Подагра зат алмасу бұзылыстарымен байланысты аурулар қатарына жатады. Бұл ауру негізінен несеп қышқылының бұзылыстарымен сипатталады. Несеп қышқылы нуклеин қышқылының алмасуы нәтижесінде түзіледі. Олар өз кезегінде тағамдық заттар құрамына кіретін түрлі жасушаларда кездеседі. Қалыпты жағдайда несеп қышқылының көп бөлігі организмнен бүйрекпен зәр құрамында шығарылады. Подагра кезінде бұл заттар организмде және буындарда кристаллдар түрінде жинақталады. Бұл кристаллдар сүйектердің беткейлік буындық қабықтарын зақымдайды, олардың қабуына алып келеді. Несеп тасты ауру- бүйрек пен зәр шығаратын жолдарда негізінен ураттар түзіледі. Несеп тасты ауру- бүйрек пен зәр шығаратын жолдарда негізінен ураттар түзіледі.
Несеп қышқылдық инфаркт екі тәуліктен артық өмір сүрген сәбилерде байқалады;бүйрек өзектері мен түтікшелерінде несеп қышқылды натрий мен аммоний тұздарынан аморфты заттар қалыптасады. Бүйректің кесіндісіндегі милық қабатының үрпілері тұсында түйісетін несеп қышқылды тұздардың сарғылт қызыл реңді жолақтары болады. Несеп қышқылды инфарктының дамуы сәбидің организмінде алғашқы күндері зат алмасу қарқыны өзгеретіндіктен,бүйректің жаңа жағдайға бейімделу әрекетімен байланысты.
Қорытынды Сонымен қорыта айтқанда, адам организмінде әрбір зат алмасу өз ретімен жүріп отыруы қажет. Және де зат алмасуға қажетті өнімдер мен заттар ағзаға жеткілікті түрде түсуі керек. Сондықтан салауатты өмір салтын сақтау арқылы әрбір аурудың алдын аламыз - Нуклеопроеидтер алмасуының бұзылғанда дамитын сырқаттардың бірі ол – подагра. Подагра майда (қанат-аяқ буындары) және ірі (тізе, иық буындары) буындарда, синовиалдық қабықтарда , шеміршектерде несеп қышқылынгың натрий тұздарының шөгіп қалуына байланысты болатын сырқат. Көбінесе бұл сырқат тұқым қуалайды, тауық-әтештерде болса ауру олардың балапандарында подагра ерте басталып, ауыр түрде өтеді. Подаграмен негізінен әтештер, қораздар ауырады.
Пайдаланылған әдебиеттер - А.И.Струков В.В.Серов “Патологиялық анатомия”
- В.В. Серов М.А. Пальцев “Патологиялық анатомия”
- И. А. Иванова-Смоленская «Болезнь Вильсона-Коновалова» Журнал «Нервы», 2006, № 4
- Google.ru
Достарыңызбен бөлісу: |