Нұсқаулары «Білім берудегі менеджмент»
Н с аулары «Білім берудегі менеджмент»
8. КУРС САЯСАТЫ, АКАДЕМИЯЛЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЖӘНЕ ЭТИКА Жоғарғы оқу орнында оқыған алғашқы күннен бастап тәрбиелеу өнерін үйрену қажет. «Білім берудегі менеджмент» курсының бағдарламасы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер цикліндегі «Білім»мамандығына арналған. Білім берудегі менеджменттің теориялық-әдіснамалық негіздерін: педагогикалық менеджменттің қызметін, заңдылықтарын, ұстанымдарын, әдістерін, педагогикалық менеджменттің жүйе қалыптастырушы факторларын, білім берудегі менеджмент тұжырымдамасының даму тарихын; жүйелілік, гумандылық, құзіреттілік, технологиялық ыңғайлар негізінде мектепті басқарудың ерекшеліктерін; мектептің тұтас педагогикалық үдерісті басқару негіздерін; мектептің педагогикалық ұжымын тиімді басқарудың талаптарын білуі қажет.«Білім берудегі менеджмент» теориясы тұрғысынан әр түрлі гуманитарлық ғылымдар түйісуіндегі пәнаралық сипатқа ие қазіргі педагогика ғылымының саласы. Ең бастысы – сіздердің мұғалімдік кәсіби сапаларыңды дербес қалыптастыруға, яғни өзін-өзі тәрбиелеу деп аталатын өте қызғылықты және игілікті іспен шұғылдануға үйрету. Сонымен, бұл курста ең ізгілікті істер оқытылады және де сіздер оған ынта-ықылас білдіресіздер өмір жолдарыңды дұрыс таңдауға, әрі педагогикалық шығармашылықтың негіздерін толық меңгеруге жәрдемдеседі. «Білім берудегі менеджмент»курсын зерттеудің негізгі әдісі студенттің теориялық және практикалық ізденісі болып табылады. «Білім берудегі менеджмент»курсының негізгі құрылымдық элементтері: ғылыми деректер, ұғымдар мен түсініктер, теориялар мен тәжірибелер. «Білім берудегі менеджмент»курсын зерттеуде төмендегі сабақтың түрлері жүргізіледі: дәріс, семинар, СӨЖ, СОӨЖ. Сабаққа кешiкпей қатысу Сабақ үстiнде сөйлеспеу, сағыз шайнамау, газет, журнал оқымау Ұялы телефонды сөндiру Сабаққа тиiстi киiммен келу Сабақты босқа қалдырмау, ауырсаңыз справка әкелу Қалдырған сабақ тапсырмаларының қарызын өтеу (сабақтан тыс уақытта) Берiлген тапсырмаңыз орындалмаса, жалпы балыңыз кемидi Оқу үдерісінде белсендi қатысу Үй тапсырмасын уақытымен орындау Төзiмдi және ашық болу. Курстастарыңа және оқытушына iзеттiлiкпен қарау Кредиттiк жүйенiң оқу үдерісіндеде студенттер “балдық-рейтингтiк” жүйемен бағаланады. Бағалау саясаты объективтiк принциптердi икемдi жоғары саралауда негiзделедi. жүктеу/скачать 0,69 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |