О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет23/50
Дата04.05.2023
өлшемі13,65 Mb.
#176073
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   50
Байланысты:
Mumkindik x Asik
практика 4, Ет консервілердің жіктелуі және ассортименті, AUES Ungarov, Жанбараков Ж..... 7 СРС, Физика. Тәжірибелік сабақ. №1, aidos ezh zhogary matematika1 2, консерв окулык, 4 наука, Кәсіпкерлік 5, Ақпарат түсінігі ЦТ срсп, физиология, 1топ Осн биотех 9практ, 9 БӨЖ, Виртуальный лабораторный практикум по дисциплине База данных, семестрлик жумыс Толегенова Асем
Сыйлық алғың келе ме?
Н
амаз – күнделікті жасайтын амалдардың бірі. 
Намазды қиналмай автоматты түрде орындайтын 
әдет болғанын қалаймыз. Мақсатымыз - азанды ести 
салғанда дәрет алып, дереу намазға тұру.
Айтайын дегенім, намаз оқуды емес, намазға тұруды 
әдет қылу. Олай деу себебім, адам намазды саналы түрде 
орындауы қажет. Сонымен қатар намазды күнделікті 
әдет деп айта аламыз, өйткені ол – қайталанатын амал. 
Адамдар арасындағы әдет түсінігі емес яғни, ғибадатты 
әдетке айналдыру емес. Бұл жерде әдетті ғылыми 
түрде қарастырып жатырмыз. Ал, 
әдет – күнделікті 
қайталанатын іс-әрекет.
Әдеттердің қалыптасуына жүргізілген зерттеулерден 
белгілі болғандай егер адам жақсы әрі пайдалы әдет 
қалыптастырғысы келсе, оған әдетке қызығушылығын 
арттыратын стимул мен оның үздіксіз жалғасуына 
көмектесетін сыйлық қажет.
Өткен тарауларда айтқандай, стимул намазды 
орындауға деген қызығушылықты арттырып, намазға 


МҮМКІНДІК
78
сақ болуға кепіл болады. Алла Тағала бізге намазды 
өтеп болғаннан кейін алатын сыйлығымызды әзірлеп 
қойған. Ол сыйлық бізге бір намазды болған соң келесі 
намазды күткізеді.


iqup
79
Баға жетпес сыйлық– 
жан тыныштығы
Ы
қыласпен намаз оқып болғаннан соң сезілетін 
сезім, жандүниеміздің бұл дүниедегі сезіне 
алатын ең әдемі сезімі – жан тыныштығы. Алла Тағала 
бұл дүниені бақыттың негізі қылмады. Себебі ол – 
Әділ. Өйткені ешбір жаратылыс дүние мүліктің иесі 
емес. Алайда бәрін білуші Алла бақыт атаулыны жан 
тыныштығына сыйдырып қойған.
Түгі болмаса да жан тыныштығы болған кедей 
бақытты. Ал жан тыныштығы болмаса дүниесі асып- 
тасыған бай да бақытсыз. Бұл дүниенің барлық нығметі 
– жан тыныштығынсыз бейнет, азап, жаза. Бұл дүниенің 
қызығын көріп, кейін Раббыларына қайтып
тәубе еткендермен әңгімелесе келе тәубе ету себебін 
сұрадым:
«Құдіретті Алланың қалауымен берілген тыныштық 
сезімі өзіңді осы дүниенің патшасы сияқты сезіндіреді», 
- дейді. Олар үшін Аллаға жақын болғандағы сәттерден 
алатын ләззатқа ешбір ләззат тең келмейді. Бір ғалым 
кісі: «Адам жан тыныштығымен тікеннің үстінде де 


МҮМКІНДІК
80
ұйықтайды. Себебі ол - жұмсақ төсек. Адам жібекке 
оранып ұйықтаса да жаны тыныш болмаса, ол оған тікен 
болмақ. Адам қиын жағдайдан жан тыныштығын табуу 
арқылы шығады. Себебі ол - рақымдық пен жеңілдік. 
Тыныштығы қашқан адам болмашы қиындықпен 
күрессе де, ауырлық пен машақат кешпек», - дейді.
Алла Тағала тыныштықпен бірге ризық берсе, онда 
ол – мол берекет. Өйткені ол – осы өмірдің байлығы, 
ақыреттің қамы. Ал жан тыныштығынсыз келген ризық 
- қорқыныш пен уайымның көзі. Ол –көреалмаушылық 
пен жек көрудің басы. Мүмкін оны сараңдықпен 
жоғалтып алар немесе шектен шыға ысырап қылып 
тауысар. Алла Тағала жан тыныштығымен бірге ұрпақ 
берсе, ол – бұл дүниенің зейнеті, қуаныш пен рахаттың 
негізі. Салиқалы ұрпақ қалдырғандар үшін ақыретте 
еселенген сауап берілетіні мәлім. Жан тыныштығы 
болмаса ұрпағың да бәлекет, өзің бақытсыз, тірлігің 
қиын, түнің мазасыз ал күндізің шаршаумен өтеді. 
Жаратушы жан тыныштығымен қоса денсаулық 
сыйласа, ол – нығмет және жайлы өмір. Ал егер жан 
тыныштығы болмаса, денсаулық та – қасірет. 
Алла Тағала билік пен атақты жан тыныштығымен 
қоса берсе, ол – жақсылық жасаудың құралы, 
қауіпсіздіктің негізі. Егер жан тыныштығы болмаса
одан айырылып қалудан қорқу, зұлымдық пен шектен 
шығудың негізі, көреалмаушылық пен жек көрушіліктің 
бастамасы, ақыреттегі оттан болған үлкен капиталыңа 
айналмақ.


iqup
81
Егер 
жан 
тыныштығы 
ақылдан, 
білімнен, 
денсаулықтан, күш-қайраттан, дүние мен байлықтан, 
атақ пен даңқтан табылмаса, оған жетудің жолы 
қандай?
Хушуғ – жан тыныштығының жолы. Хушуғ дегеніміз 
– жан-тәнімен беріліп намаз оқу. Сені намазға құштар 
қылып, жан тыныштығын сыйлайтын дүние – ол 
намаздағы хушуғ. Хушуғ арқылы намазың рутиналық 
әдет емес, жаңарған құлшылыққа айналады.
Көптеген адам намазына берік жанның ерекше 
биологиялық бейімділігі немесе иләһи қабілеті бар 
деп ойлайтыны сияқты, намазды хушуғпен оқуды да 
Алланың қалағанына беріп, қаламағанына бермейтін 
нәрсесі деп ойлайды.
Хушуғ жайлы айтпас бұрын бір нәрсені айта кетейін, 
мысалы, біз бір бақытты адамды қалай сипаттаймыз? 
Ол жылы жүзді, әрдайым күлімсіреп жүреді, онымен 
сөйлескен кезде дауысының ырғағынан-ақ бақытты 
екенін білуге болады. Құлазыған адамды сипаттасақ 
– түрі мұңды, басы салбыраңқы, онымен сөйлескен 
кезде оның бақытсыз екені дауыс ырғағынан білініп 
тұрады. Егер бір топ адамды көрсетіп, олардың 
арасында кім бақытты, кім бақытсыз, кімнің шаршап 
тұрғанын сұрайтын болсам, олармен сөйлеспесей-ақ, 
сырт келбетіне қарап сипаттап бере аласың. Адамның 
іс-әрекеті де оның ішкі сезімін көрсетеді. Сенің 
бақытты екеніңді іс-әрекетің көрсетеді. Егер бойыңды 
үрей билеп тұрса, ол да әрекетіңнен, мимикаңнан 


МҮМКІНДІК
82
байқалады. Психологтар бұның керісіншесін де жоққа 
шығармайды. Ол дегеніміз, егер сырт көрінісіңді 
өзгертсең, ол ішкі сезіміңе әсер етеді. Егер қайғырып 
тұрсаң, бұл сезімді қандай да бір қимыл жасау арқылы 
кетіруге болады. Арқаны тік ұстау немесе еңсені көтеру, 
бетіңдегі мимикаларды өзгерту, өз дауыс ырғағын 
басқару адамның психологиялық және эмоционалды 
жағдайына үлкен әсер етеді. Мемлекет басшылары, 
лауазымды тұлғалар көпшіліктің алдында сөйлеу үшін 
алдымен дене тілін (язык тела) басқаруға жаттығады. 
Өйткені бұл халықтың алдында сөйлегенде өзіне деген 
сенімділікті, өзінің позитивтілігі мен сөзін өтімді етуіне 
көмектеседі.
Енді біз намазын хушуғпен оқитын адамды қалай 
сипаттаймыз? Ол адамды асқан байсалды деп сипаттар 
едік. Оның әрекеті баяу әрі салмақты болар еді. Оның 
оқыған Құраны тыныштық сыйлайды. Қиямы мен 
сәждесі ұзақ дер едік Оның екі сәжде арасындағы 
уақыты басқаның сәждесінен ұзақ болар еді. Осы 
сияқты хушуғтың біз жасай алатын сыртқы сипаттары 
бар. Егер біз сыртқы жағдайды реттесек, ішкі сезіміміз 
соған бағынып, біз намаздан жан тыныштығын табар 
едік.


iqup
83


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет