Нұсқаулар Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әдістемелік кеңесінде қаралып, баспаға ұсынылған



бет4/4
Дата03.02.2017
өлшемі0,66 Mb.
#8641
1   2   3   4

2.5. Әдістемелік материалдар аннотациясының құрылымы

Оқу бағдарламасындағы көрнекті дидактикалық материалдар төмендегі тәртіппен рәсімделуі қажет.



    1. Оқу бағдарламасында әдістемелік материалдар жай тізім түрінде беріледі:

      • Материалдың атауы;

      • Материалдың түрі;

      • Оқу бағдарламасының тақырыбы, бөлім номері және атауы.

2. Әдістемелік материалдар аннотациясы әдістемелік материалдың атауы мен түрін айқындап қана қоймайды, сондай-ақ оны оқыту үдерісінде қолдану әдістемесін де көрсетеді. Аннотация құрылымдық мәтін (егер материал көп болса) немесе кесте (егер мәтін көп болса және үнемі толықтырылып отырса) түрінде рәсімделеді. Аннотация құрылымы және рәсімделу үлгісі қосымшада берілген. (Қосымша В)

2.6. Қосымша білім беретін оқу бағдарламасына пікір жазу

Бағдарламаға пікір тіркеледі. Екі пікір алу ұсынылады: ішкі (оны бағдарлама әзірлеген ұжымның әдіскері дайындайды) және сыртқы (оны бағдарламада көрсетілген іс-әрекет саласы бойынша тәулсіз сарапшы дайындайды).



Пікірдің үлгі жоспары

1. Құжат тақырыбы:



  • бағдарламаға пікір (атауы);

  • бағдарлама авторының тегі, аты, әкесінің аты;

  • бағдарламаны жүзеге асыратын білім ұйымының атауы.

2. Бағдарламаның жалпы сипаттамасы:

  • білім беру аймағы;

  • пікір берілген бағдарлама іске асырылатын балалар бірлестігінің түрі (студия, ансамбль және т.б.);

  • мекен-жайы (балалар санаты, жасы, әлеуметтік құрамы және т.б.);

  • бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі;

  • жалпы білім беретін мектепте осы тектес бағдарлама бар ма (мазмұндық жағы бойынша салыстыру); пікір берілген бағдарламаның «қосымша» аталуы неліктен;

  • материалды баяндау стилі және сапасы (кәсіби, жүйелі, сауатты және т.б.).

3. Қосымша білім бері жүйесіндегі бағдарламаның өзектілігі және оның жаңалығы.

Бағдарлама құрылымының сипаттамасы (бөлімдерін қысқаша баяндау және оларды талдау):



  • алғы сөз талдау;

  • бағдарламаның мазмұндық бөлігін талдау: сабақтың негізгі тақырыптары қаншалықты толық ашылған;

  • бағдарламаның әдістемелік қамтамасыз етілуін талдау: оқыту нәтижесіне жету үшін қажетті педагогикалық, психологиялық, ұйымдастыру шарттарын автор қаншалықты сипаттаған; мазмұнымен, оқу материалымен, нәтижелерді қадағалау және тіреку жүйесімен; білім алушылардың білімін және дағдысын бағалаумен жұмыс әдісі қаншалықты терең қарастырылған;

  • әдебиеттер тізімін бағалау.

  1. Бағдарлама толықтығы (құрылымдық бөліктер айқындалған ба, бөлім ішіндегі құрамдас бөліктері толық көрсетілген бе).

  2. Бағдарлама тұтастығы (мақсат. міндеттері мен жетістікке жету иәсілі келісілген бе).

  3. Бағдарламаның жетекші идеясы және оны іске асыру жолдары; мазмұнын іріктеудегі тәсіл жаңалығы; ұсынылған әдістеменің шынайылығы; бағдарламаның осы білім беру ұйымына жарамдылығы.

  4. Материалдың берілу сапасы, тілі мен баяндау стилі (анық, нақты, дәлелді, үйлесімді және т.б.).

  5. Пікір берушілер бағдарлама материалының қосымша білім берудің ерекшелігіне қаншалықты сәйкестігін ескеруі қажет:

    • Баланың танымдық әрекетін көтермелеу;

    • Коммуникативтік дағдыларын дамыт;

    • Қарым-қатынастың әлеуметтік мәдени ортасын құру;

    • Жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал ету;

    • өз бетінше әрекет етуге және өз бетінше білім алуға ынталандыру;

    • баланың өмірлік тәжірибесін шығармашылықпен қолдануға көмек көрсету;

    • өзін-өзі кәсіби тұрғыдан анықтауға ықпал ету.

  6. Бағдарламаның қосымшасына сипаттама (әдістемелік жоспар, дидактикалық материал, сабақ өткізу кестесі, келісімшарт түрлері және т.б.).

  7. Педагогтың бағдарлама авторы ретіндегі кәсіби білім мен біліктілігі.

  8. Бағдарламаның жалпы бағасы: жетістігі мен кемшілігі, қателері мен ескерпелері.

  9. Бағдарламаға пікір жазуда лайықты бағасын көрсету қажет, кемшіліктерін жою туралы ұсыныс және балаларға қосымша білім беру жүйесінде қолдануға болатындығы (болмайтындығы) туралы қорытынды беріледі.

Авторлық бағдарламаны сарапаттау үдерісі қорытындыны рәсімдеумен аяқталады, онда мына мәселелер қамтылуы тиіс:

  • Бағдарлама бектілді ме, бекітілмеді ме;

  • Бағдарламаға нақты дәреже беріледі ме (авторлық, жаңартылған, эксперименттік, үлгілік);

  • Бағдарламалық құжат жетілдіруді қажет ете ме;

  • Педагог тәжірибесін тарату ұсынылды ма.

Пікір жазған маман құжат мазмұнын өзі жеке қолын қойып аяқтайды, өзінің толық тегін, атын, әкесінің атын, лауызымын және орнын көрсетеді. (Қосымша Г)

Құжат пікір жазған маманның қолын растап, ұйым мөрімен куәландырылады, екі данамен беріледі.



2.7. Қосымша білім беретін оқу бағдарламасын сараптау бойынша ұсыныстар

Оқу бағдарламаларын сараптаудың мақсаты және мазмұны оның балалардың қосымша білім беру мазмұнына, бейінінің ерекшелігіне, сондай-ақ ұсынылып отырған әдістемелік материал түріне сәйкестігін айқындау болып табылады. Бағдарламаны сараптаудың негізгі принциптері мыналар:



  • ашықтық;

  • жариялылық;

  • бірыңғай талап;

  • педагогикалық этиканы сақтау;

  • білім ұйымдарын дамытуға бағытталғандығы.

Бағалау өлшемдері:

  1. Берілген материалдың жаңалығы мен өзектілігі.

  2. Жұмыстың осы бағыты бойынша мазмұнын, құралдарын, әдістері мен түрлерін іріктеудегі педагогикалық мақсаттылығы.

  3. Ұлттық-аймақтық ерекшеліктерді ескеру.

  4. Тақырыпты даййындауға шығармашылық тәсілді қолдану.

  5. Осы білім ұйымында іске асырылатын жобалардың, бағдарламалардың нәтижелігі.

  6. Баланың дара дамуының мүмкіндігі.

  7. Берілген бағдарламаны, жобалалар мен әдістемелік материалдарды басқа білім ұйымдарында қолдану мүмкіндігі.

  8. Педагогикалық жабдық (инструментарий).

Оқу бағдарламасының жетістіктері мен кемшіліктерін бағалау барысында:

  • берілген бағдарламаның өзектілігі;

  • бағдарламаның білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қосымша білім нормалары мен талаптарына сәйкестігі (оның қызметі және лайықтылығы);

  • білім ұйымының саясаты (бағдарлама білім алушылар мен тәрбиеленушілерді шығармашылық әрекетке тартуда жалпы жүйенің құрамдас бөлігі болуы тиіс);

  • осы бағыт бойынша білім ұйымдарында қолданыста жүрген басқа бағдарламалармен үйлесімділігі;

  • жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламаларымен сабақтастығы және келісімділігі;

  • мақсат пен міндеттердің озара байланысы; баланың жеке тұлғасының шығармашылығы мен қабілеттерінің үйлесімді дамуын жүзеге асыру; өз бетінше білім алуға деген сұранысын тәрбиелеу;

  • жетекші теориялық және педагогикалық идеялар, білім мазмұнындағы пәнаралық байланыс; ғылымилық дәрежесі мен практикалық мәнділігі;

  • технологиялығы ( педагогикалық практикада қолдану үшін қолжетімділігі);

  • оқылатын пәннің жалпы педагогикалық принциптері мен тиесілі заңдылықтары : ғылымилық, жүйелілік, қолжетімділік, үдемелі және тұрақтылық, теория мен практика байланысы;

  • мазмұн, білім, білік, дағды және әрекет түрінің озара байланысы;

  • бағдарлама құрылымы; материалды баяндаудағы үйлесімділік ескерілуі қажет.

Іске асырылу мерзімі 2-3ь жылдық бағдарламалар басымдылықпен қолданылуы тиіс.

Қосымша А

Алғы сөз

Бағдарлама (атауы ) мазмұндық, тақырыптық бағыты бойынша___________; функционалды қолданысы бойынша___________; іске асырылу мерзімі бойынша_____________болып табылады.

Бағдарлама (атауы) бастауыш сынып оқушылары (10 жас), негізгі мектепте білім алушылар, жоғары сынып оқушылары, гуманитарлық бейінді сынып оқушылары (11), сондай-ақ пәндік қызығушылық танытқан дарынды оқушылар үшін қолдануға арналған және қосымша теориялық даярлықты (әдебиет, технология және т.б.) қамтамасыз етуге бағытталған.

Бағдалама мазмұны жеке тұлғаның шығармашылық мәдениетін қалыптастыруға, білім алушыларды жалпы адамзаттық құндылықтарға (өз шығармашылығы арқылы) баулуға және өткен тәжірибені меңгеруге бағытталған. Бағдарлама мазмұны білім алушылардың ұғымын (көркемдік стиль мен өенр бағыттары туралы) кеңейтеді, таныстырады (өнер тарихымен, ұлы суреткердің атымен), қалыптастырады (үйлесімдік сезімін).

Аталған курсты оқып-үйрену_______________________________байланыста өзекті.

Аталған бағдарламаның өзектілігі оның практикалық мәнділігіне тәуелді. Балалар алған білімдерін және практикалық тәжірибелерін өмірде қолдана алады (жобамен жұмыс істеуге, олимпиаадаға дайындалуда).

Қабілетін (әдебиеттанулық талдау) қалыптастыру негізінде білім алушылар әрекетініңбасты екі түрі жатыр: шығармашылық практика және теорияны (әдебиеттану) оқып-үйрену.

Шығармашылық білім үшін қажетті құндылық, ең алдымен, оның жүйелілігімен, жеткші құрылым түзегіш элементімен (мәтін) анықталады. Басқа элементтерді екі топқа бөлуге болады: тілдің көркемдік-мәнерлі құралы, көркемдік мәәтін құрылымы.

Берілген сызба әрбір элементтерді көпқырлы функционалды байланыстардың призмасы арқылы көруге мүмкіндік береді. Одан басқа бұл сызба әрекетті қалыптастыру (аналитикалық) моделі қызметін атқарады, сондықтан сызбаны аталған бағдарлама аясында теорияны оқып-үйренудің негізіне алу толығымен заңды.

Білім ұйымында ( білім ұйымының атауы) қабылдаған оқу жоспарының тұжырымдамасына сәйкес курс бағдарламасы _____________сағатқа есептелген. Сабақтың өту мерзімі аптасына___________рет (топқа бөлінеді немесе топқа бөлінбейді).

Аталған курстың (бағдарламаның) мақсаты________________________________________________болып табылады. Оқу тақырыптарын меңгеру төмендегі міндеттермен анықталады (білімділік, дамытушылық, тәрбиелік!):

оқып-үйрену___________________________________________________

анықтау_________________________________________________________

меңгеру_________________________________________________________

иелену__________________________________________________________

айыра білу қабілеті_______________________________________________

зерттеу біліктілігін игеру__________________________________________

қызығушылығын арттыру_________________________________________

тәрбиелеу_______________________________________________________

дамыту_________________________________________________________

Бағдарлама құрылымы______________білімдік (теория, рактика, жоба) блоктардан тұрады. (Курс мазмұны____________тақырыптық модульге біріктірілген, олардың әрқайсысы жеке міндеттерді жүзеге асырады).

Барлық білімділік блоктар тек қана теориялық білімдерді меңгеріп қоймай, практикалық тәжірибе әрекетін қалыптастырады.

Практикалық міндеттер балалардың шығармашылық қабілеттерін, авторлық модель құра білу білігін дамытуға ықпал етеді (немесе_____________ Практикалық жұмыс негізінде_____________ құру жөніндегі шығармашылық тапсырмаларды орындау жатады). __________жастағы балалар ұсынылған тапсырмаларды_________( әсерлі-көрнекті) деңгейде орындауға қабілеттеі.

Атлған курс бойынша әрбір білімділік блоктарда оқыту нәтижелеріне жетіп отырады.

Мазмұнын жоспарлауға қорытынды (бақылау) тапсырмалар (сабақ) кіреді, ол әрбір тақырыптық блокта оқып-үйрену соңында (бағдарлама бойынша жұмыс аяқталған соң) өтеді.

Мазмұнын меңгеру оқу жетістігінің екі дейгейін болжайды: базалық және жоғарытылған. Бұл деңгейлердің талаптары курстың оқу бағдарламасына сәйкес анықталады.

Бағдарлама (атауы) бойынша жұмыс нәтижесінде білім алушылар білуі тиіс:________________________________________________________ істей алуы тиіс:______________________________ , өмірлік-практикалық келесі міндеттерді шешуге қабілетті:_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________.

Қосымша Б

Қосымша білім беретін оқу бағдарламасын рәсімдеу үлгісі

Білім басқармасының жоғары органы

Білім беру ұйымы (білім беру ұйымының толық атауы)

Бекітемін:

Білім беру ұйымының директоры

__________тегі, аты, әкесінің аты

«__»_____________20__ж.

Бағдарлама (білім беру ұйымының атауы)

Әдістемелік кеңесі мәжілісінде қаралған

«___»_________20___ж. №____хаттама

«_________________________» (атауы)

қосымша білім беретін оқу

БАҒДАРЛАМАСЫ

______жастағы білім алушылар үшін

бағдарлама жүзеге асырылатын мерзім______жыл

Иванов М.И.

қосымша білім педагогы

(білім беру ұйымының атауы)

Қала (елді мекен)

2011 ж.

Алғы сөз

Мәтін


Тақырыптық оқу жоспары (оқыту жылы бойынша)

Мәтін


Бағдарлама мазмұны

Мәтін


Әдебиеттер тізімі

Мәтін


Қосымша

Мәтін


Қосымша В



р/с

Әдістемелік материалдың атауы

Әдістемелік материалдың түрі

Бағдарлама тқырыбы және бөлімдері

Әдістемелік материалдың мазмұндық құрылымы

Әдістемелік материалдың мазмұндық жүктемесі

Әдістемелік материалдың пайдалану әдісі

Әдістемелік материалдың пайдалану нәтижелілігі







Плакат-сызба

II бөлім_______

Тақырып 3.2.

____________

Плакатта сызба түрінде

көрсетілген

Плакат-сызба білім алушыларға_________________

көзбен шолуды ұсынады

Жаңа материалды түсіндіру барысында көрнекі құрал, сабақты бекіту кезінде – жұмыс кестесі, білімін тексеру барысында – мәтіндік материал ретінде пайдаланылады.

Аталған плакат-сызбаны пайдалану кезінде баланың ______

Туралы толық түсінігі қалыптасады. Өткен материалды қайталау кезінде аталған сызбаны пайдалану қайталап түсіәндіруді қажет етпейді.


























Қосымша Г

Қосымша білім беретін оқу бағдарламасына ПІКІР

Білім беру ұйымы________________________________________________

Автор__________________________________________________________

Бағдарлама_____________________________________________________

  1. Өзектілігі____________________________________________________

  2. Ғылыми-әдістемелік деңгейі____________________________________

  3. Бағдарламаның жаңалық дәрежесі______________________________

  4. Ғылымилығы_________________________________________________

  5. Ішкі бірлігін бағалау және әдіснамалық негізінің сипаттамасы_____________________________________________________________________________________________________________

  6. Ғылыми ұсыныс пен қорытындының, әрбір нәтиженің негізділігі және шынайылық дәрежесі__________________________________________________________________________________________________________________

  7. Практикалық мәнділігі________________________________________

  8. Жұмыстың аралық және қорытынды нәтижелерінің түрі мен әдістері___________________________________________________________________________________________________________________

  9. Рәсімделу талаптарына сәйкестігі______________________________

  10. Қолдану бойынша ұсыныстар________________________________________________________________________________________________________________

Пікір жазған_______________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты, лауызымы, дәрежесі, атағы, қала)
Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет