5. Бәсекелестер. Кез келген ұйым басшылығы тұтынушының сұраныстарынмезгілінде және жоғары деңгейде қанағаттандыру қажеттігін есте сақтауықажет, басқаша болған жағдайда, ұйым өз жұмысын ұзақ жалғастыра алмайды.Жанама әсер ететін факторлар ұйым жұмысына тікелей әсер етпегенімен,басшылардың оларды ескеруі қажет.
Оларға жататындар:
1. Технология. Технологиялық инновациялар ұйым жұмысының нәтижелігінекөп әсер етеді.
2. Әлемдік экономикалық жағдай. Экономикалық жағдайдағы өзгерістер кейбірұйымдар жұмысына жағымды ықпал жасаса, енді біріне, керісінше, теріс әсерінтигізеді.
3. Әлеуметтік-мәдени факторлар. Әрбір ұйым белгілі бір әлеуметтік-мәдениортада өмір сүреді. Сондықтан оның қызметіне сол ортада, яғни қоғамдақалыптасқан құндылықтар мен дәстүрлер әсер етеді.
4. Саяси факторлар. Саяси жағдайдың кейбір аспектілері мекеме басшыларыүшін аса маңызды. Олардың бірі - әкімшілік және заң органдарының тиістіқызмет түрлеріне қатысты «көңіл-күйі». Мұндай қатынастар әлеуметтік-мәденитенденциялармен бірлесе отырып, салық салу, тұтынушыларды қорғау туралызаң шығару, стандарттар жасау, жалақы мөлшерлеу, жеңілдіктер белгілеусияқты үкімет әрекеттеріне ықпал етеді. Сонымен қатар, кез келген ұйымжұмысы үшін елдегі саяси тұрақтылық аса маңызды.
5. Халықаралық жағдайлар. Менеджмент үшін әр елдің өзіндік ерекшеліктерінескерумен қатар, ұйым жұмысын өзге де мемлекеттер станданттарынасәйкестендіру, бейімдеу маңызды проблемалардың бірі.
Басқару процесінде жүзеге асырылатын ішкі әрекеттер мен функциялар ұйымтипіне (іскерлік, әкімшілік, қоғамдық, білім беру, әскери және т.б.), оныңқызмет саласына (тауар шығау, қызмет көрсету) және басқа да көптегенфакторларға байланысты. Бірақ қандай да бір ерекшеліктерге қарамастан, кезкелген басқарушылық қызмет мынадай белгілермен сипатталады:
- басқару үш түрлі қызмет түрінен - ұйымдық-әкімшілік және тәрбиелік,аналитикалық және құрастырушылық, ақпараттық-техникалық, - тұратын ақыл-ой еңбегі;
- қызметтер көрсетуге және материалдық игіліктер жасауға өзгеқызметкерлердің еңбегін қолдану арқылы қатысады;
- еңбек пәні – ақпарат;
- еңбек құралы – ұйымдастырушылық және есептеуіш техника;
- еңбек нәтижесі – басқарушылық шешім;
- негізгі функциялары: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау.
Сонымен, басқарудың ұйымдағы ролі былайша анықталады: нәтижені алдынала болжау, ұйым жұмысын дұрыс ұйымдастыру, реттеу және жан-жақтыбақылау. Бүгінгі күні бұл тізім толықтырылып, мынадай логикалық әрекеттержүйесі түрінде ресімделуі мүмкін: мақсат болжау, яғни ұйымдың келешектегіжағдайын анықтау; стратегия құру, яғни мақсатқа жетудің тиімді тәсілдерінайқындау; жұмысты жоспарлау – нақты орындаушының міндеттерін белгілеу;жұмысты жобалау – орындаушылардың функцияларын анықтау; қызметтіынталандыру – қызметкерлерге мақсатты ықпал жасау; жұмысты реттеу –орындаушылардың әрекеттерін үйлестіру; жұмысты есепке алу және бағалау –нәтижені мақсатпен салыстыру; кері байланыс – мақсаттарға түзетулер енгізу.
Басқару ісінің жаңа парадигмасы үшін мынадай жағдайлар аса маңызды:
1. Ұйым – бұл ішкі және сыртқы орта факторларының бірлігіндеқарастырылатын ашық жүйе.
2. Өнім мен қызметтің көлеміне емес, сапасына, тұтынушылардықанағаттандыруға бағдарлану.
3. Басқаруға ситуациялық (жағдаяттық) көзқарас, сыртқы орта жағдайларынажылдам бейімделуді қамтамасыз ететін жедел және сәйкес әрекеттербасымдылығы.
4. Ұйым табыстылығының негізі көзі – қызметкерлердің білімі меніскерліктері және оларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін еңбек жағдайлары.
5. Ұйымдық мәдениет пен жаңашылдықтың ролін арттыруға, қызметкерлердіынталандыруға бағыттылған басқару жүйесі.
Осындай жағдайларға байланысты қазіргі менеджменттің даму тенденцияларын былайша анықтауға болады:
- басқаруды кәсібилендіру – менеджерлерді кәсіби даярлауды, оларға тиістібілім беруді қамтамасыз ету;
- инновациялық (жаңашыл) потенциал – басқарудың жаңа формалары менәдістерін іздестіру; әлеуметтік-экономикалық жағдайды зерттеу (монитонинг);
- басқару жүйесін өзгерген жағдайларға бейімдеу және креативтік менеджментжүйесін құру;
- сапаға бағдарлану – сапаны басқару жүйесін құру, сондай-ақ басқарудыңсапасын арттыру;
- диверсификация – басқару жүйесінің түрлі формалары мен типтерін, оныңтетіктері мен технологияларын үйлестіру.
Достарыңызбен бөлісу: |