О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет35/50
Дата04.05.2023
өлшемі13,65 Mb.
#176073
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50
Байланысты:
Mumkindik x Asik

ІСТЕГЕН 
АҚЫМАҚТЫҚТАРЫМ


iqup
119
Істеген ақымақтықтарым
Б
ұл - кітаптары миллиондаған тиражбен сатылған 
әйгілі американдық жазушы Дэйл Карнегидің 
жұмыс үстеліндегі жеке папканың атауы. Карнеги ол 
папкада қателіктері мен ақымақтығы туралы жазған. 
Ол осы папканы ашып, оны қайта оқыған сайын өткен 
қателігінен сабақ ала отырып, ең қиын мәселелерді 
шешуге және болашақты жақсартуға қабілеті артатынын 
айтады. Өмірін жақсарту мен өмірде із қалдыру үшін 
«Мен жасаған ақымақтықтар» методын қолданған 
жалғыз Карнеги емес. Бұл методты Гиннес рекордтар 
кітабына әлемдегі ең үздік сатушы ретінде кірген және 
де «How To Sell Anything To Anybody» - «Кез келген 
нәрсені қалай сатуға болады» кітабының авторы Джо 
Джерард та қолданған.
Джо Джерард өзін әлемдегі ең үздік сатушы қылған 
себептің бірі - ақымақтықтары мен қателіктерінен сабақ 
алу екенін айтады. Ол әр сәтсіз жасалған келісімнің 
себебін анықтау үшін сол келісім шарттың құжаттарын 
қарап отырып одан сабақ алып, оларды қайталаудан 
аулақ болған екен. Бұл методика оны сәтті келісім-
шарттардың рекордтық санына жеткізген. Мүмкін біз 


МҮМКІНДІК
120
көріп отырған ғылыми-техникалық прогресс «мен 
жасаған ақымақтықтар» методының арқасында жүзеге 
асқан болар.
Бәлкім ең алғашқы жасалған көліктегі қателіктен 
сабақ алмағанда өзіміздің мініп жүрген көліктер болмас 
па еді. Қателіктерден және ақымақтардан сабақ алу - 
табысты һәм бақытты өмір іздеген кез келген адамға 
тиімді құрал.


iqup
121
Қателіктеріңді қолдан!
Қ
ателіктерге толы өткенің сені намаздан 
алшақтататын сылтау. Егер қателіктен дер 
кезінде сабақ алған болсаң, қазір пайдалы болары 
сөзсіз. Өткен өмірің – жақсы өмір сүруіңе кепіл 
болатын тәжірибеге бай ресурс. Көптеген кітап оқып, 
мыңдаған ақпарат алсаң да қазіргі өміріңе қатысты 
дұрыс кеңес беретін – өткенің. Намазды үзбей оқитын 
адамдардың қатарына қосылу үшін жүріп жатқан жол 
дүние мен ақырет бақытын қамтитынын ескерсең 
болғаны. Енді сенде шайтан мен нәпсіңе қарсы үлкен 
шайқас басталады. Кейде сәтсіздікке ұшырап нәпсің 
мен шайтанның алдында жеңілесің, соның кесірінен 
намаздан алшақтайсың. Бір істеген қателікті екінші рет 
қайталама, оны қайталамас үшін сәтсіздікке ұшыраған 
кезіңді егжей-тегжейлі талда, сол кезде сәтсіздікке 
апарған себептер айқындалады.
Бір дана кісі былай деп айтыпты: 
«Ақымақ – 
қателігін екі рет қайталайды, ал ақылды адам болса 
екінші рет сол қателігін қайталамайды, ал ең ақылды 
адам – ақымақ пен ақылдының қателіктерінен сабақ 


МҮМКІНДІК
122
алып, олардың істеген қателіктерінен іргесін аулақ 
ұстайды».
Сіз бен біз ақылды адамдар санатынан болғымыз 
келетіні анық. Намазды қаза қылып алған сайын 
себептеріне тоқталып, сабақ алып, қателіктерді 
қайталаудан аулақ болуға тырысамыз. Намазын сирек 
қаза қылатын адамдармен әңгімелескенде олардың 
«менің жасаған ақымақтықтарым» методын автоматты 
түрде қолданатынын байқадым. Өйткені оларда 
тәжірибелер нәтижесінде қалыптасқан әдеттер бар 
екен. Мысалы, олар үйлерінен шықпас бұрын дәрет 
алады, егер сыртта жүргенде намаз уақыты кіре қалса 
намаз оқу болады. Сонымен қатар дәретпен жүрген 
адам оңайлықпен азғырылмайды. Ал азғырушы шайтан 
шұлығымызды шешіп, дәрет алатын кезде бейне 
бір шұлықты емес, азу тісімізді жұлып жатқандай 
сезіндіреді не болмаса шалбарымыз су болып, сәні 
қашып тұрғандай сезіндіреді. Тіпті мешітте аяқ-
киіміміз ұрланып немесе қымбат затымызды ұмытып 
бара жатқанымызды елестетеді.
Дәрет алмақ болып жатқанда сыбырлаушылар бізге 
жүздеген сценарийді елестетеді. Сөйтіп намазды үйге 
келгенде оқуды ұйғарамыз, ал үйге келгенде намаз 
уақыты өтіп кетеді. Үйге уақытында келсек те намаз оқу 
сырттағыдан да ауыр болып, сол бойы қаза болып қала 
береді.
Сондықтан намаз уақыты кірместен намазға 
дайын болыңыз. Намазды үзбей оқитындар айтып 


iqup
123
кеткеніміздей, азан шақырылғанын естіген бойда 
намаз оқиды, намаз уақытының ең алғашқы минутынан 
бастап, олар бөгет болатын кедергіге жол бермейді. 
Олар намаз уақыты шегерілген сайын намаз оқу 
ауырлай түсетінін біледі.
Осыған байланысты психологияда өте маңызды (Five 
Seconds Rule/Бес Секунд ережесі) деп аталатын әдіс 
бар. Бұл қағида адамға күнделікті кішігірім шешімдерді 
қабылдау үшін 5 секунд жететінін айтады.
Мысалы, таңертең оятқыштың дауысын естіген кезде 
5 секунд ішінде ояну үшін денеңді қозғалтпасаң, ояна 
алмайсың. Ақылың да сол секілді принциппен жүреді. 
Диетаңды бұзбай ұстайсың ба, әлде алдыңда тұрған 
тоқашты жей саласың ба? - деген сұраққа жауап беру 
үшін тек 5 секунд беріледі.
Бұл қағида намазға да қатысты, егер азан айта 
салысымен 5 секунд ішінде дәрет алуға немесе мешітке 
баруға әрекет етпесең, онда шайтан мен сенің араңда 
намаз оқып-оқымау жөнінде шайқас басталады.
Маған таң намазын қаза қылып алмауға өте қатты 
септігін тигізген нәрсенің бірі – ауа райы қандай болса 
да мұздай сумен шомылу, жоқ дегенде басты ғана жуу. 
Салқын суға шомылу - қан айналымын күшейтіп, адамды 
сергек қылады. Таңыңды ұйқылы-ояу қарсы алма!
Мұнымен қоса намазын үзбей оқитындардың 
кейбірі тамақты намаздан кейін, ал кейбірінің 
намаздан бұрын ішетінін байқадым. Намаздан кейін 


МҮМКІНДІК
124
ішуге әдеттенгендерге, тамақтан кейін намаз оқу ауыр 
болып тұрады. Ал намазды тамақтан кейін оқитындарға 
намазды аш қарынға оқу ауыр екен. Олар тамақтанып 
алып, күш жинап намаз оқығанды ұнатады. Өзіңнің қай 
топқа жататыныңды байқап көр.
Өзіңді намаздан алшақтататын қателіктерді анықтап, 
олардан сабақ алып, қайталамауға тырыс!
Ардақты пайғамбарымыз:
«Шынайы мүмін – бір іннен (жылан 
немесе улы жәндіктің інінен)
екі рет шақтырмайды»,- деген.
iqup




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет