НҰСҚаулық Ақтау қаласы 2016 жыл


ҚОСЫМШАЛАР: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы заңы



бет4/7
Дата07.07.2018
өлшемі274,95 Kb.
#48286
1   2   3   4   5   6   7

ҚОСЫМШАЛАР:
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы заңы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 36 Заңы

Ескерту. Заңның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Осы Заң Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және үкіметтік емес ұйымдарының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруы процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Ескерту. Кірспе жаңа редакцияда - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "жобаларды" деген сөз "әлеуметтік жобаларды" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2011.12.22 № 515-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
  1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:


      1) әлеуметтік бағдарлама - өзара байланысты әлеуметтік жобалар кешені;
      1-1) әлеуметтік жоба – әлеуметтік мәні бар салалардағы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, бір жыл ішінде және үш жылға дейін іске асырылатын ұйымдастырушылық, экономикалық және техникалық шаралардың жиынтығы;
      2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс - үкіметтік емес ұйымдар бюджет қаражаты есебінен орындайтын әлеуметтік саладағы міндеттерді шешуге бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыру нысаны;
      3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алуға арналған конкурс (бұдан әрі - конкурс) - тапсырыс берушінің үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарын, көрсетілген қызметтерін сатып алуға бағытталған және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың ықтимал өнім берушілері арасында ашық әрі адал бәсекелестікті қамтамасыз ететін ықтимал өнім берушіні анықтау әдісі;
      3-1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі — мемлекеттік орган) – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі кызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган, оның ішінде орталық атқарушы және жергілікті атқарушы орган;
      3-2) алып тасталды - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт - тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалған шарт;
      4-1) алып тасталды - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушісі (бұдан әрі - өнім беруші) - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыратын үкіметтік емес ұйым;
      5-1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингі — мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;
      6) тапсырыс беруші - республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері;
      6-1) Уәкілетті орган жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) – үкiметтiк емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін уәкілетті орган құратын консультациялық кеңесшi орган;
      7) үкіметтік емес ұйым - ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті негізде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсіптік одақтарды және діни бірлестіктерді қоспағанда);
      7-1) үкіметтік емес ұйымдарға арналған грант (бұдан әрі – грант) – үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператордың азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге азаматтық қоғам институттарының әлеуетін тарту мақсаттарында үкіметтік емес ұйымдарға беретін қаражаты;
      7-2) үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды іске асыру мониторингі – үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды іске асыру туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;
      7-3) үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы (бұдан әрі – сыйлықақы) – республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін үкіметтік емес ұйымдарға бюджет қаражаты есебінен берілетін ақшалай сыйақы;
      7-4) үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор (бұдан әрі – оператор) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және осы Заңға сәйкес гранттар ұсынуға құқығы бар акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым;
      7-5) Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқоры – үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор;
      8) үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл және ынтымақтастық жөнiндегi кеңестер – құрамына мүдделi мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi кiретiн, мемлекеттік орган мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін құрылатын консультациялық-кеңесшi органдар;
      8-1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыру, сыйлықақылар беру, гранттар ұсыну және олардың іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі қызметке басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      9) ықтимал өнім беруші - конкурсқа қатысушы үкіметтік емес ұйым;
      10) алып тасталды - ҚР 18.02.2014 № 175-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      11) алып тасталды - ҚР 18.02.2014 № 175-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      12) алып тасталды - ҚР 18.02.2014 № 175-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      13) алып тасталды - ҚР 18.02.2014 № 175-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.22 № 515-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.12.2015 № 429-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
  2-бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


       1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңынан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
  3-бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру процесін құқықтық реттеу қағидаттары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


       Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру процесін құқықтық реттеу:
      1) заңдылық;
      2) Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыру тиімділігін арттыру;
      3) Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік міндеттерді шешуге қатысуы;
      4) үкіметтік емес ұйымдар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
      5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс процесінің жариялылығы мен ашықтығы принциптеріне негізделеді.
      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
  4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:


      1) уәкілетті органды айқындайды;
      2) алып тасталды - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін айқындайды;
      4) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды;
      5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.22 № 515-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
  4-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті орган:


      1) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
      2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыратын және іске асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, консультациялық және әдістемелік қолдау көрсетеді;
      2-1) үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;
      2-2) үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беруді жүзеге асырады және оларды беру қағидаларын бекітеді;
      2-3) Үйлестіру кеңесін құрады, оның ережесін және құрамын бекітеді;
      3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін жүзеге асырады және оны жүргізу қағидаларын бекітеді;
      4) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингінің қорытындылары бойынша ақпарат ұсынады;
      4-1) Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізу үшін "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес берілетін мәліметтерді тексеруді жүзеге асырады;
      5) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және (немесе) бекітеді;
      6) Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын жүргізуді жүзеге асырады;
      6-1) Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыру тәртібін айқындайды;
      7) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды құрады және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың оларға қол жеткізуін ұйымдастырады;
      7-1) оператордың өз қызметінің нәтижелері туралы есебін қарайды және оның нысанын бекітеді;
      8) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. Заң 4-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.22 № 515-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
  4-2-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті

      Мемлекеттік органдар:


      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады;
      2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестерді құрады;
      3) уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөніндегі ақпаратты ұсынады;
      4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінде қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді жинайды, жинақтайды және уәкілетті органға береді.
      Ескерту. Заң 4-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.22 № 515-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
  4-3-бап. Мәліметтерді тексеру

      1. Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына берілетін мәліметтерді тексеруді уәкілетті орган жүзеге асырады.


      2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингінің және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды іске асыру мониторингінің нәтижелері, жеке және заңды тұлғалардың шағымдары, мемлекеттік органдардың ақпараты, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар мәліметтерге тексеру жүргізу үшін негіздер болып табылады.
      Қажет болған кезде тексеру жүргізуге басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері тартылуы мүмкін.
      Ескерту. Заң 4-3-баппен толықтырылды - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
  5-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру салалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


       1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру мынадай бағыттар:
      1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;
      2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;
      3) қоршаған ортаны қорғау;
      4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;
      5) демография проблемаларын шешу;
      6) гендерлік проблемаларды шешу;
      7) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;
      8) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;
      9) азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;
      10) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;
      11) мәдениет пен өнерді дамыту;
      12) тарихи-мәдени мұраны қорғау;
      13) қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту;
      13-1) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметіне жәрдемдесу;
      13-2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша жүзеге асырылады.
      13-3) алып тасталды - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      14) алып тасталды - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру:
      1) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) көмек көрсету бағыты бойынша;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша да жүзеге асырылады.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.22 № 515-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.15 № 556-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.12.2015 № 429-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
  5-1-бап. Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқоры

      Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыру "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес берілетін мәліметтер, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар беретін мәліметтер негізінде жүзеге асырылады.


      Ескерту. Заң 5-1-баппен толықтырылды - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
  6-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру

      1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырады.


      2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Осы Заңның 5-бабында көзделген бағыттар бойынша жарғылық мақсаттарға сәйкес қызметті жүзеге асыратын ықтимал өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберіледі.
      4. Алып тасталды - ҚР 2011.12.22 № 515-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.22 № 515-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
  6-1-бап. Гранттар

      1. Гранттар бюджет қаражаты есебінен берілетін мемлекеттік және жеке және заңды тұлғалар, халықаралық, шетелдік ұйымдар ерікті негізде бюджеттен тыс көздерден беретін мемлекеттік емес болып табылады.


      2. Гранттар грант беруге арналған шартқа сәйкес үкіметтік емес ұйымдар, оператор әзірлеген әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыруға беріледі.
      3. Гранттар тарату процесіндегі, дәрменсіз (банкрот) деп танылған, мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған үкіметтік емес ұйымдарды қоспағанда, Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізілген үкіметтік емес ұйымдарға конкурстық іріктеу негізінде беріледі.
      4. Грантты алған үкіметтік емес ұйымдар алынған қаражаттың бір бөлігін, бірақ он пайыздан аспайтын бөлігін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге пайдалана алады.
      5. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында реттелетiн гранттар беру процесінде туындайтын қатынастарға осы бап қолданылмайды.
      Ескерту. Заң 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
  6-2-бап. Оператор

      1. Оператор:


      1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге азаматтық қоғам институттарының әлеуетін тарту мақсатында үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік және мемлекеттік емес гранттар беруге;
      2) қоғамдық бақылауды дамыту мақсатында гранттарды іске асыру мониторингі үшін сарапшыларды тартуға құқылы.
      2. Оператор:
      1) үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес гранттардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыруға;
      2) уәкілетті органға гранттар беру тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      3) гранттардың іске асырылуы туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыруға;
      4) өз қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті уәкілетті органға беруге, сондай-ақ оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
      Ескерту. Заң 6-2-баппен толықтырылды - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6-3-бап. Сыйлықақылар

      1. Сыйлықақыларды уәкілетті орган Үйлестіру кеңесінің ұсынымдарын алғаннан кейін береді.


      2. Үкіметтік емес ұйымдарды сыйлықақы алуға ұсыну туралы өтінімдерді үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік органдар уәкілетті органға жыл сайын 1 қыркүйекке дейін береді.
      3. Сыйлықақыны алуға сол бір ғана үкіметтік емес ұйымдарды қатарынан үш жыл ішінде қайта ұсынуға жол берілмейді. Сол бір ғана үкіметтік емес ұйым сыйлықақыны алуға бір номинациядан артық номинация бойынша ұсыныла алмайды.
      4. Сыйлықақының ең төменгі мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерін құрайды.
      5. Бір номинация бойынша сыйлықақы бір немесе бір мезгілде бірнеше ізденушіге берілуі мүмкін. Бұл жағдайда сыйлықақы олардың арасында тең бөлінеді.
      Ескерту. Заң 6-3-баппен толықтырылды - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 

7-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, мемлекеттік гранттар мен сыйлықақыларды қаржыландыру және олардың бюджет қаражатын пайдалану

      Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, мемлекеттік гранттар мен сыйлықақыларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, мемлекеттік гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін көзделген бюджет қаражаты осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шартта, мемлекеттік грант беруге арналған шартта белгіленген мақсаттарда және тәртіппен пайдаланылады.
      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
  8-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орындалуын, гранттардың пайдаланылуын және сыйлықақылар беруді бақылау

      Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орындалуын, гранттардың пайдаланылуын және сыйлықақылар беруді бақылауды уәкілетті орган, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.


      Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
  9-бап. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.


      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
  10-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті
 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет