НұСҚаулар сарбаздарға берілетін психологиялық педагогикалық



бет5/8
Дата05.05.2023
өлшемі40,26 Kb.
#176128
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
САРБАЗДАРҒА МІНЕЗДЕМЕ

3.2. Өзіне сенімділік:

  1. Өзгелермен ешқашан кеңеспейді, тіпті бұл қажет болған жағдайдың өзінде өзге адамдардың кеңесін қажет етпейді;

  2. Тапсырылған жұмысты өзгенің көмегінсіз орындайды. Көмекке қажет болған жағдайда ғана көмек сұрайды;

  3. Кейде қйын жұмыстарды орындайды, өзі атқаралатын жұмыстарды орындау үшін де өзгелерден көмек сұрайды;

  4. Өзіне жүктеген жұмысты өзі атқара алатын жағдайдың өзінде өзгелердің көмегіне, қолдауына жиі жүгінеді;

  5. Қарапайым жұмыстың өзін орындау үшін, жиі өзгелердің көмегіне сүйенеді;

3.2. Өзін-өзі бақылауы

  1. Өзгенің сынын шдамдылықпен тыңдай алады, өзінің іс-әрекеті мен жұмыстарына әділ баға береді;

  2. Көп жағдайда әділ сынды дұрыс қабылдайды, дұрыс кеңестерді назарға алады;

  3. Кейде әділ сынды тыңдап, өз іс-әрекетінің барысында оларды есепке алуға тырысады;

  4. Сын мен кеңестерге дұрыс назар аудармайды, бірақ кемшіліктерді түзетуге тырысады;

  5. Кез-келген сынды терістейді. Өзінің кемшіліктері көрсетліген нұсқамаларды қабылдамайды, оларды түзету үшін ештеңе жасамайды;

3.3. Өзінің күшін бағалай алуы

  1. Өз күші мен мүмкіндігін әркез дұрыс бағалай біледі. Әркез өзінің шамасы келетін жұмыстарды алады;

  2. Тапсырманың күрделілігі мен өз күшінің мүмкіндігін дұрыс бағалай біледі;

  3. Өзіне жүктелген жұмыстың күрделілігі мен өзінің күшін дұрыс бағаламайды;

  4. Көп жағдайда өз күші мен тапсырылған жұмыстың күрделілігін дұрыс бағалай алмайды;

  5. Өзіне тапсырылған жұмыс пен өз күшін ешқашан дұрыс бағалай аламайды;

3.4. Алғашқы болуға және жетістікке ұмтылуы

  1. Әрқашан, барлық іс-әрекетте бірінші болуға тырысады және қол жеткізеді;

  2. Көптеген салалар бойынша бірінші болуға тырысады, қандайда бір салаға ерекше көңіл бөледі;

  3. Өзін қызықтырған қандайда бір салада еңбек етіп, елді мойындатады;

  4. Қандайда бір сала бойынша жетістікке жетуге жиі тырыспайды, жағдайға тез қанағаттанады, «ортаншыл».

  5. Қандайда бір жағдайда болсын бірінші болуға тарыспайды, өз іс-әрекетінің өзіне қанағаттанады;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет