Байланысты: Н с аулары «Білім берудегі менеджмент»
10- тақырып: Технологиялық тәсіл негізінде мектепті басқару
Жоспары: Мектепішілік басқару жүйесі ұйымдық құрылымы мен қызметі ретінде
Педагогикалық кеңес, мақсаты мен міндеттері, қызметі және өкілеттілігі
Мектепті технологиялық тәсілмен басқарудың түйіні
XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басы қазақстандық білімге үлкен қиындықтар туғызды, соның ішінде ең негізгі: ол - сана сезімнің өзгеруі мен білімге деген дәстүрлі көзқарастың орнына жаңа педагогикалық тұжырымдамалық көзқарастың қалыптасуы болып саналады.
Қазіргі таңда қазақстандық білім, жаңашыл және эксперименталды іс-шараны талап етіп отыр. Нарықтық экономиканы қалыптастыруда, қоғамда әлемдікенімнің сапалығын талап қою кезінде, әрине білім саласы да тыс қалуы мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының дүние жүзілік білім кеңестігіне енуі, қоғам дамуындағы жаңа бағыттар мен нарықтық қарым-қатынастар, еліміздін болашағы, бүгінгі мектеп оқушыларын оқытуға жаңаша міндеттер қойып отыр. Мұның өзі әрбір мұғалімнің оқу үрдісін қайта қарауды талап етіп отыр. Ең басты мақсат - нәтижелі оқыту, бірақ орталықтандырылған білім жүйесімен салыстырғанда нәтижелі оқыту дегеніміз, ол оқушының құзырлық қабілеттілігін қалыптастыру.
Бүгінгі қоғам, бәсекелесттіке дайың белсенділігі артқан, ерекше сын көзқарасы, өзіндік тұлғалық қасиеті бар оқушыны талап етеді. Сондықтың біз қазіргі таңда тек қана білімді ғана емес біліктілігі мен икемділігі немесе құзырлық қабілеті бар азаматты оқытып шығаруымыз қажет. Осындай оқушыны тәрбиелеп оқытатын мұғалім де жаңаша ойлайтын, зерттеуші, әдістемелік мәдениеті қалыптасқаң өзіндік нәтижесін жобалай білетің сол нәтижеге жету жолдарын қамти алатын деңгейде болуын қалайды.
Қазақстан Республикасының соңғы жылдары қабылданған құжаттарында соның ішінде Қазақстан Республикасының білім дамыту Концепциясы 2015 ж. дейінгі және Қазақстан Республикасының білім дамыту Бағдарламасында 2005-2010 ж., ең негізгі көңіл - әлемдік тәжіребиеден өткен европалық елдер қабылдаған Тоtal Qиаlіtу Маnаqеmеnt (Сапалы білімді басқару тұжырымдамасы) басқару тұжырымдамасы негізгі болып тұр)
Мұғалімдердің базалық білімі мен біліктілігін арттыру негізінде осы тұжырымдама алынып отыр.
Әдістемелік жұмыс, ол - педагогикалық ғылыми-теориялық, жалпы мәдени, психологиялық-педагогикалық дайындығың кәсіби шеберлігін көтеруге бағытталған жүйелі, жеке және ұжымдық жұмыс. Мұғалімнің кәсіптік дәрежесін арттырудың жолдарын қарастыратын әлемдік педагогикалық ойларды жинақтай келіп, ғалым Ш. Таубаева мынандай қорытынды жасады: «Педагогикалық кәсіптік қызығушылық қызметті бағдарлауда, танымдық қажеттілігі туындайды, ал ол жоғары кәсіптік қажеттілікке тек мұғалімнің жеке өз басының ұмтылуы арқылы қалыптасады».
Осыған орай мұғалімдерге мынандай әдістемелік талаптар қойылуда:
1. Педагогикалық - психологиялық денгейін көтеру;
2. Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларды, әдістемелер мен тәсілдерді зерттеп меңгеру және оның өзінің кәсіптік жұмысында қолдана білу.
3. Мүғалімнің педагогикалық-кәсіптік оң көзқарасы мен құндылықтарының қалыптасуы әрі оның тұрақтылығына жету.
4. Өз білімін көтеруге, шығармашылық жұмыс атқаруға ынталандыру, қажетті жағдайлар туғызу, педагогтарды ақпараттық жағынан қамтамасыз ету.
5. Авторлық бағдарламалар, әдістемелік құралдар, мақалалық ізденістер жасауға ұмтылдыру, қызықтыру, ынталандыру.
6. Педагогтар жұмысында еңбекті ғылыми ұйымдастыруда әр мұғалімнің күнделікті ісіне енгізу.
Коғамның қойылған талабына сай белсенді де білікті де оқушыны тәрбиелеу, әр мұғалімнің бүгінгі таңдағы міндеті, сол себептен әр мұғалім өз сабағын осыған бейімдеу қажет екені сөзсіз.
Қазіргі танда әлемдік оқу үрдісінің өзегі - жаңа технологиялар.
Олар:
1. Модульдық технология.
2. Дамыта оқыту технологиясы.
3. Деңгейлеп оқыту технологиясы.
4. Триз технологиясы.
5. Сын тұрғысынан ойлау, т.б.
Осындай технологияларды қолдануда әрбір мұғалім өзінің біліктілігі мен шеберлігін көрсете білсе, онда ол мұғалімнің кәсіптік шеберлігі арттады.