О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет15/50
Дата04.05.2023
өлшемі13,65 Mb.
#176073
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50
Байланысты:
Mumkindik x Asik
практика 4, Ет консервілердің жіктелуі және ассортименті, AUES Ungarov, Жанбараков Ж..... 7 СРС, Физика. Тәжірибелік сабақ. №1, aidos ezh zhogary matematika1 2, консерв окулык, 4 наука, Кәсіпкерлік 5, Ақпарат түсінігі ЦТ срсп, физиология, 1топ Осн биотех 9практ, 9 БӨЖ, Виртуальный лабораторный практикум по дисциплине База данных, семестрлик жумыс Толегенова Асем
Non-Negotiable Mind – 
Ақылыңмен ақылдаспа
А
қылыңмен кеңеспе! Жетістікке жеткендер 
жоспардағы жұмысына ойланып, кеңеспей-ақ 
бірден кіріседі. Сол сияқты намаз оқитындар да намаз 
оқитын кезде ақылымен кеңеспейді. Олар қашанда:
Намазды қазір оқиын ба немесе бірінші 
жұмысымды аяқтап алайын ба?
Тамақтың дайын болғанын күтейін бе әлде 
намаз оқып алайын ба?
Дәрет алу үшін аяқ киімді шешу қиын болып 
тұр.
Ұйқым қанғанша тағы 5-10 минут жата 
тұрайын,- деген ойларды ысырып тастайды.
Ақылыңмен ақылдаспа! Кей мәселеде ақылмен 
ақылдасу көп энергияңды алып қояды. Ол – 
жалқаулықтың 
басты 
себебі. 
Психологтардың 
айтуынша, жалқаулықтан құтылып, істі кейінге 
iqup


МҮМКІНДІК
54
қалдырмаудың (прокрастинация) ең жақсы жолы – ол 
ақылыңа үндемеуді бұйырып, іске бірден кірісіп кету.
Азанды естіген уақытта ақылыңа үндемеуді 
бұйырып, дәрет алып, бірден намаз оқып таста. Ең 
жақсысы, намазыңды оқып болмайынша ешқандай 
адаммен әңгіме- дүкен құрма. Себебі әңгімеден әңгіме 
шығып, кейін шайтан араласып, намазыңды кешіктіріп 
алуың мүмкін.
Не істеп жатсаң да, қай жерде болсаң да намазды 
қазір оқиын ба, кейін бе деп ойланба. Энергияңды 
ойлану, толғануға жұмсама. Намазды бірден оқуға 
тырысқан сайын рухың қуаттанып, уақыт өте келе 
әдетке айналады. Бұл жетістікке жеткен адамдар мен 
намазын қаза қылмай оқитын жандардың ең жақсы 
әдеттері болып саналады.
Егіншілікпен айналысатын бір адам шалғысын 
көтерген кезде азанды еститін болса, шайтанның 
азғыруынан қорқып, дереу шалғысын тастай салады 
екен. Қарап тұрсаңыз, болмашы ғана бір амал, бірақ 
намаз мәселесінде ақылмен кеңеспеуге мәжбүрлейтін 
жаттығу. Мешітке жүрегі байланған қарт кісінің баласы 
былай деп айтқан екен: «Бір күні далада қатты нөсер 
жауып тұрған еді. Әкемнен мешітке бармай намазын 
үйде оқуын сұрадым.
Ол былай деп жауап берді: «Аллаға серт! Далада тас 
жауып тұрса да, намазды мешітке барып оқимын!..»
Адамның мықтылығы – намазға келгенде ақылымен 
санаспау.


iqup
55


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет