Сыртқы орта факторларының өзгеруіне қарамастан тірі ағзалардың өздеріне тән ішкі ортасының тұрақтылығын, морфологиялық, функционалдық біртұтастығын сақтап қалу қасиеті.
32 Адаптация дегеніміз?
Ағзалардың қолайсыз жағдайларда тіршілік етуіне байланысты қалыптасқан бейімдеушілігін айтады.
33. Регенерация дегеніміз?
Жарақаттанған ағзаны қалпына келтіру механизмдері.
34. Канцерогенез дегеніміз?
Ісік (ісік) ауруының пайда болу процесі.
35. Мутагендер дегеніміз?
Мутациялардың пайда болуына алып келетін физикалық жіне химиялық факторлар.
36. Мутагенез дегеніміз?
Мутациялардың пайда болу процесі.
37. Индукцияланған мутациялар дегеніміз?
Әр түрлі физикалық не химиялық мутагендік факторлардың әсері салдарынан пайда болатын мутациялар.
38. Онтогенез түрлері?
Тура даму, тура емес даму
39. Преформизм болжамы дегеніміз?
Болашақ ағза жыныс жасушаларында барлық мүшелері толық қалыптасқан , бірақ өте кішкентай күйде бұрын анықталады.