НҰСҚаулар талдықорған қаласы 2017 жыл ономастика саласына қатысты



бет3/17
Дата31.12.2019
өлшемі198,61 Kb.
#53909
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Қосымша мәлімет


Нұрмолда Алдабергенов (20.12.1906ж.-17.11.1967ж.) - екі мәрте Социалистік Еңбек Ері (1948, 1958), Қазақстандағы колхоз құрылысын алғаш ұйымдастырушылардың бірі, қоғам қайраткері, туған жері Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қарағаш ауылы, Желдіқора қыстауы.


Жетістіктері

  • 1927-1930 Түркістан-Сібір темір жолын салуға қатысқан.

  • 1930-1933 Талдықорған облысы «Жаңа талап» ұжымшарында колхозшы, бригадир.

  • 1942 жылы ол басқарған ұжымшар еңбеккерлері қант қызылшасының әр га-нан 365 ц, астықтың әр га-нан 13,7 ц өнім жинады.

  • 1942-1945 Ұлы Отан соғысына қатысқан.

  • 1947 ж. Алдабергеновтің басқаруымен Жетісу өңірінде тұңғыш су электр станциясы салынды. Мұқыры ауылында тұрғын үйлер, орталық мәдениет үйі, тұрмыс қажетін өтейтін орталық, сауда орталығы, балалар бақшасы, орта мектеп, аурухана құрылысы салынып, пайдалануға берілді. Ол ауыл шаруашылығында егіншілік мәдениетін арттыру және мал тұқымын асылдандыру ісінде ғылым жаңалықтары мен озат тәжірибені өндіріске батыл енгізіп, жоғары өнімге қол жеткізді, сөйтіп ұжым экономикасын күрт жоғары көтерді. Ұжымшарда озат тәжірибе мектебі тұрақты жұмыс істеді, асыл тұқымды мал фермалары құрылды, ауылда қала үлгісінде құрылыс салу тұңғыш жүзеге асырылды.

  • 1945-1950 Талдықорған облысы «Жаңа талап» колхозының председателі.

  • 1950-1961 жылдары Сталин атындағы (кейін Н.Алдабергенов атындағы) іріленген ұжымшардың төрағасы.

  • 1965-1967 жылдары «Карл Маркс» атындағы ұжымшардың төрағасы болып істеді.

  • Үшінші және төртінші сайлауда ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты.

  • Бесінші сайлауда КСРО Жоғарғы Советінің депутаты.

  • Қазақстан КП-ның жетінші, сегізінші, оныншы съездерінде ОК мүшесі болып сайланды.

Есімі берілген жерлер

  • Талдықорған қаласы мен Қарабұлақ ауылында орталық көше.

  • «Шұбар» мектебіне Алдабергенов есімі берілген.


Наградалары

  • Екі мәрте Ленин оредені

  • Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендерімен

  • 6 рет Халық шаруашылығының жетістіктері көрмесінің Үлкен Алтын медалімен марапатталған.

  • Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері (1948, 1958)

  • Медальдар

Алматы облысы Көксу ауданы Еңбекші ауылдық округі

Қаратал ауылына қарасты Садовая көшесі тұрғындарымен өткізілген қоғамдастық жиынының

1 хаттамасы


Кеңарал ауылы 2014 жылғы 1 сәуір
Төрағалық етуші *****
Хатшы *****
Қатысқандар: қоғамдастық мүшелері 10 адам, көше тұрғындары 70 адам (тізім бойынша);

Шақырылғандар:

  1. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы А.Стамшалов;

  2. Аудандық БАҚ өкілдері.


Күн тәртібі:
Еңбекші ауылдық округі Кеңарал ауылына қарасты Садовая көшесінің атауын Нұрмолда Алдабергенов көшесі деп өзгерту туралы түскен ұсынысты қарау.
Ауылдық округ әкімі ***** сөз сөйлеп, жиналған көше тұрғындарына Садовая көшесінің атауын Нұрмолда Алдабергенов көшесі деп өзгерту туралы ұсыныс түскенін хабардар етті. Нұрмолда Алдабергеновтің еңбек жолына тоқталып, жалпы атауға этимологиялық түсінік берілді. Сондай-ақ, атаудың бүгінгі қоғамдық өмірдегі маңызына тоқталды (ауылдық округі әкімінің сөйлеген сөзі қосымша тіркеледі).

Сөйлегендер:

Ардагерлер кеңесінің төрағасы *****:

    • Қымбатты жерлестер! Ауыл, көше атауына өзгерістер енгізу, жер-суымызға тарихи атауларын қайтару арқылы өмір сүріп отырған қоғамның талабына сай қадам баспақпыз. Ауыл ақсақалдарының Нұрмолда Алдабергеновтің есімін берсек деп тұрғындар атынан жасаған ұсыныстары көңілге қонымды. Өткенге құрметпен қарауды жас ұрпаққа үйрету – біздің міндетіміз. Сол себепті де барлығыңызды осы ұсынысты қолдауға шақырамын.

Мектеп директоры *****:

    • Қымбатты ауылдастар! Тарихымыздың жабулы беттерімен таныса отырып, халқымыздың сан қырлы өмір жолына терең көз жүгіртуге қол жеткен уақытта найзаның ұшымен, білектің күшімен кең-байтақ жерімізді біздерге мұра етіп қалдырған ата- бабаларымыздың атымен елді мекендерді, көшелерді тарихи атымен атау – біздің азаматтық борышымыз. Нұрмолда Алдабергенов көшесі деп атау көптің көңілінен шығады деген сеніммен ұсынысты қолдайтынымды білдіремін. Сіздер де қолдайды деп ойлаймын (3-тен жоғары адамның сөйлеген сөзі берілуі керек).

Ұсынысты қолдап дауыс бергендер саны - 75 адам, қарсы дауыс бергендер саны - 5 адам.

Қабылданған қаулы:

Еңбекші ауылдық округі Кеңарал ауылына қарасты Садовая көшесінің атауын Нұрмолда Алдабергенов көшесі деп қайта атау туралы ұсыныс мақұлдансын.

Тиісті құжаттары жинақталып, облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылсын.

Төрағасы *****
Хатшы *****

Көксу ауданының әкімі **************

Ұсыныс
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 138 қаулысының 13-тармағына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Еңбекші ауылдық округі Кеңарал ауылына қарасты Садовая көшесінің атауын Нұрмолда Алдабергенов көшесі деп өзгерту туралы ұсынысты облыстық ономастика комиссиясы отырысының қарауына енгізуіңізді сұраймын.

Қосымша:


    • қоғамдастық жиынының өтетіндігі туралы хабарландыру;

    • қоғамдастық жиынының қорытындысы туралы хабарландыру;

    • хаттама көшірмесі 2 парақ;

    • түсіндірме жазбаша хат 1 парақ;

    • экономикалық есеп-қисап 1 парақ;

    • схемалық карта;

    • қосымша мәліметтер.


Еңбекші ауылдық округінің әкімі *****
Орындаған *****

Тел.: *****



Көксу ауданы

мәслихатының хатшысы

********

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 138 қаулысына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, аудандық мәслихаттың күн тәртібіне Еңбекші ауылдық округі Кеңарал ауылына қарасты Садовая көшесінің атауын Нұрмолда Алдабергенов көшесі деп өзгерту туралы мәселені енгізуіңізді сұраймын.

Қосымша:


    • хаттама көшірмесі 2 парақ;

    • түсіндірме жазбаша хат 1 парақ;

    • экономикалық есеп-қисап 1 парақ.


Көксу ауданының әкімі *****

Орындаған ****

Тел.: *****

Алматы облысы

әкімінің орынбасары,

облыстық ономастика

комиссиясының төрағасы

*******

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 138 қаулысының 14-тармағына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Көксу ауданы Еңбекші ауылдық округі Кеңарал ауылына қарасты Садовая көшесінің атауын Нұрмолда Алдабергенов көшесі деп өзгерту туралы ұсынысты облыстық ономастика комиссиясы отырысында қарап, қорытындысын беруіңізді сұраймыз.

Қосымша ___ бет.
Көксу ауданының әкімі *****

Орындаған *****

Тел.: *****

Алматы облысы

әкімінің орынбасары,

облыстық ономастика

комиссиясының төрағасы

*********
Көксу ауданы Еңбекші ауылдық округі Кеңарал ауылына қарасты Садовая көшесінің атауын Нұрмолда Алдабергенов көшесі деп өзгертуге жұмсалатын қаржы шығындары 15 500 (он бес мың бес жүз) теңгені құрайды.

Қаражат жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.



Көксу ауданы

әкімінің орынбасары *****

Орындаған *****

Тел.: *****

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАША ХАТ
Құдыс Әбсәметұлы Әбсәметов 1920 жылы 1қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданы қазіргі Аққайнар бұрынғы Прудки ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1939 жылы алғаш мектеп табалдырығын аттап, 1934-1935 жылы төртінші сыныпты мақтау қағазымен бітіреді. Осы жылы Амангелді ауылындағы жеті жылдық мектепке қабылданып, 1937 жылы бұл мектепті де үздік бітіріп шығады. Жетіжылдық мектепті аяқтаған соң 1937 жылы Алматы қаласындағы педагогикалық училищеге қабылданып, 1939 жылы білімін одан әрі жетілдіру мақсатында Абай атындағы мұғалімдер институтының тарих факультетіне оқуға түседі. 1941 жылы 1 шілдеде жоғары оқу орнын қызыл дипломмен бітіріп, қыркүйек айынан бастап өз ауылындағы мектепке мұғалім болып орналасады.

Жарты ай өткен соң әскер қатарына шақырылады. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатыса жүріп, артиллерия училищесінде оқып, взвод командирі, батальон командирінің орынбасары, подполковник міндетін атқарады. Майдандағы ерлігі үшін «Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз» ордендерімен және «Жеңіс» медалімен марапатталады. 1946 жылы ауылға оралысымен Прудки мектебінің директоры, бұдан кейін «Новая жизнь» колхозының бастауыш партия ұйымының партия нұсқаушысы болып тағайындалады. 1949 жылы аудан орталығындағы бұрынғы Крупская қазіргі Т. Рысқұлов атындағы қазақ орта мектебіне директор болып ауыстырылады.

Бұдан кейін Қарақыстақ, Қарғалы орта мектептерінде оқу-ісінің меңгерушісі, мектеп директоры қызметтерінде болады. Өзі қызмет атқарған жылдары Қарғалы ауылынан жаңа типті мектептер салынуына, мұғалімдердің тұрғын үймен қамтылып, материалдық жағдайларының көтерілуіне үлес қосты. Осындай ерен еңбегінің арқасында 1977 жылы Құдыс Әбсәметұлы «Ленин» орденімен марапатталды. 1978 жылы Қ. Әбсәметов басқарған мектеп одақ бойынша барлық мектептерге үлгі етіп көрсетіліп, «Социалистік Еңбек Ері» атағы беріледі. Сонымен қатар екінші рет «Ленин» орденімен марапатталып, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталады.

Құдыс Әбсәметұлы 2007 жылдың 15 қаңтарында 86 жасында дүниеден өтті. Ұлы Отан соғысының ардагері, Алматы облысының және Жамбыл ауданының Құрметті Азаматы.



Құдыс Әбсәметұлы Әбсәметовтің білім саласына сіңірген қажырлы еңбегін ескере отырып, «Қарғалы ауылындағы №1 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығы» мемлекеттік мекемесіне есімін беру жөніндегі ұсыныс қолдау табады деген сенімдеміз.

Көксу ауданы

әкімінің орынбасары *****



КӨКСУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ
ШЕШІМ
2017 ж. « » №___

КӨКСУ АДАНЫНЫҢ

ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ
2017 ж. « » №___


Еңбекші ауылдық округі Кеңарал

ауылына қарасты Садовая көшесін

Нұрмолда Алдабергенов көшесі деп

қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-1 бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 138 қаулысының 14-тармағына сәйкес Көксу ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Еңбекші ауылдық округі Кеңарал ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып қарасты Садовая көшесінің атауын Нұрмолда Алдабергенов көшесі деп қайта атау туралы түскен ұсыныстың облыстық ономастика комиссиясының отырысында қаралуы сұралсын

2. Осы бірлескен Көксу аудандық мәслихатының шешімі мен Көксу аудандық әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары ***** (келісім бойынша) жүктелсін.


***** ауданы мәслихаты сессиясының төрағасы

_______________ (аты, тегі)


***** ауданының

әкімі

___________________ (аты, тегі)

***** ауданы мәслихатының хатшысы

_________________ (аты, тегі)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет