«Сауат ашу» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Бастауыш білім беру деңгейінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру үшін бастауыш сынып кабинеті санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларға сәйкес жабдықталуы керек. Жиһаздар сыныпта түрлі формадағы (жеке, жұптық, топтық) жұмыстар (ойын және басқа да белсенді әдістер) ұйымдастыруға мүмкіндік беретіндей жеңіл және жылжымалы болуы керек. Соған қоса, кітап сөрелеріне, оқушылардың көрме жұмыстарына арналған стенділерге және көрнекі құралдарға арнайы орындар ескерілуі тиіс.
«Сауат ашу» пәнін оқыту үшін кабинетте мынадай құрал-жабдықтардың болуы қажет:
интерактивті тақта/ проектор, экран;
шектеусіз интернетке қолжетімділік;
оргтехника (компьютер, принтер, сканер, веб-камера, құлаққаптар және ноутбуктер);
диктофон, микрофон;
сандық фотоаппарат;
флип-чарт;
шағын маркерлік тақта;
оқушылардың жұмыстарын сақтауға және демонстрациялауға арналған шкафтар;
бормен жазуға арналған тақта;
балаларға арналған түрлі жанрдағы көркем әдебиет, суретті брошюралар; журналдар, газеттер, ақындар мен жазушылар туралы фильмдер, аудиожазбалар мен бейнефильмдер;
көрнекі материалдар (иллюстрациялар, портреттер, кестелер);
грамматикалық анықтамалықтар мен сөздіктер: түсіндірме, сөзжасамдық, орфографиялық, синонимдер, антонимдер, фразеологиялық, этимологиялық, т.б.;
дидактикалық және үлестірмелі материалдар;
мұғалімге арналған көрнекі құралдар (пән бойынша кестелер, «Дұрыс отыру», «Қаламды дұрыс ұста» кестесі, «Әліпби» кестесі, магниттік баспа және жазба әріптер кассасы);
рөлдік ойындарға арналған қуыршақтар, құрал-жабдықтар;
еңбек құралдары: қайшы, ине, жіп, желім, мата қиындылары, түйме, бояулар, ермексаз және т.б.
театрға арналған декорациялар мен костюмдер, ұлттық киімдер, бетперделер.
«Сауат ашу» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық
технологиялар мен әдіс-тәсілдер
Жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) «білім алуды қалай үйрену керектігін» ұстанымды негізге алады, ол ұстаным бойынша оқушыларды өз бетімен білім алуға ұмтылатын, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол және зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлға ретінде қалыптастыру көзделеді.
Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі технологиялар мен әдіс-тәсілдер қолданады деп күтіледі, олар:
зерттеушілік тұрғыдан келу (оқушылар «не білемін, нені білгім келеді, нені білдім» сұрақтары бойынша өз әрекетін талдауға үйренеді);
әрекеттік тұрғыдан келу (оқушылар оқу әрекетінде меңгерген жаңа білімінің болашақта қажеттілігін түсінеді);
дамыта оқыту (оқушылар оқу әрекетінің тәсілдерін игеріп, өзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару жолын үйренеді);
уәждеу (оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау жасау);
оқушылардың оқу әрекетін жеке, топтық және ұжымдық формада ұйымдастыру (оқушылар бірін-бірі өзара оқытуға, бірін-бірі бағалауға, пікір алмасуға, т.б. үйренеді);
саралай оқыту (оқушыларды деңгейіне, мүмкіндігіне қарай оқыту, қалыптастырушы баға арқылы қолдау).
«Сауат ашу» пәнін оқытуда қолданылатын оқыту стратегиялары мен әдістері:
сөздің фонетикалық құрылымын талдау;
проблемалық жағдаят жасау;
оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау арқылы қалыптастыру;
ойын және зерттеу әдістері;
тәжірибелік, шығармашылық оқу әрекеттері (түрлі шығармашылық жұмыстар жасау);
оқушылардың білімін жүйелілікпен мониторингілеу;
ізденуді және қосымша материалдар қолдануды керек ететін тапсырмаларды орындату;
оқушылардың зерттеушілік әрекетін және зерттеушілікке негізделген белсенді оқуға ынталандыру;
оқушыларға алдын ала берілетін түрлі стильдегі жазба мәтіндердің үлгісін қолдану (мұғалім алдын ала модельдер мен үлгілер береді).
Достарыңызбен бөлісу: |