Нұсқаулары «Білім берудегі менеджмент»


ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ (ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ)



бет9/35
Дата25.12.2022
өлшемі0,69 Mb.
#164317
түріНұсқаулар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
Байланысты:
Н с аулары «Білім берудегі менеджмент»
2. Атыгаев Н.А. 13-18, көрнекілік, 6-СЫНЫП 1-3 ТАҚЫРЫПТАР (БАЗА), 27-30, инклюзивтен кітап, КТП 7 сынып 72 сағат Маржан, чек лист
12. ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ (ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ)
1-тақырып:Менеджмент басқару туралы ғылым
Дәріс жоспары:

  1. Менеджмент кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде

  2. Менеджмент жайлы ғалымдардың еңбектеріне шолу

  3. Қазіргі менеджменттің мәні мен өзіне тән сипаты



Басқару туралы ғылым және өнер ретінде менеджмент табысты еңбек етіп отырған кез келген ұйым үшін аса маңызды. Білім беру саласы да бұдан шетте қала алмайды, себебі қазіргі нарықтық және бәсекелестік жағдайда басқару ісі жаңа ғылыми ережелер мен заңдылықтарға негізделуі тиіс. Ғылым мен білімнің қазіргі даму кезеңінде тұтас педагогикалық процесті басқару ісіне ғылыми негізделген сипат беруге деген ұмтылыс күшеюде. Шындығында, басқару тек техникалық және өндірістік процестерге ғана емес, сонымен қатар педагогика сияқты күрделі әлеуметтік жүйе үшін де қажет. Сондықтан басқару теориясында педагогикалық менеджмент ерекше орын алады.
Практикалық іс әрекет ретіндегі педагогикалық басқару (менеджмент) – оқушылардың оқуы мен тәрбиесін басқару. Педагогикалық басқару теориясы – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар жүйесі, ұжымдар мен жеке адамдар жүзеге асыратын тәрбие мен оқыту процестерін басқару туралы білімдер.
«Педагогикалық басқару» ұғымы «білім беруді басқару» ұғымынан кең. Себебі ол тәрбие мен оқытуды жүргізетін басқа мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарда (жанұя, қоғамдық ұйымдар, біліктілікті арттыру жүйелерінде, т.б.) да қызмет етеді. Шындығында, педагогикалық басқарудың кез келген «адам-адам» жүйесінде орны бар. Бұл жағдайда педагогикалық мақсаттарбасқарудың негізгі түріне – педагогикалық процесс субъектісінің іс-әрекетін басқаруға бағынады.
Педагогикалық басқарудың білім беру жүйесіндегі басты объектісі – өскелең ұрпақ болып табылады. Оларды оқыту мен тәрбиелеуді басқару не тікелей (мұғалімдер, тәрбиешілер арқылы), не жанама – мемлекеттік қоғамдық ұйымдар арқылы жүргізіледі.
«Қысқаша педагогикалық сөздік-анықтамалықта» педагогикалық менеджменттің мынадай басқарушылық аспектілері көрсетіледі: болжау, бағдарламалау, жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, бақылау, ынталандыру, түзету, педагогикалық процесті талдау.
Л.П. Крившенко педагогикалық менеджментті – оқыту процесінің нәтижелігін арттыруға бағытталған басқару ісінің принциптері, әдістері, ұйымдық формалары мен технологиялық тәсілдерінің кешені ретінде анықтайды. Оның бастапқы өзіндік ерекшелігі менеджер жұмысының пәніне, өніміне, еңбек құралы мен нәтижесіне байланысты. Менеджер еңбегінің пәні – басқарылушы субъектінің іс-әрекеті; еңбек өнімі – оқу-тәрбие процесі туралы ақпарат, еңбек құралы – тіл, яғни сөз және сөйлеу.
М.Х.Месконның, М.Альберттің, Ф.Хедоуридің «Менеджмент негіздері» аттыеңбегінде менеджмент бірнеше мағынада қолданылады:

  • басқа адамдардың еңбегін, сеп-түрткілерін, интеллектісін пайдалану арқылымақсатқа жете білу іскерлігі;

  • әртүрлі ұйымдардағы жұмысшыларға басшылық жасау жөніндегі қызмет түрі;

  • адам білімдерінің басқаруды жүзеге асыруға көмектесетін саласы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет