Нұсқаулары «Білім берудегі менеджмент»


СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОСЫМША



бет4/35
Дата25.12.2022
өлшемі0,69 Mb.
#164317
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Н с аулары «Білім берудегі менеджмент»

7.СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОСЫМША

«Білім берудегі менеджмент» курсы бойынша СӨЖ тапсырмаларыоқу сабақтарының бір формасы болып табылады. Бұл зерттеулер нысаны студенттердің теориялық ойлау, шеберліктің мазмұны мен сипатын талдау және түсіну қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.


СӨЖ барысында мынадай педагогикалық құралдарды пайдалануға болады: топтық және жеке міндеттері; іскерлік ойындар; демонстрациялар; пікірталастар; ауызша сұрастыру; оқыту; тестілеу.
СӨЖ барысында студенттер СӨЖ-ге енгізілген міндеттерге нақты жағдайға алған білімдерін қолдануға мүмкіндіктері бар.
Әрбір студент СӨЖ тапсырмаларын орындау барысында өз бетінше дайындалу және сабаққа дайын болуы талап етіледі.
СӨЖ-ге дайындық барысында тақырыптарды теориялық және нормативтік материалдарды зерттеуде әр мәселе бойынша реферат түрінде қысқаша жазбалар жасауға әдістемелік орынды жасау.
Сөж тапсырмаларын студенттер жазбаша реферат, баяндама түрінде орындап, немесе баяндап беруге де болады. СӨЖ тапсырмаларына жауап беру барысында рефераттағы немесе дәптердегі тезизтеріне қарап баяндап беруге рұқсат етіледі.


СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ





Тақырыбы, тапсырма,
өздік жұмыс түрлері

Сағат
Саны

әдебиеттер

Мерзімі
Апта

Есеп беру
формасы

1.

  1. Басқару ой-пікірінің эволюциясын танытатын менеджменттің шетелдік мектептерінің кестесін құрастырыңыз (атауы, құрылған жылы, негізгі идеялары). Дайындалған кесте бойынша кез келген мектептің қысқаша сипаттамасын (оң және теріс жақтарын көрсете отырып) жазбаша беріңіз.

  2. Педагогикалық (мектептік) менеджменттің американдық, жапондық, батыс еуропалық, азиялық типтерінің ерекшеліктерін көрсететін әдебиеттерді өз бетінізше зерделеңіз. Оқылған материал негізінде «Шетелдік педагогикалық менеджмент модельдері» кестесін құрастырып, оған ортақ және айырықша белгілерді анықтаңыз. Олардың салыстырмалы сипаттамасын жазбаша беріңіз. Өз позицияңызды анықтаңыз: басымдықты қай типке жатқызасыз және неге?

3

Н.1,2,3,6,11,16,23
Қ.3,7,8,9,10,11

1.

Кесте түрінде



2.

  1. Педагогикалық менеджменттің жүйе құраушы факторлары, қызметтері, әдістері, принциптері, заңдылықтарын сипаттайтын сызбалар, кестелер, суреттер құрастырыңыз. Олар бойынша презентация дайындап, оны қорғаңыз.

  2. Жүйелі, гуманистік, құзіретті тәсілдер негізінде әрекет ететін мектеп моделін (жобасын) әзірлеңіз. Ол бойынша презентация дайындап, оны қорғаңыз.

3

Н.1,2,3,6,11,16,23
Қ.3,7,8,9,10,11

2.

презентация түрінде

3.

  1. Мектепті басқарудағы инновация бойынша табысты көшбасшыны әзірлеу (кейс әзірлеу негізінде).

  2. Педагогикалық ұжымда басқару кезеңіндегі жаңашылдық үдерістің құрылымын сипаттаңыздар.

3

Н.1,2,3,6,11,16,23
Қ.3,7,8,9,10,11

3.

кейс түрінде,
сұхбат

4.

  1. «Қазіргі мәдени – мәдени білім беру мектеп кеңістігіндегі жаңашылдықтар» тақырыбы бойынша эссе дайындау (Қазақстан аймақтарындағы мектептерді талдау арқылы).

  2. Тиімді инновациялық басқару технологияларын құрылымдық-мазмұндық сипаттамаларын жасау: басқару технологияларын құрылымдық-мазмұндық сипаттамаларын жасау: басқару технологиялық форсайт ретінде бекіту – инновациялық даму стратегиялық бағытын таңдауға orgdeyatelnjstnaya ойын, SWO талдау және т.б.

  3. Инновациялық жобаларды басқарудағы педагогикалық логистиканың талдауын әзірлеңіз.

3

Н.1,2,3,6,11,16,23
Қ.3,7,8,9,10,11

4.

Эссе,
Кесте түрінде

5.

  1. Оқыту технологиясы мен әдістеріне салыстырмалы талдау жүргізу

  2. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруда әдістемелік іс-шаралар бағдарламасын өңдеу

3

Н.1,2,3,6,11,16,23
Қ.3,7,8,9,10,11

5.

Кесте

6.

  1. Мұғалімнің басқару іс-әрекетінің тиімділігін бағалау мақсатындағы негізгі қадамдар

  2. Соңғы жылдары педагогикалық ғылымда мониторинг мәселесі белсенді түрде әзірленуде. В.М. Лизинскидің кітабында(В.М. Лизинский. «Приемы и формы в учебной деятельности. – М. Центр «Педагогический Пойск», 2002. ») оның оқушылардың бағаларын мониторинг жүргізуге байланысты ойларымен танысу. Осы мәселе бойынша негізделген ұстанымдарын ұсыну.

3

Н.1,2,3,6,11,16,23
Қ.3,7,8,9,10,11

6.

Кесте

7.

  1. Педагогикалық бақылау түрлерін атаңыз және оларға қысқаша сипаттама беріңіз.

  2. Мұғалім еңбегін бағалаудың басты критерийлерін анықтаңыз.

3

Н.1,2,3,6,11,16,23
Қ.3,7,8,9,10,11

7.

баяндама

8.

  1. «Педагогикалық ұжым мен педагогикалық қызметкер: сипаты мен саралау функциясы» тақырыбында сараптамалық хабарлама дайындаңыз.

  2. Педагогикалық ұжымның әлеуметтік-психологиялық түсінік сапасына (жетістікке бағытталған, дамуға бағытталған, өзін-өзі дамытуға бағытталған) және басқа да қасиеттеріне қарай құрылымдық кесте құрастырыңыз.

3

Н.1,2,3,6,11,16,23
Қ.3,7,8,9,10,11

8.

Хабарлама, құрылымдық кесте

9.

  1. Педагогикалық ұжымда жобалық топтың құрылымын кесте түрінде көрсетіңіз.

  2. Ұсынылған әдебиеттерді зерделей отырып, «Мектеп директорының педагогикалық ұжымның қалыптасуындағы ролі» тақырыбында хабарлама дайындау (Әдебиеттер: Дерзкова Н. Команда: этапы стоновления и поведение руководителя// Директор школы. 1996 №1.30-35; Манн Д., Биллер В. Школьные администраторы Росии: глазами американских исследователей//директор школы. 1996. №3.С.33-36 және т.б.)

3

Н.1,2,3,6,11,16,23
Қ.3,7,8,9,10,11

9.

кесте түрінде

10.

  1. Басшының және қызметкердің этикалық қарым-қатынас «кодексін» әзірлеу




Н.1,2,3,6,11,16,23
Қ.3,7,8,9,10,11

10.

баяндама

11.

  1. Қақтығыстың қызметі мен түсінігін В.С.Волков пен Н.В.Волкованың көзқарасы бойынша кестеге түсіріңіз

  2. Мынадай парадигмаларға сүйене отырып және қақтығыс ұғымының қызметіне талдау жасай отырып эссе жазыңыз: а)келіспеушілікті қабылдау; б) қақтығыс диалектикалы-шығармашылық фактор ретінде (Волков Б.С.) Баска да ғалымдардың ой-пікірлері мен зерттеулерінен мысал келтіріңіз.

3

Н.1,2,3,6,11,16,23
Қ.3,7,8,9,10,11

11.

Кесте, сызба

12.

  1. Вен диаграмасы бойынша (сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы) келіспеушіліктің даму сатыларын көрсетіңіз.

  2. Келесі үлгі бойынша қақтығыстардың түрлеріне педагогикалық жағдаят мысалдарын құрастырыңыз: белсенді-қақтығыстар (сұрақ), пассивті-қақтығыс (сұраққа жауап), қақтығыс-мәмлесі, мәмлеге келу.

3

Н.1,2,3,6,11,16,23
Қ.3,7,8,9,10,11

12.

Кесте түрінде



13.

  1. Белгілі бір жағдаяттық мысал негізінде (түрлі басылымдардағы материалдардан) топ пен жеке тұлға арасындағы қақтығыстарды сипаттаңыз

  2. Шарықтау мен бәсеңдеу (қақтығыстардан кейінгі кезең) кезеңдерінің мазмұнына талдау жасап, себептерін анықтаңыз.

3

Н.1,2,3,6,11,16,23
Қ.3,7,8,9,10,11

13.

Кесте, презентация

14.

  1. Ральф Стогдил (1948ж.) мен Ричард Маннның (1959 ж.)көшбасшылық қасиеттерді (ақыл-ой мен сана мүмкіндіктері, белсенділік, істі меңгеру, сенімділік, өзгелерді басқару қасиеттері) анықтау туралы оларына талдау жасап, өз қорытындыңызбен бөлісіңіз.

  2. Көсбашылық қасиетті: назарды, анықтаманы, сенімділікті және өз-өзіне деген сенімділікті басқару деп топқа бөлген Американдық ғалым Уоррен Бенистің жасаған зерттеу нәтижесіне талдау жасаңыз. Қорытындыны эссе түрінде орындаңыз.

3

Н.1,2,3,6,11,16,23
Қ.3,7,8,9,10,11

14.

Кесте түрінде

эссе түрінде



15.

  1. Ральф Стогдил, Ричард Манн, Уоррен Бенис сынды ғалымдардың көшбасшылық бойынша жасаған зерттеулерін салыстырып, ерекшеліктеріне талдау жасаңыз. Басқа да ғалымдардың зерттеулерін мысалға келтіріңіз.

  2. Көсбашылық қасиет (физиологиялық, саналық және т.б.) териясы бойынша сипаттамалық кесте құрыңыз.

3

Н.1,2,3,6,11,16,23
Қ.3,7,8,9,10,11

15.

Кесте түрінде








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет