О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет34/50
Дата04.05.2023
өлшемі13,65 Mb.
#176073
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50
Байланысты:
Mumkindik x Asik
практика 4, Ет консервілердің жіктелуі және ассортименті, AUES Ungarov, Жанбараков Ж..... 7 СРС, Физика. Тәжірибелік сабақ. №1, aidos ezh zhogary matematika1 2, консерв окулык, 4 наука, Кәсіпкерлік 5, Ақпарат түсінігі ЦТ срсп, физиология, 1топ Осн биотех 9практ, 9 БӨЖ, Виртуальный лабораторный практикум по дисциплине База данных, семестрлик жумыс Толегенова Асем
Бақыттың рецепті
Д
жордж Бернард Шоу бақыт жайлы былай деген: 
Адамның өзін бақытсыз сезінуінің себебі, ол 
өзінен «мен бақыттымын ба? бақытты емеспін бе?» 
деп сұрауға уақыт таба алмауы. Сөзінің жаны бар. 
Расында бос уақыт – улы қанішер. Сондықтан уайым 
мен қайғыға уақыт қалмайтындай бір нәрсемен 
шұғылдану керек. Шұғылдану дегеніміз - міндетті түрде 
жұмыс істеу деген сөз емес, яғни бос отырып қалмауға 
тырыс, тіпті, балалармен ойнау, отбасыңмен уақыт 
өткізуге де болады. Намаздың арасындағы уақыттарды 
тапсырмамен толтыр. Ал намаз уақытын демалатын 
уақыт ретінде қолдан. Бос уақытыңды нәпсіңнің 
игеріп кетуіне жол берме. Себебі ақылдың ең қауіпті 
жағдайының бірі – жұмыстан босап қалған кезі. Ал бір 
іспен айналысқанда, яғни ой бөлінгенде уайымның 
ізі де көрінбей кетеді. Ал жұмыстан кейінгі бос уақыт 
– адамның бақытын жоятын қауіпті нәрсе. Өмір деген 
сол, босай қалсаң уайым мен қайғысы дайын тұрады. 
Шайтан шабуылдап, өткенді еске түсіріп, болашағыңа 
алаңдатады. Психологтар бұл заңдылықты соғыстағы 
солдаттарға қолданған. Олардың соғыстан жүйкелері 
жұқарған кезде балық аулау, доп ойнау, бақша 


iqup
117
суару секілді түрлі істермен шұғылдандырады екен. 
Осылайша бір шаруамен айналысу олардың басынан 
өткенін ойлауға мүмкіндік бермейді. Бұл емнің 
атауы - «Occupational Therapy – Еңбек Терапиясы». 
Қазір ол психиатрияның бір саласына айналған. Ол 
еңбекпен, яғни әлденемен шұғылдануды ем ретінде 
ұсынады. Психология ілімнің ұсынатын тыныштығы, 
яғни тыныштықты сезіну, адам жұмыспен айналысқан 
кездегі жүйкенің демалуы болып табылады.
Ричард Бэрд өзінің «Alone» атты еңбегінде 5 ай 
бойы Антарктидада шатырда жалғыз өзі және жүз 
миль қашықтықта ешқандай тірі жансыз өмір сүргенін 
жазады. Оны жынданып кетуден жұмыспен шұғылдану 
құтқарғанын айтады. Ол өзі былай дейді: «Түнде ұйықтар 
алдында шамды сөндірмес бұрын ертеңгі жұмысымды 
елестететін едім. Қиялымда ертеңгі күнді сағаттарға 
бөлдім: екі сағатты тунель құрылысына арнадым. Бір 
сағатты қар күреуге, бір сағатымды асханаға сөре 
орнатуға арнадым. Осылайша уақытымды сағаттарға 
бөлдім. Егер бұл әдіс немесе осыған ұқсас нәрсе 
болмағанда, мен мақсатсыз өмір сүріп, құрдымға 
айналар едім деп ойлаймын».
Еңбекпен шұғылдану – бұл бақыт жолындағы дауа. 
Сондықтан бос отыруды рахат деп ойлап қалма. Күніңді 
намаздың тәртібіне сай ретте. Қайғы мен уайымға уақыт 
қалмайтындай етіп, намаздың арасындағы уақыттарды 
толтыр. Намазбен өмір сүр. Осы тәжірибені тексеріп 
көр!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет