іс-әрекетке сәйкес педагогикалық тұжырымдаманы анықтайтын құжат, онда мақсатқа жетудің шарты, әдістері, технологиялары, сондай-ақ болжанған соңғы нәтиже көрсетіледі; негізделген мақсатқа және білім мазмұнына сәйкес білім беру үдерісін ақпараттық, технологиялық және ресурстық жағынан қамтамасыз ететін, ұйымның құрылымын, жүзеге асыратын ретін анықтайтын құжат.

Жаңа буынның қосымша білім беру бағдарламаларының күрделілігі әр түрлі деңгейді құрайды және педагогке балалармен немесе жеке баламен қажетті жұмыс нұсқасын табуға мүмкіндік береді. Олар қолжетімділігімен, яғни кеңейтуге, нақты педагогикалық міндеттерге сай айтарлықтай өзгертуге келеді, мазмұнымен, әр түрлігігмен, қолдануда икемділігімен ерекшеленеді. Олардың негізінде әлеуметтік мәдени ерекшеліктерге, нақты ұйымның тәртібі мен жағдайына, білім алушылардың әр түрлі топтарының, олардың ата-аналары мен педагогтердің мүдделеріне және мүмкіндіктеріне жауап беретін жұмысты жүргізуге болады.

Қосымша білім беру үшін іске асырылатын бағдарламалардың, шамамен, 80% тәжірибеге бағытталған.

Қосымша білім беру бағдарламалары – іс-әрекет мазмұнының, осы ұйымның педагогикалық ұйымдасчтыру үдерісінің ерекшелігі сипатталатын нормативтік-басқару құжаты. Тек педагогтың ғана емес, бүкіл шығармашылық ұжым әрекетіне қатыстылығын ескерсек, бағдарлама барлық қатысушыларға олардың бірлескен жұмысының мақсатын, олардан нені күтетіні ұғынуға және іске бірігіп жұмылуға көмегін тигізеді.


    1. Оқу бағдарламаларының жіктелуі

Оқу бағдарламаларын дайындайтын педагог оның түрін нақты анықтап алуы қажет. Бағдарламаларды әр түрлі принциптермен жіктеуге болады. Балаларға қосымша білім беруде неғұрлым кең тараған жіктеу бағдарламаны келесідей бөледі.

Үлгілік бағдарламаны міндетті түрде білім берудің мемлекеттік басқару органы бекітеді және қандай да болмасын білім беру саласына немесе қандай да болмасын іс-әрекеттің бағытын үлгі ретінде ұсынылады.

Заманауи үлгілік бағдарлама педагогтың шығармашылығы үшін негіз болу ретінде қарастыру кездейсоқтық емес. Үлгілік бағдарламаны дайындау бүгінгі күні балаларға қосымша білім беруде өзекті мәселелердің бірі болып саналады.



Жаңартылған (бейімделген) бағдарлама – негізіне үлгілік немесе авторлық бағдарлама алынған бағдарлама. Ұйымның және балалар тобының ұйымдасуы мен құрылу ерекшелігін, іс-әрекетті жүзеге асырудағы тәртіп пен уақытша параметрлерін, оқыту мен тәрбиелеудің жекелеген нәтижелерінің қалыптан тыс болуын педагогтың алғашқы бағдарламаға еңдіруінен туындайтын өзгерістері бағдарламаның жаңартылғаның көрсетеді. Бұл өзгерістер оқу үдерісін ұйымдастырудың тұжырымдамалық негізіне, алғашқы бағдарламаның дәстүрлі сабақ құрылымына әсер етпеуі қажет.

Егер үлгілік бағдаламаның үштен бір және одан да көп бөлігі түрін өзгертсе, онда ол жаңартылған бағдарлама болып саналады (өзгертулер алғашқы бағдарламаға тән тұжырымдамалық аспектілеріне, оқу үдерісін ұйымдастыру негізіне, сабақ құрылымына әсер етпейді).

Жаңартылған бағдарлама әдістемелік кеңесте талқыланады және білім ұйымының басшысы бекітеді.

Эксперименттік бағдарламаны педагог оқу үдерісіндегі айтарлықтай қиындықтарды жоюмен байланысты туындаған қандай да болмасын практикалық міндеттерді немесе бұрынғы практикалық жағдайға қанағаттанбау мәселесін шешу мақсатында жасайды. Мұндай бағдарлама мазмұнды, оқытудың ұйымдастырушылық-педагогикалық негізі мен әдістерін өзгертуді, білім берудің жаңа салаларын еңдіруді, жаңа педагогмкалық технологияларды сынақтан өткізуді ұсынуы мүмкін. Егер сынақтан өткізу үдерісінде автордың ұсыныстарында жаңашылдық байқалса, онда тәжірибелік бағдарлама авторлық дәрежені иеленуі мүмкін. Эксперименттік бағдарламамен жұмыс істеуге әдістемелік кеңес пен білім беретін ұйвм басшысы рұқсат беруі тиіс.

Авторлық бағдарламаны педагог немесе педагогтер ұжымы толығымен дайындайды және оған (олараға) зияткерлік құқығы беріледі. Бұл – не алғаш рет еңгізілетін курсты, не автордың дәстүрлі тақырыпты өзіндік тәсілмен оқыту бағдарламасы. Мұндай бағдарлама мазмұны – жаңашылдығымен және өзектілігімен ерекшеленетін білім беру проблемаларын шешуге ұсынылған құралдар жиынтығы. Авторлық бағдарлама эксперименттік те болуы мүмкін, бірақ міндетті түрде жаңалығы мен авторлығы құжат бойынша дәлелді болуы қажет.

Инновациялық потенциалы бойынша авторлық бағдарламалардың келесі үлгілері анықталады:



  • өнертапқыштық – қолданыстағы бағдарламаларды ішінара жетілдіру жолымен алынған бағдарлама;

  • комбинаторлық – бірнеше бағдарламаны біріктіру жолымен алынған бағдарлама;

  • толықтырылған – мазмұны бойынша мүлдем жаңа, қолданыстағы оқу бағдарламаларын толықтыратын бағдарлама;

  • жаңашыл – парадигмалық негізі, ойы, ұсынылған оқыту технологиясының жаңашылдығымен ерекшеленетін бағдарлама.

Авторлық бағдарламаны табысты жүзеге асыру технологиялық қамтамасыз етуді талап етеді, яғни болашақ педагогикалық іс-әрекет жобасының (оқу сабақтары жүйесін тақырыптық жоспарлау), әдістемелік түсініктемесімен қоса тірек сабақтары сценарийлерінің, білім беру стандарттарына бағдарланған тексеру тапсырмалары мен диагностикалық материалдар кешенінің болуы.

Авторлық деп танылған бағдарламаны қолдануға әдістемелік кеңес ұсынып, білім беру ұйымының басшысы бекітеді. Авторлық деген мәртебені, ереже бойынша, білім беруді басқарудың жоғары органы тағайындайды.



Балаларға қосымша білім беретін бағдарламаларын жіктеуді басқа өлшемдер (критерий) бойынша да жүргізуге болады.

Мазмұны бойынша:

  • спорттық-техникалық;

  • ғылыми-техникалық;

  • денешынықтыру-спорттық;

  • көркемдік-эстетикалық;

  • туристік-өлкетану;

  • экология-биологиялық;

  • әскери-патриоттық;

  • әлеуметтік-педагогикалық;

  • оқу-сауықтыру және т.б.

Функционалдық қызметі бойынша:

  • бос уақытын тиімді өткізу;

  • оқу-танымдық;

  • бейін алды даярлық;

  • арнайы;

  • жалпы мәдени;

  • қолданбалы.



Ұйымдастыру түрі бойынша:

  • жеке бағдарлық;

  • топтық;

  • клубтық;

  • үйірмелік;

  • студиялық;

  • көпшілік.

Іске асыру мерзімі бойынша:

  • қысқа мерзімді;

  • жылдық;

  • екі жылдық, үш жылдық;

  • ұзақ мерзімді.

Педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыру мазмұны мен үдерісінің түрі бойынша:

Кешенді бағдарламалар – нақты түрде жекелеген салаларды, бағыттарды, іс-әрекет түрлерін біртұтас етіп біріктіретін бағдарлама.

Кіріктірілген бағдарламалар – тұтастықты осы немесе бөтен бірлік негізінде біріктіретін, қайта қалпына келтіретін бағдарлама.

Модульдік бағдарламаларөз бетінше, тұрақты, тұтас блоктардан тұратын, мазмұны ұйымдастыру тәсілі бойынша құралған бағдарлама.

Үздіксіз бағдарламалар балалардың жас ерекшелігі, топтпғы бала саны, қалыпты жағдайды және т.б. ескерілетін бағыттар бойынша материалмен қамтылады және өлшенеді.

Жалпы дамыту бағдарламалары, ең алдымен, баланың жалпы мәдениетін қалыптастыру, оның өмір және өзі туралы білімін, әлеуметтік тәжірибесін кеңейту жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған. Мұнда баланың танымдық қызығушылығын қанағаттандыру, нақты білім саласы бойынша ақпарат алуын кеңейту, қарым-қатынас дағдысын және бағдарламаны меңгеруде бірлескен әрекетін арттыру көзделеді.

Арнайы бағдарламалар балалардың қабілеттерін ашуға және әрі қарай дамытуға, таңдап алған іс-әрекет бойынша нақты білім мен дағдыларды меңгеруге бағытталады. Бұл бағдарламалар жеке саладағы біліктілікті дамытуға, меңгерген дағдыны іс жүзінде қолдануға машықтануға жетелейді.

Кәсіптік-бағдарлы бағдарламалар балаларды өмірдегі кәсіптік саланың бірімен танысуға, өзінің жеке мамандық таңдауға, кәсіптік білім мен шеберлік негізін үйренуге жағдай тудырады. Бұл бағдарламалар қандай да болмасын пәндік немесе практикалық салада білімділіктің жоғары көрсеткіштерін иеленуді, мәселені тану білігін, міндеттерді айқындау, оларды шешу жолдарын іздеуді қарастырады.

Танымдық бағдарламалар оқытылатын пән бойынша терең білім береді, зияткерлік қабілетін дамытады, балалардың танымдық әрекетін, дүниетанымын дамытуға бағдарланған. Танымдық бағдарламалар төмендегідей болып бөлінеді:

  • өнімді;

  • өнімсіз;

  • шығармашылық;

  • ізденушілік.

Ғылыми ізденуге бағдарланған бағдарлама оқушылардың ғылыми әрекетке деген шығармашылық қабілетін ашады және дамытады, зерттеу жұмысы үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға, өзінің авторлық идеяларын іске асыра алуға бағытталады.

Әлеуметтік бейімдеу бағдарламалары балаларды жағымды әлеуметтік тәжірибені, әлеуметтік рөлдер мен қалыптасқан тәртіпті, құнды бағдарлауды меңгеруге бағыттайды.

Кәсіптік-қолданбалы бағдарламалар бүгінгі күні практикалық іс саласында өзекті болып отырған нақты дағды мен білікті меңгертеді, кәсіби білімді, білікті, дағдылы маманды қалыптастырады.

Спорттық-сауықтыру бағдарламалары салауатты өмір салтын, денсаулықтың алдын-алу және түзету жүйесін дамытуды насихаттайды жән жүзеге асыруға көмектеседі.

Көркемдік дарындылықты дамыту бағдарламалары дарындылықты анықтауға, сақтауға және дамытуға бағытталады.

Бос уақытты тиімді өткізу бағдарламасы жеке тұлғаның бос уақытын белсенді әрекетпен, эмоционалды әрі психологиялық тұрғыда жайлылықпен толықтырады.

    1. Каталог: images
      images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
      images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
      images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
      images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
      images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
      images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
      images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
      images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
      images -> Үлгілік оқу жоспары
      images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


      Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет