О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет3/37
Дата21.06.2023
өлшемі4,58 Mb.
#179074
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
Kewirdim x Asik

Төртінші қағида: 
Көпшілігіміз қиял әлемінде өмір сүргендіктен 
күйзеліске түсіп жүреміз. Ал ақиқат ортаға кешігіп 
шығады. “Барлығын білемін, басқалары білмейді”,- деп 
ойлама. Барлығымыз белгілі бір дәрежеде ақиқатты 
білеміз. Кейде ақиқаттың бірнеше қыры болады. Көп 
қазбалай берме, кеңінен ойлан.
Бесінші қағида:
Егер “меніңді” жеңсең, көп нәрсеге қол жеткізіп, 
қиындықтарды айналып өтесің. 
Алтыншы қағида: 
Сен періште де, хайуан да емессің. Сен - адамсың! 
Сол адамшылдығыңмен шұғылдан! Өзіңдегі адамдықты 
қабылда. Әлбетте, қателесесің, жығыласың, айта берсең, 
шегі жоқ. Әрбір сәттен сабақ ала білуді үйренесің. 
Өкініш пен қарсылыққа уақытыңды жоғалтпа!
Жетінші қағида:
Расында, жан тыныштығын кемшіліктерді кешіре 
алғанда ғана табасың. Ал оған қалай қол жеткізуді 
білмесең, онда саған қалай қадам жасау керектігін 
ұсынамыз.


iqup
11
Өкпе-реніш 
Реніш бар жерде естеліктер болады 
Б
із өзгелерге ренжу арқылы олардың бізге қате 
қарым-қатынас жасағанын көрсеткіміз келеді. 
Алайда реніш пен өкпеге толы ойлар өзгелермен 
қарым-қатынасты ғана емес, денсаулығымызды да 
құртатынын біле бермейміз. Өкпе-ренішті жинай 
отырып, бойымызға ауруларды да жия береді екенбіз. 
Бойымызда пайда болған сырқаттар реніш атаулыны 
ұмыту керектігін ескертеді. Олай болса, реніш пен 
өкпелі ойлардың өмірге қалай әсер ететініне қарайық. 
Әрқайсымыз осы бір жанға жағымсыз «реніш» деген 
сезімді бастан кешірдік. Әдетте өкпенің бойымыз бен 
ойымызға қандай із қалдырып жатқанын біле алмаймыз. 
Алайда бізге жасалған әділетсіздіктің жарасы ешқайда 
кетпей, ішімізде қалады. Оны көзге ілмей, аңғармаған 
болғанмен ол үнсіздік бара-бара ұлғайып, өмірімізді 
улай бастайды. Реніш әр түрлі: Мән-жайды ортаға салып 
талқылап алған кезде ізі де қалмай жоғалатын өкпе 
болады. Өмір бойы ішіңе жасырып жүретін реніштер 
де бар, тіпті ондай ойларды қайда жіберерімізді білмей 
қалып жату - соның нышаны. 


Кешірдім
12
Анаңызға, әкеңізге, жарыңызға немесе әріптесіңізге, 
өзіңізге, балаңызға, туыстарға немесе достарға деген 
реніштер бар. Бұл реніштер сыртқа шықпаса өмір бойы 
жиналып жатады. Ал жиналған өкпе мен реніш бақытты 
болуға, жайлы өмір сүруге, кеудені керіп демалуға 
кедергі келтіреді. 
Ата-анамен қарым-қатынас - барлық нәрсенің діңгегі, 
атап айтқанда: қарым-қатынас, кіріс, ішкі жағдайдың, 
қалыптасудың діңгектері.
Ескі ренішті кешіргенде:
• іштей жеңілдеп қаласыз; 
• көп мөлшердегі энергияны бостандыққа 
шығарасыз; 
• бақытты боласыз; 
• жаңа жоба жасауға жол ашады; 
• армандардың орындалуына жол ашылады; 
• отбасымызды бақытты етеді; 
• денедегі күш – қуатымыз артады
Ішімізде жатқан өкпе-реніш - ауыр жүк: қап толы 
тасты арқалап жүргенмен тең. Адам баласы өкпе мен 
ренішті ұмытып, кешірген кезде өзін кінәлау мен елден 
ұялу деген сезімдерден арылады. Бойына қуат бітіп, 
әлдеқайда бақытты ғұмыр кешпек. 
iqup


iqup
13


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет