Подагра грек тілінен аударғанда “тұсаулы аяқ” («нога в капкане» ) дегенді білдіреді.Бұл несеп қышқылы алмасуының бұзылысынан дамитын созылмалы ауру. Бұл ауру кезінде қан сарысуында несеп қышқылының шөгуі және оның микрокристаллдарының буындардың синовийлік тініне, бүйрекке, тамырлар қабырғасына және сирек жүрек пен көзге түсуімен жинақталады. Несеп қышқылдық тұздар науқастың қанында, зәрінде көбейеді. Подагра грек тілінен аударғанда “тұсаулы аяқ” («нога в капкане» ) дегенді білдіреді.Бұл несеп қышқылы алмасуының бұзылысынан дамитын созылмалы ауру. Бұл ауру кезінде қан сарысуында несеп қышқылының шөгуі және оның микрокристаллдарының буындардың синовийлік тініне, бүйрекке, тамырлар қабырғасына және сирек жүрек пен көзге түсуімен жинақталады. Несеп қышқылдық тұздар науқастың қанында, зәрінде көбейеді.
Біріншілік
Екіншілік
Подаграның түрлері
Біріншілік
Екіншілік
Біріншілік немесе туа біткен подагра белгілі ферменттік жүйедегі генетикалық дефекттердің себебінен организмде несеп қышқылының жинақталуымен (метаболиттік түрі) немесе несеп қышқылының бүйректермен шығарылуының бұзылуы(бүйректік түрі) кездеседі. - Біріншілік немесе туа біткен подагра белгілі ферменттік жүйедегі генетикалық дефекттердің себебінен организмде несеп қышқылының жинақталуымен (метаболиттік түрі) немесе несеп қышқылының бүйректермен шығарылуының бұзылуы(бүйректік түрі) кездеседі.
- Екінші реттік подагра нефроцирроз, қанның аурулары және басқа сырқаттардың негізінде дамиды.
Әдетте подагралық артрит немесе буынның қабынуы түннің 2- ші жартысында кенеттен басталады. Адам өте қатты пульсирлеуші көбінесе бір немесе бірнеше буындардағы (жиі аяқтың бас бармағы буынында) ауырудан оянады. Буын тез ісіп, терісі қызарып, ұстағанда ыстық болады. Дене температурасының көтерілуі мүмкін. Ішімдікті қолдану, физикалық күш, операциялар, жарақаттар, кейбір дәрі-дәрмектерді қолдану (несеп айдаушы) ұстамалардың жиілеуіне алып келеді. Артрит ұстамалары жиілеп кейін созылмалы подаграның дамуына әкеледі. Созылмалы подаграда буындарда, құлақ шеміршегінде несеп қышқылының жиналуынан сарғыш түйіршіктер пайда болады. Олар тофустар деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |