Нұсқаулары «Білім берудегі менеджмент»


-тақырып: Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалалау Дәріс жоспары



бет23/35
Дата25.12.2022
өлшемі0,69 Mb.
#164317
түріНұсқаулар
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
Байланысты:
Н с аулары «Білім берудегі менеджмент»
2. Атыгаев Н.А. 13-18, көрнекілік, 6-СЫНЫП 1-3 ТАҚЫРЫПТАР (БАЗА), 27-30, инклюзивтен кітап, КТП 7 сынып 72 сағат Маржан, чек лист
7-тақырып: Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалалау
Дәріс жоспары:

  1. «Диагностика» ұғымының мәні. Педагогикалық диагностика түсінігі. Тұтас педагогикалық үдерістің диагностикасы.

  2. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін диагностикалалаудың кезеңдері

  3. Мектеп - тұтас педагогикалық үдерісті басқару сапасының мониторингі

Ұстаз еңбегі психологиялық-педагогикалық тұрғыдан ғана емес, мүғалімнің әдістемелік даярлығында тұрақты жетілдіруді талап етеді. Іс-әрекет нәтижесіне сәйкес қойылған мақсат мұғалімнің педагогикалық процесс жағдайы жайындағы ақпараттарды игеру дәрежесіне тікелей тәуелді болады. Міне, осыдан келіп педагогикалық процестің өту барысы мен кезеңдер нәтижелері әрі қорытынды көрсеткіштері туралы ақпарат алу мақсатында мұғалімде мектептің (сыныптың) педагогикалық процесін диагностикалау білімі мен дағдысы болуы қажеттігі туындайды.
Білімнің қай саласында болмасын, еңбек процесі өту кезіндегі жағдайы мен сапасының диагностикасы жетекші роль атқарады. Қазіргі ғылыми әдебиеттерде "педагогикалық диагностика" терминіне біршама анықтама берілген. Көптеген жағдайларда бұл анықтамалар психологиялық көзқарас тұрғысынан беріледі. Сондықтанда педагогикалық диагностика мазмұнында психологиялық процестерді оқып үйрену және педагогтар мен оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға баса көңіл бөлінеді.
"Диагноз" грек тілінен аударғанда танып білуді білдіреді (бұл ғылымға ортақ термин). Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде құрылым, функция, міндеттер және педагогикалық диагностика бағыттары анықталды (Б.С. Кобзарь, Л.И. Катаева, Е.А. Берулова, Б.П. Макарова, Б.П. Битинас, В.П. Симонов және т.б.). Б.П. Битинас педагогикалық процесс жағдайының оңтайлы жинақталған көрсеткіштерін айқындайтын ғылыми бағыттағы педагогикалық диагностиканың негізгі міндеттерін анықтап берген.
Педагогикалық диагностика соңғы онжылдықта іс-әрекет нысаны және мұғалімді басқару ұстанымын қарастырылып келеді. Қазіргі педагогика ғылымында мүғалімнің іс-әрекет нысаны педагогикалық (оқу-тәрбие) процесі деп мойындалған. Соған орай мұғалімнің жүмыс тиімділігі оның іс-әрекет нысаны ретіндегі біртүтас педагогикалық процесс теориясын қаншама білуіне және диагностикалау дағдысын меңгеруіне тікелей байланысты. Сонымен педагогикалық диагностикаға мына төмендегідей анықтама беруге болады: "сипаттама үшін аса қажет білім мен іс-әрекеттің жиынтығы және педагогикалық процесс жағдайы себеп-салдарын анықтау, мақсаттар арасындағы қарама-қайшылықты және "педагог-оқушы" жүйесі мүмкіндіктерін айқындау
Жалпы бағдарламалық құжаттарда көрсетілгендей мониторингтің негізгі объекті – білім беру сапасы. Ал бұл көрсеткіш білім беру нәтижесінің сапасымен, білім беру үрдісінің сапасымен, нәтижеге жету шығынымен анықталады. Осыған байланысты болжау, бақылау, диагностикалық зерттеуге және үнемі байқауға төменде аталған объектілер алынады. Олар: білім алушылар, педагогтар, басшылар, ата-аналар, материалдық- техникалық база, орта.
Бұл бағытта әрбір білім беру ұйымында кемінде үш жылға есептелген мониторинг бағдарламасы жасалғаны жөн. Бұл бағдарламада мониторингтің негізгі мақсаты мектептің ағымды жағдайын тиімді ақпаратпен қамтамасыздандыру, іс -әрекет нәтижелерін жинақтап талдау, мектептің даму болмысын жасау.
Білім беру ұйымы мониторингілік картасын жасаған уақытта төмендегі алгоритмді пайдаланғанда жөн көріп отырмыз. Ол: нысан (объект) - критериялар – көрсеткіштер – диагностикалық құралдар – кезеңділігі- жауаптылар - қаралатын орны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет