О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет13/50
Дата04.05.2023
өлшемі13,65 Mb.
#176073
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50
Байланысты:
Mumkindik x Asik
практика 4, Ет консервілердің жіктелуі және ассортименті, AUES Ungarov, Жанбараков Ж..... 7 СРС, Физика. Тәжірибелік сабақ. №1, aidos ezh zhogary matematika1 2, консерв окулык, 4 наука, Кәсіпкерлік 5, Ақпарат түсінігі ЦТ срсп, физиология, 1топ Осн биотех 9практ, 9 БӨЖ, Виртуальный лабораторный практикум по дисциплине База данных, семестрлик жумыс Толегенова Асем
Ақылыңды қолдан
Е
сіңде болсын, қандай сенімде болғаныңа 
қарамастан діттеген мақсатыңа жетесің немесе 
жетпейсің. Алайда қандай жағдай орын алмасын, сенікі 
дұрыс деп біл.
Намаздарына берік адамдар қарапайым істі ғана 
орындауда, өйткені, олар ақылдарын қандай жағдай 
болмасын намазын оқи алатынына қауқарлы деп 
сендірген. Ми – дененің бұлшық еттері секілді. Ал 
бұлшық еттер жаттығулар арқылы шынығып, өседі. Сол 
сияқты ақыл белгілі бір ойды немесе белгілі бір сенімді 
өсіре алады.
Мысалы, кеш ұйықтаған күні таң намазына тұрмас 
үшін түрлі сылтаулар табылады. Алайда ұшаққа үлгеру 
үшін немесе жаңа жұмысқа тұру үшін кездесуге бару 
керек болғанда дәл солай кеш жатып, ерте тұру керек 
болса оянуға итермелейтін мыңдаған себептер табар 
едің.
Екі жағдайда да бір уақытта жату, бір уақытта тұру 
керек, алайда ақылыңды билеп жатқан ойлар әртүрлі 
нәтижелер беріп отырғанын түсінуің керек. Неге? 


iqup
45
Себебі ақылың өзің еккен ойды қолдайтын логикалық 
себептер іздейді. Ол ой қате болса да ақыл сол жүйемен 
жұмыс жасайды.
Ұйықтар алдында өзіңе: «таң намазына тұра 
алмайсың-ау, бүгін қатты шаршадың» деп айтсаң, 
ақылың бұл ойды қолдайтын жүздеген себептер тауып 
береді. Ал ұйықтар алдында: «ұшаққа үлгеруің керек 
немесе маңызды кездесуге кешікпеу керек» деп айтсаң, 
бұл ойды да қолдайтын жүздеген логикалық себептер 
тауып береді. Сонда тіпті оятқышсыз-ақ оянасың.
Мидың жұмыс жасау принципі осындай болса 
неге оны намазға қарсы емес, намазға тірек етіп 
қолданбаймыз?
Намаз оқымайтын адам таң намазын жамағатпен 
оқыса немесе бір күнгі намазын толық оқыса қуаныш 
пен шаттықты сезінеді.
Демек намаз бақыт пен қуаныштың, тыныштықтың 
негізі болса, миымызға сол бейнеде қабылдауына жол 
берейік. Тіпті намаз оқымасаң да осылайша елестету 
арқылы намазды тастамай, керісінше, намаз оқуға 
жәрдем беретін жолдарды іздей бастайсың.
БІР КҮН ӘЛЕМІНЕН БҮГІН ШЫҚ
Бұл күн – кенеттен жағдайың өзгеріп, 
намаз оқып кететін күнің.
iqup


МҮМКІНДІК
46
Өкінішке орай, ол күн ешқашан келмейді.
Оны күтпей-ақ қой. Керісінше, 
ол күнді өзің жаса.
Ол үшін ең алдымен сылтауларға 
толы «бір күні» әлемінен шық.
Намазды тастауды үйренгеннің 
орнына намазға берік болуды үйрен!
НАМАЗҒА КЕЛМЕС БҰРЫН ЕҢ БІРІНШІ
Жаратушыны таны.
Егер оны жақын таныр болсаң
жақсы көретін боласың.
Ал жақсы көрсең, бойұсынасың.
Сені Алламен бұйрық пен тыйым 
ғана байланыстырмайтынын біл!
ОЛ АЛЛА - МЕЙІРІМДІ
Құлдарының көркем істері үшін ізгілік 
Етуші, құлдары қанша жерден ауыр күнә 
жасаса да тәубеге келген жағдайда өте 
Кешірімді. Әрбір жақсылық пен сауапты 
істің қарымын еселеп Қайтарушы.
iqup


iqup
47
Күн сайын Алланы еске түсіретін 
дәрістерді тыңдап, оқу арқылы 
рухыңды азықтандыр!
Ескерт! Себебі ескерту мұсылмандарға 
пайда береді! Намаз көзіңнің нұры болсын.
Нәпсіңнің намаз жайлы сыбырлаған 
әрбір ойы намазға сақ болуыңа немесе 
оны тастап кетуіңе ықпал етеді.
Намаз туралы жақсы ойлау мен сеніміңді 
нығайту оған сақ болуға көмектеседі.
Намазбен байланысты әдемі 
естеліктеріңді пайдалан. Оны әуелдегі 
намаздың қате түсінігіне қарсы қой.
Намазды тастауға көмектесетін 
тәсілдерді іздегенше, намазды тұрақты 
түрде оқуға көмектесетін тәсілдерді ізде.
iqup




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет