Нұсқаулары «Білім берудегі менеджмент»



бет25/35
Дата25.12.2022
өлшемі0,69 Mb.
#164317
түріНұсқаулар
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35
Байланысты:
Н с аулары «Білім берудегі менеджмент»

Екіншіден, мониторинг жүргізетін адамдардың даярлығы және олардың кәсіби шеберлігі, егерде ондай адамдар болмаса белгілі қолданыста бар әдістер пайдалану.
Үшіншіден, өлшеу кезінде адамдардың ауысуы.
Төртіншіден, кезеңділігі: зерттеу жұмыстары кезінде жыл мезгілдерін ескеру, себебі жартыжылдықтың, тоқсанның аяғында ұжымның шаршандығын, тез күйгелектенуін байқауға болады.
Бесіншіден, индикаторлардың мәнділігі және ауысымдылығы.
Алтыншыдан, ағымды ақпараттағы қателіктер: ұжым мүшелерінің ақпараттануы біздің ойымыздағы түсініктермен және нақты жағдайлармен сәйкестенбеуі.
Жетіншіден, мониторингке қатысушылардың іске деген мотивациясы: ұжымдық мәдениет, ұжымдағы қарым –қатынас.
Сегізіншіден, мониторинг кезіндегі өзгерістер: табиғи, әдейі ойластырылған.
Тоғызыншы, топтың аймақтық -әлеуметтік ерекшеліктері: мысалы, сыныпты алатын болсақ, оның демографиялық - әлеуметтік сипаттамасымен ескеру.
Мониторинг нәтижелері жалпы мектеп, сынып, оқушы, оқытушы, пән негізінде жыл бойына жылжымалы, салыстырмалы түрде қарастырылады.
Мониторинг нәтижелерін талдау негізінде диограммалар жасаслады.Мониторинг нәтижелерін әкімшілік педагогикалық ұжымға жеткізуге тиісті. Нәтижесінде мектепте мониторинг жүйесінің компьютерлік қоры жасалады.


8- тақырып: Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін жоспарлау
Жоспары:

  1. Жоспарлау – мектепті басқарудың функциясы ретінде

  2. Мектеп жұмысын жоспарлаудың барлық түрлері

  3. Мектепті басқарудағы мектеп құжаттарының ролі

Мектеп жұмысының жоспарын дайындау оның орындалуыныңшынайылығын, нақтылығын, үздiксiздiгiн қамтамасыз ететiн бiрқатарталаптарды сақтауды қажет етедi. Ол ең алдымен мақсатты бағытының талабынсақтауға байланысты. Мақсатты бағыттылық дегенiмiз белгiлi бiр мақсаттықондырғы деп бағалауымыз керек. Оның мәнi педагог және оқушылар ұжымыжұмысының негiзгi бағыттарын дамытып және тереңдетiп, мектеп жұмысыныңбарлығы тәжiрибесiн есепке алу деген сөз. Бұл мұғалiм, сынып жетекшiсi,
қоғамдық ұйымдар әрекетiне және мақсаттар қою болып табылады.Жоспарластыруға қойылатын перспективалық талап бiрiншiден мақсаттыңжақындығы, түсiнiктiлiгi, қолайлылығы сияқты сезiмдiк сипатын бiлдiрсе,екiншiден стратегия ретiнде мақсаттың ұзақ мерзiмдiлiгiн, сонымен бiрге iскеасыруға болатын шынайылығын танытады. Ал, жоспарластыруға қойылатынкомплекстiлiк талап жоспарды түзу барысында әртүрлi құралдар, әдiс, тәсiлдермен әрекет түрлерiн бiртұтас байланыста қарастыруды қажет етедi. Ендiгi бiрталап түрi объективтiлiк. Ол мектеп қызметiнiң объективтi жағдайын,орналасқан жерiн, қоршаған табиғи, әлеуметтiк ортасын, педагог жәнеоқушылар ұжымының мүмкiндiктерiн ескерудi қажет етедi.
Жоспарлауға қойылатын талаптар:
- іс-әрекет құрамының толықтығы (мақсаттарға қол жеткізуге қажетті барлықіс-шаралардың мазмұнын толық көрсету);
- біртұтастық, реттілік (іс-шаралар арасындағы байланыстар мазмұны жәнемерзімі жағынан өзара келісімде болуы тиіс);
- ресурстық тепе-теңдіктің сақталуы (іс-шараны орындауға қажеттіматериалдық, қаржылық, техникалық, әдістемелік, т.б. мүмкіндіктердің болуы);
- бақылау мүмкіндігінің болуы (орындалу барысы туралы аралық есеп беру).
Сонымен қатар, мекеме жұмысын жоспарлау барысында мынадай принциптер
сақталуы тиіс:
- ғылымилық – жоспарлау барысында қоғамның әлеуметтік жәнеэкономикалық даму заңдылықтары, оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық заңдылықтары, мектеп жұмысының ерекшеліктері мен дамутенденциясы ескерілуі тиіс;
- тиімділік – жоспарланған іс-шаралардың педагогикалық тұрғыдан тиімділігі,орындалу мүмкіндігі, мақсатқа бағыттылығы, нақтылығы;
- кешенділік – тұтас педагогикалық процестің барлық компоненттерінің
(тәрбиелеу, оқыту, дамыту) қамтылуы.
Мектеп жұмысының практикасында жоспардың негiзгi үш түрi кеңқолданылады: перспективалық, жылдық және ағымдық.
Перспективалық жоспар мектептi соңғы жылдардағы жұмыстарына тереңталдау жасау негiзiнде бес жылға жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет