О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет37/50
Дата04.05.2023
өлшемі13,65 Mb.
#176073
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50
Байланысты:
Mumkindik x Asik

Витамин D
Е
гер үйің мен мешіттің арасы үш минуттық жер 
болса, онда мешітке алты минутта барып келеді 
екенсің. Олай болса бес уақыт намазыңды мешітте 
оқитын болсаң күніне отыз минут жаяу жүрген боласың.
Енді біз күніне отыз минут жаяу жүрудің өміріңе 
қалай әсер ететінін айтайық.
Летаргия, ұйқышылдық және қобалжу – бұл 
физиологиялық сезім. Адам қозғалғанда немесе жүрген 
кезінде денесіндегі гормондық фон өзгереді. Ғылыми 
зерттеулер адамның жүру кезінде тыныс алу және дем 
шығару процесі демалуға, жүйкені тыныштандыруға 
және стресстен арылуға көп ықпал ететінін көрсетті. 
Әрдайым жаяу жүру ағзадағы денсаулыққа зиян 
холестериннен арылуға көмектеседі және денсаулыққа 
пайдалы холестерин мөлшерін көбейтеді. Бұл өз 
кезегінде, денедегі салмақты бір қалыпта, қажетті 
тонуста ұстайды және көңіл-күйді жақсартуға 
көмектеседі. 


iqup
131
Жаяу серуендеу қандағы D витаминінің көбеюіне 
ықпал етеді. Бұл жүрек және қан тамыр ауруларының 
қаупін азайтады.
Жаяу жүру сан мен сан сіңір бұлшық еттері секілді 
дененің үлкен бұлшық еттерін шынықтырады және 
бұл бұлшық еттердің қозғалысы денеде қанның 
таралуын жақсартуға көмектеседі. Ол ағзаны оттегімен 
қамтамасыз етіп, жүрек пен жүрек тамырларының 
төзімділігін 
арттырады, 
сүйектердің 
саулығын 
сақтайды, семіздіктен арылтады және қант диабетінің 
пайда болу мүмкіндігін азайтады.
Күнделікті бес уақыт намаз үшін мешітке отыз 
минут жаяу жүріп барсаңыз жетіп жатыр. Сол сияқты 
жаяу жүру летаргия, ұйқы басу және қобалжу сияқты 
сезімдердің алдын алып, күні бойы өзіңізді жақсы 
сезінуге көмектеседі. 


МҮМКІНДІК
132
Йога
Н
амаз оқығанда кем дегенде рукуғқа (алдыға 
қарай толық денемен еңкею) он жеті рет, ал 
сәждеге отыз төрт рет барады екенбіз.
Жер бетінде намаз оқитын адамдардан басқа дәл 
осылай тұрақты түрде қозғалып отыратын адамды 
таппайсыз.
177 адамға мұсылмандардың намаз уақытында 
істейтін қимылдарына (қиям-рукуғ-сәжде) қатысты 
жасалған тәжірибеде ол қимылдар арқа ауырсынуы 
мен арқа жарығының (грыжа) пайда болу мүмкіндігін 
азайтқаны дәлелденген.
Батыс 
елдеріндегі 
физиотерапияға 
мамандандырылған көптеген медициналық және спорт 
орталықтарында құлшылық уақытында жасалатын 
қиям, рукуғ, сәжде сияқты қимылдарды денсаулықты 
жақсарту мен емдеуге арналған негізгі қимыл ретінде 
қабылдағандығы дәлелденді. Зерттеу барысында бұл 
қозғалыстардың күніне бірнеше рет қайталануы сау 
адамдарды медициналық тұрғыдан «High Fitness» 
деп аталатын жағдайға жеткізеді. Бұл семіздік, қант 


iqup
133
диабеті және стресстен зардап шегетін науқастардың 
биологиялық процестерін қалпына келтіруге және 
реттеуге көмектеседі. Сонымен қатар бұл дене, көз, 
ауыз, тіл, асқазанның, ішектің және өкпенің ішкі 
бұлшықеттері сияқты дененің көптеген бұлшықеттеріне 
пайдалы, өйткені олардың қозғалысы күшейеді.
Зерттеуде бел ауырсынуы ересектерде жиі 
кездесетін проблема екендігі анықталған ал ол көбінесе 
артқы бойлық сіңірлердің икемділігінің жоғалуына 
байланысты пайда болады. Ал тізені түзу ұстап тұрғанда 
арқаны алға түзу ию процесі (рукуғ істеу) арқадағы 
артқы бойлық сіңірлердің жұмсақтығын арттыруға 
және белдің ауырсынуын азайтуға көмектеседі.
Сондай-ақ, намаз дененің барлық үлкенді-кішілі 
буындарына артық күш салмастан қозғалтады және 
бұлшықет қысымына төтеп беру қабілетін дамыта 
отырып, оның өнімділігін қамтамасыз етеді. Сәжде 
ми тінін қамтамасыз ететін қан тамырлардың қалпын 
сақтайды. Бұл оның функцияларын адам қартайған 
кезде кешенді орындауға мүмкіндік береді. Сондай-
ақ, сәждемен асқазан, ішек бұлшық еттерімен санның 
жанасуы нәтижесінде ас қорыту жүйесінің белсенділігі 
жоғарылайды. Сондықтан іштің қабырғасын бауыр 
және ұйқы безін белсендендіру және нығайту өзін- 
өзі тазалау қызметін атқаруға көмектеседі. Бұл қимыл 
асқазан мен ішектің және өт шырындарының бөлінуін 
қамтамасыз етеді. Осылайша ас қорыту мен тоқ ішектің 
күйі жақсарады, іш қатуын болдырмайды және іш пен 


МҮМКІНДІК
134
бөксе айналасындағы майдың жиналуын азайтады. 
Осылайша сәжде – йоганың ең жақсы жаттығуларының 
біріне айналып шыға келеді.
Дене бес уақыт бойы намазда қайталанып 
отыратын «тәшәһудта» тізерлеп отырады, осы қалыпты 
орындаған кезде бүкіл дененің салмағының бөкседен 
жоғары қысымымен тізенің толық иілуін байқаймыз, 
бұл өз кезегінде бөксемен іргелес балтыр сияқты 
барлықаяқ бұлшық еттеріне қысым жасайды. Осының 
әсерінен сол жерде артерия, вена қан тамырларында 
тұрып қалған қанды босатып, қанның тұйықталуын 
жояды. Сондықтан тәшәһуд отырысы тамырлар мен 
тамырлардағы тромбозға ең жақсы профилактикалық 
жаттығулардың бірі болып табылады.
Тәшәһудтан кейін мойынды оңға және солға бұрып 
сәлем береміз. Бұл қарапайым қимылды намаз 
оқымайтын кісілер өте сирек істейді. Бұл жаттығуды 
күніне кемінде бес рет орындау: мойын бұлшық еттері, 
омыртқалар мен мойын сіңірлеріне өте пайдалы. 
Бұл мойынның икемділігі мен күшінің жоғарылауына 
әсерін тигізеді және мойын омыртқаларының қатайып, 
мойын дискілерінің таюына жол бермейді.
Сонымен қатар намаз адамға кенеттен пайда болған 
жағдайларға тез бейімделуге көмектеседі. Мысалы, 
ұзақ отырыстан кейін кенеттен тұра қалған кезде қан 
қысымы көтеріліп, кейде талып қалатын жағдайлар 
жоқ емес. Үнемі намазын үзбей оқитындар бұндай 
жағдайларға көп тап бола бермейді. Сонымен қоса 
олар бас айналу немесе жүрек айну сияқты сезімдерге 
сирек шалдығады.


iqup
135


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет