Әдебиеттік оқу
Күні:15.12.2015 Бекітемін:
Тақырыбы
|
Менің атым Қожа
|
Мақсаты
|
Оқушыларға Бердібек Соқпақбаевтың әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білім беру.Қожа мінезіне талдау жасап, өз көзқарастарын жүйелі айтуға үйрету.
|
Күтілетін нәтиже
|
Сөздік қорлары молайып сол сөздерді өмірде қолдануға үйренеді.
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Топтық жұмыс,теріп алу,Мынау кім?
|
Қолданылатын ресурстар
|
Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук,кесте,сурет
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Оқушыларды шеңберге тұрғызып үш топқа бөлу.
|
Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.
|
Сабақ кезеңдері
|
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Білім
Қызығушылық
тарын ояту
|
|
«Менің есімімнің құпиясы» атты тренинг бойынша сұрақ-жауап арқылы тексеру
|
|
Түсіну
|
Мәліметтермен таныстыру
|
1924 ж Алматы облысы,
Нарынқол ауданы,
Қостөбе ауылы
Ата-анасынан ерте айырылған Бердібек Соқпақбаев
Қазақ балалар жазушысы 1950 ж “Бұлақ",“Чемпион“, ”Алыстағы ауылда”, тұңғыш жинақ “Балалық шаққа саяхат, “Өлгендер қайтып келмейді”
«Менің атым Қожа» фильмі туралы мағлұмат беру
«Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан, өз басымнан кешкенді, өзім байқап –түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам: өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды». Б.Соқпақбаев
|
Мәліметтермен танысады.
|
Қолдану
|
Мәтінмен жұмыс
|
Мәтінді оқыту,мазмұнын түсіндіру
1.Мәтіннен Қожаның ішкі ойын тауып оқу
2.Сабаққа дайындалмай келгеніне Қожаның қатты өкінгенін неден байқауға болады?Әңгімеден сол жерді тауып оқы.
3.А.Михайловнаның Жантасқа айтқан ескертуін тауып оқу
|
Мәтінге тиісті белгілерді қоя отырып оқып шығу.Топта талдау
|
Сергіту сәті
|
«Әлқиса» атты жаттығу жасау
|
Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау
|
бейнероиктегідей жаттығулар жасайды.
|
Талдау
|
Теріп алу
|
“Теріп алу” стратегиясы (Дәптермен жұмыс)
алғыр, пысық, өтірікші, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, әділетті, ақын, әзілқой, арамза, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі, жағымсыз
Қожа – алғыр, пысық, ақылды, сотқар, тентек, мейірімді, әділетті, ақын, әзілқой, тапқыр, қателіктерін түсіне біледі.
Жантас – өтірікші, қу, зымиян, шыдамсыз, тиянақсыз, арамза, жағымпаз
Қожаның жағымды жақтары (Тақтамен жұмыс)
Өз ісіне есеп бере алады
Жағымсыз іс-әрекеттерін жөндеуге талаптанады
Өз-өзін тәрбиелейді
Үлкенді сыйлайды
Қожаның жағымсыз жақтары
Тәртіпсіз
Аңқау
Өтірікші
Сотқар
|
Қожа мен Жантасқа тән сипатамаларды теріп жазады.
|
Жинақтау
|
|
Мынау кім?
1. Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш кім? (Жантас)
2.Мүмкін орныңа барып айтатын шығарсың? (Анфиса Михайловна)
3. «Қысқы кешті » жаттап келмек түгіл,мен ондай тапсырма берілгенін ұмытып та кеткем екем.(Қожа)
|
|
Бағалау
|
Өзін-өзі бағалау (2 мин)
Бағдаршам,
|
Үйге тапсырма: «Есте қалған қызықты сәттерім» - өздеріңнің бастарыңнан өткен қызықты оқиға туралы қысқаша әңгіме жазу.
Бағдаршам түстерін тарату
|
Өзін өзі топпен бағалайды
|
Рефлексия
|
Стикерлерді толтыру
|
Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну
|
Ұсынылған стикерді толтыру
|
Достарыңызбен бөлісу: |