Дәріс 11.12. Білім, ғылым, техника және технологиялар Негізгі мақсаты: Ағылшын эмперизмі мен француз материализмінің ағартушылық саласындағы істелген еңбектерін талдау, жалпы ағартушылық философиясына ден қою.
Негізгі түсініктер: диалектикалық материализм, натурфилософия, қоғамдық келісім, рационализм, эмперизм, субстанция, сенсуализм, интуиция, идол.
1.Қазіргі ғылымның жетістіктері және оның себептері.
2.Әдіс мәселесі. Танымның негізгі әдістері. Ғылыми таным әдістері және және ғылыми ақиқат ерекшелігі. Француз ағартушылық идеясы. Ж.Ж.Руссо, Фр.Вольтер, Ш.Монтеське.
3.Ғылыми және ғылыми емес білімнің демаркациясы мәселесі.
4.Ғылым құндылықтары. Д.Дидро, Г.Гольбах, Ғылымды білім, қызмет және әлеуметтік институт ретінде талдау.
Ғылым дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап берудің оңай еместігінің дәлелі ретінде оның қашан пайда болғандығы туралы пікірталастың әлі күнге толастамай отырғанын айтуға болады. Ғалымдардың бір тобы ғылым ежелгі дүниенің антикалық кезеңінде, яғни, осыдан 2,5 мың жыл бұрын пайда болды десе, енді бір ғалымдар нағыз ғылым тек Жаңа Дәуір кезеңінде, шамамен ХVІІІ-ғасырда қалыптасты деген пікірді үстанады. Мұндай пікірталастың себебі ғылымның күрделі және санқырлы құбылыс екендігінде. Ол бір жағынан алғанда білімдердің, теориялық қағидалар мен методтардың жүйесі, сонымен бірге қоғамдық сананың формасы, қоғамды» дамудың рухани жемісі, қоғам дамуын басқару құралы, өндіргіш күш күрделі информациялық жүйе және т.б. Осы әр түрлі салалардың мамандары ғылымға әр түрлі анықтамалар береді және олардың ешқайсысын да теріске шығаруға болмайды. Әртүрлі анықтамаларды қорыта келіп, ғылымның жалпы анықтамасын беретін болсақ, ғылым — табигат, қогам және адам туралы білімдер өндіруге багытталган зерттеу қызметі саласы.
Бұл анықтамадан ғылымның зерттеу пәні туралы түсінік алуға болады. Ғылым ең әуелі адамды қоршаған орта — табиғатты зерттеуге бағыталған қызметтің жемісі ретінде дүниеге келді. Бірақ ғылым процесіндегі басты тұлға, ғылымның басты субьектісі де, объектісі де — адамның өзі. Адамның қатысуынсыз ғылымның қалыптасуы мүмкін емес, сонымен бірге, адам өзін түсінуге, өз мүмкіндіктерін анықтауға, табиғат пен қоғамның ғана емес, өз болашағын болжауға көне заманнан бастап осы күнге дейін талпынып келеді және бұл процесс адам жерт бетінде қанша өмір сүрсе, сонша жалғаса бермек. Ғылымның функциялары. Ғылым күрделі әлеуметтік функциялар атқарады. Бұл функциялар ғылымның өзінің дамуымен бірге үнемі өзгеріп, толықтырылып және ғылымның дамуына өзіндік осерін тигізіп отырады. Ғылымның генезисі және негізгі даму кезеңдері.
Ғылымның генезисі, қоғамдағы қызметі және дамуының қозғаушы күштері мәселесі бойынша интерналистік, экстерналистік және позитивистік концепциялар бар. Интернализм ғылымның пайда болуы мен дамуына философиялық ой тікелей әсер етті деп есептейді және қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси құрылымы мен сол қоғамның ғылымының арасында ешқандай байланыс болуы мүмкін емес деген пікірді ұстанып, ғылымның ішкі факторларын абсолютке айналдырады. Экстернализм бұл концепцияға қарсы. Оның өкілдерінің пікірі бойынша, ғылымға сыртқы факторлардың әсері мықты. Позитивизм; ғылым нақты, тәжірибеден өткен, дәлеледенген фактілерге сүйене отырып дами алады, абстрактылық ойлау мен метафизикалық түсініктер ғылым үшін пайдасыз. Біздің ойымызша, ғылымның пайда болуына, эволюциясына, қоғамда атқаратын қызметіне жоғарыда аталған факторлардың бәрі де белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізеді және ол әр дәуірде әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан оларды бір-біріне қарсы қойып, немесе бір-бірінен бөліп алып, белгілі бір факторларды абсолютке айналдыру дұрыс емес.
Зерттеуші ғалымдар ғылымның даму кезеңдері туралы әр түрлі пікірлер айтады. Олардың бір тобы ғылым көне заманда қалыптасты десе, енді бір ғалымдар ғылым қоғамның ерекше саласы ретінде Жаңа Дәуірде пайда болды деп тұжырымдайды. Біздің пікірімізше, ғылымның даму кезеңдері туралы мейлінше дұрыс пікірді ұсынған қазіргі заманғы Ресей ғалымы В.В.Ильин. Ол ғылымның дамуын классикалық, классикалық емес және неоклассикалық емес деп жіктейді. Бұл жіктеуді ғылымның классикалыққа Дейінгі кезеңімен толықтырған дүрыс секілді деп ойлаймыз. Алғашқы қауымдық қоғам дамуының мыңжылдық практикасы ғылым ды қалыптастыра алған жоқ. Білім күнделікті өмірдің қажеттіліктері қанағаттандыруға ғана бағытталып, одан жоғары кетеріле алмады. Алғашқы қауымдық қоғамда өмір сүрген адамдар дүние туралы білім жинамады деуге болмайды, бірақ заттар туралы объективтік білім оларды субъективтік қабылдаумен тығыз байланысты еді, яғни, объективтік білім элементтері мен субъективтік сана арасында шекара болмады, табиғат құбылыстары адам және оның өмірімен байланысты түсіндірілді.
Адам ойы таза теориялық білім деңгейіне көтерілуі үшін оның дәстүрлі практикалық бағытталғандығын бұзу қажет еді. Ескі сананы күйрету санаға тікелей әсер ету арқылы емес, сана бейнелеп отырған дүниені түбірімен қайта түсіну арқылы жүрді. Дүниеге деген жаңа көзқараста заттар адамға байланысты емес, объективті, заттар мен адам жеке-жеке, бір-біріне қатысты, бірақ тәуелсіз, нәрселер ретінде пайымдалды. Осындай ерекшелік көне гректерге тән еді. Ғылымды зерттеуші ғалымдардың бәрі дерлік ғылымның отаны көне Греция деп мойындайды. Гректер Египет пен Вавилон империяларында бірнеше жүзжылдықтарға созылған соғыстардан аман қалған, ұзақ уақыт ескерілмеген білімдерді қабылдап алды және жәй қабылдап қана қоймай, өздерінің ақыл-ойының, ойлау қабілетінің күштілігі арқасында өздерінің білімдерін қоса отырып жаңа дәрежеге көтерген, оларға абстрактылық және рациональдік сипат берген халық болды.
Ғылым дамуының классикалық кезеңі ХVІ-ғасырдан басталды деуге болады. ХVІ-ғасыр — адам рухының қайта өркендеген кезеңі. Қалалардың көбеюі адамның сезімдері мен өмірлік құндылықтарының жаңа деңгейде дамуына оң әсерін тигізді. Университеттер пайда бола бастады, олар әлі күнге дейін ғылым ордасы болып есептеледі. Өркендеу дәуірінде елеулі ғылыми жаңалықтар дүниеге келді, осы кезеңде ғылым мен өнерді біріктірген ғұламалар өмір сүрді. Олардың бәрінің есімдерін және олар ашқан жаңалықтардың бәрін бірдей атап шығу мүмкін емес. Ең басты тұлғаларды ғана атасақ: Леонардо да Винчи (1452-1519) — ұлы суретші және қазіргі жаратылыстану ғылымының пионері; Николай Коперник (1473-1543) поляк астрономы, дүниенің гелиоцентристік жүйесін ашты; Джордано Бруно (1548-1600) — әлем біртұтас, шексіз, үнемі өзгеріп отыратын монадолардан тұрады деп тұжырымдады; Галилео Галилей (1564-1642) — Жер айналып отырады, дүниені математика, механика ғылымдарының, ақыл-ойдың көмегімен тануға болады деп пайымдады. Одан бергі ғылымдағы негізгі революциялық жаңалықтар — атом бөлшек-терінің ашылуы, атом бомбасының жасалуы, космосты игеру, ғылым же-тістіктерінің өндіріс саласына көптеп енгізілуі немесе ғылымның өндіргіш күш ретінде қарқынды дамуы, электроника және кибернетика салалары жетістіктерінің адамның өмір сүруін жеңілдету үшін қолданылуы, яғни, ғылымның адамның күнделікті тұрмысында кең орын алуы.
Бұл классикалық кезең Галилей мен Пуанкареге дейінгі ХVІ-ХХ ғасыр-ларды қамтиды.
Неоклассикалық емес қазіргі кезеңде ғылым жеке салаларға бөлініп кетті. Бұл құбылыс ғылымның дағдарысына әкеліп соқты деуге болады. Оның басты себебі — ғылымның басты мақсаты — жалпы дүние туралы білім жинау екендігі ұмыт болды және дүниені тұтас нәрсе деп қарастыру принципі естен шығарылды, әрбір ғылым өзімен-өзі болып кетті.
Ғылымды зерттеу аспектілері. Ғылым философиясы. Ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеу аса маңызды және ол ғылым мен ғылыми қызметті зерттейтін басқа пәндердің арасында ерекше, басты орын алады. Ғылымды зерттеудің әр түрлі жеке методтары мен арнайы ғылымтану пәндері қаншалықты профессивті және өзекті болғанымен, олар ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеудің орнын баса алмайды. Философия ғылымды қоғамдық сананың белгілі бір формасы және адамның дүниеге көзқарасын анықтаушы теориялық сана ретінде, қоршаған ортаға қатынастың типі ретінде сараптайды. Ғылым социологиясы. Ғылымды идеяның дамуы, танымдық жүйе деп қарастырумен шектелмей, оны қоғамдық өндірістің түрі, әлеуметтік жүйе ретінде түсіну ғылым социологиясының пәнін анықтайды. Ғылымды социологиялық танып-білу үш саланы қамтиды: 1) ғылыми қызметтің ішкі құрылымы, немесе әлеуметтік институт ретіндегі ғылыми қызмет шеңберіндегі қоғамдық қатынастар; 2) ғылым және қоғам, ғылым мен қоғамның басқа компоненттері арасындағы өзара қатынас және өзара байланыс; 3) ғылымдағы адам.
Ғылым психологиясы ХХ-гасырда қарқындап дамыды. Бұл құбылыс кіші ғылымдардан үлкен ғылымдарга көшумен, ғылыми-ізденіс жұмысында ұжымдық принципінің басым бола бастауымен, гылыми іс-қызметті күшейтудің факторларын ашуга ұмтылумен тыгыз байланысты. Қазіргі ғылым ерекше шыгармашылық және әлеуметтік жүйе, сондықтан психо-логиялық факторлардың гылыми процестің дамуын жеңілдетуге немесе бәсеңдетуге тигізетін әсері мол. Ғылым психологиясы галымның білім өндірісінде маңызды рөл атқаратын елестету, шабыттану, интуицим негіздеу және басқа психологиялық қасиеттерін-объектілерін зерттейді. Сонымен қатар, гылым психологиясы индивидуальдік-шыгармашылық құбылыстармен шектелмей, ғылыми ұжымдагы тұлғааралық қатынас- тардың гылым процесіне, галымдардың интеллектуалъдік қызметіне әсері. зерттеу объектісіретінде қарастырады. Ғылым психологиясы қазіргі ке- зеңде гылымды зерттеудің маңызды саласына айналып отыр. 17-18 ғ.ғ. өзінің ағартушыларын да туғызды. Олар П. Гассенди (1592-1655),Вольтер (1694-1778),Жан Жак Руссо (1712-1778),И.В.Гете (1749-1832)т.б. Олардың пайда болуына, ең алдымен, капиталистік қоғамның қалыптасуы, соған сәйкес жаратылыстану ғылымдарының, математиканың, физиканың, механиканың, физиологияның, медицинаның,т.б. адам санасына материалистік ұғымдарды ұялату нәтижесі себепші болды. Бірақ оған үстемдік құрған діни идеология қарсы шықты. Ең алғаш ол идеологияға қарсы күрес Англиядағы, Франциядағы, Германиядағы ағартушылық істен басталды. Олардың басты мәселелерінің бірі-адам тағдыры, оны рухани қыспақтан босату, саяси еркіндік, гуманизм мәселелері болатын. 18 ғасырдағы ағылшын материализмі сияқты механикалық метафизикалық материализмге жатады. Француз материалистері көпшілікке тікелей әсер ету үшін философиялық ой-пікірлерін салондарда айтып, ой тартыстарын тудырып, энциклопедиялық еңбектер жазып, ауызша да, жазбаша түрде де кең таратты. Негізінде олар дінді, оның уағыздаушыларын қатты сынға алды, сатиралық сөздермен мазақ етті. Бірақ қоғамдық құрылысты түсіндіруде олар идеалистік шеңберден шыға алмады. Француз философиясының өкілдеріне мыналарды жатқызуға болады: Жюльен Офре де Ламетри (1709-1751),Дени Дидро(1713-1748),Клод Адриан Гельвеций(1715-1771),Поль Анри Дитрих Гольбах(1723-1789). Дүниежүзілік философия тарихында француз ағартушыларының орны ерекше. Бұл философиялық-саяси бағыттың негізін қалаған Вольтер мен Монтескье болды. Олардың еңбектері француз ағартушыларының екінші буынының қалыптасуына зор әсерін тигізді. Оларға Ламетри, Дидро, Кондильяк, Руссо, Гольбах сияқты ойшылдар жатады. Француз ағартушылары философияның деңгейін өте биік дәрежеге көтерді. Адамзатты тебірендіретін барлық мәселелер философиялық зерде тұрғысынан шешілуі қажет, бұл - олардың негізгі қағидасы. Ой еріктігі бұрын-соңды болмаған дәрежеге көтерілді: дін, табиғатты түсіну, қоғам, мемлекеттің құрылымы мен басқарылуы – бәрі де үзілді-кесілді сыннан өтті, бүкіл бұрынғы қалыптасқан көзқарастардың көпшілігі теріске шығарылып, Дүниеге деген жаңа таным қалыптаса бастады. Француз ағартушыларының еңбектерінде табиғат және ондағы адамның орнына деген материалистік көзқарас қалыптаса бастады, әсіресе олардың әлеуметтік-саяси көзқарастары сол кездегі қоғамдағы ахуалға өзінің зор әсерін тигізді. Егер ағылшын ағартушыларының көбі король билігін жақтап, я болмаса аристократияны қолдаса, француз ойшылдары феодалдық тәртіпке үзілді-кесілді қарсы шығып, саяси-құқтық мәселелерді күн тәртібіне ашық та айқын қоя білді. Шарль Луи де Монтескье (1689-1775 жж.)француз ақсүйектерінің семьясында дүниеге келеді. Сол кездегі беделді оқу орындарында оқып, білім алады. Негізгі еңбектері: «Персиялық хаттар», «Заңдардың рухы жөнінде», «Римдіктердің өрлеуі мен құлдырауының себептері». Өзінің ең алғашқы «Персиялық хаттар» атты еңбегінде Монтескье монархиялық тәртіпті, ақсүйектердің дүние шашуын, діни қызметкерлердің екіжүзділігін айыптап, сынға алады, оларды Шығыстағы «Азиаттық деспотиямен» салыстырады. Әсіресе ол христиан дінін қатты сынайды. Христиан діні сүйіспеншілік діні болуға тырысқанымен, өзінің тарихында талай-талай қақтығыс пен соғыстарды әкелді. Христиандарда ақылға сыймайтын мәселелер көп: оларға үш бірмен тең, жеп отырған нандары - нан емес, ішкен шараптары - шарап емес т.с.с. Бірақ ол христиан дінін сынағанмен, Құдай идеясын толығынан теріске шығарған жоқ. Ол бұл мәселе бойынша деистік көзқараста болды. Құдай өзінің құдіретті күшінің негізінде табиғатты және оның заңдылықтарын тудырды, ал содан кейін Ол табиғаттың әрі қарай өмір сүруіне килікпейді. Екіншіден, ол дінге гуманистік-өмірлік бағыт бергісі келді. Мысалы, оның ойынша, егер Құдай дінді адамдарға ізгілік үшін берсе, онда адамдардың осы Дүниедегі бақытқа ұмтылуы күнә емес. Егер Құдай адамдарды сүйсе, онда адамдар да бір-бірін сүюі керек, бір-біріне бақытқа жету жолында көмектесуі қажет. Монтескье өз заманының күрделі мәселелерін терең түсіну үшін адамзат тарихына үңіліп, «Римдіктердің өрлеуі мен құлдырауы жөнінде» деген еңбегін жазады. Мұнда оның тарих философиясын байқаймыз. Ол тарихты діни жолмен түсіну (христиандық провиденциализм), я болмаса оны нешетүрлі кездейсоқтық уақиғалардың жиынтығы ретінде қараудан бас тартады. Оның ойынша, «әрбір мемлекеттің өрлеуі мен құлдырауының, күшеюі мен әлсіреуінің жалпы рухани және физикалық себептері бар». Көне замандағы Римдіктердің өрлеп, күшеюін Монтескье азаматтық құндылықтардан, адамдардың өздерінің жеке мүдделерінен гөрі қоғамның жалпы мүддесін жоғары қойып, соны жан-тәнін салып қорғауға тырысқанынан көреді. Ал мұндай патриоттық, азаматтық құндылықтардың өзі саяси бостандықтың, республикалык басқару жүйесінің болуымен байланысты. Монтескьенің «Заңдардың рухы жөнінде» деген еңбегінде ойшылдың әлеуметтік-философиялық көзқарастарын байқаймыз. Қоғамның өмір сүруі мен дамуын Монтескье заңдардың сапалы-ғымен байланыстырады. Егер белгілі бір қоғамның ерекшелігін түсінгіңіз келсе, онда сол елдегі қабылданған заңдарды зерттеңіз. Қоғам жөніндегі мұндай түсінікті жүре келе ғалымдар «заңдық көзқарас» деп атап кетті. Монтескье қоғамдағы заңдарды екіге бөледі. Біріншіден, ол -«табиғи заңдар», олар адамның биологиялық табиғатынан шығады. Екіншіден, әлеуметтік заңдар. Табиғи заңдардың негізгісі - өмір сүру, ол үшін азық табу керек. Егер Т.Гоббс ол үшін адамдар тартысқа түсіп, «бәрі бәріне қарсы соғысады деген болса, Монтескье, керісінше, жалғыз адам әлсіз болғандықтан басқалардан көмек іздейді, басқалармен бейбіт өмір сүруге тырысады деген пікірге келеді. Сонымен біз Монтескьенің адам алғашқы сатысынан бастап, әлеуметтік пенде болды деген ойда болғанын көреміз. Қоғам өміріндегі қайшылықтардың пайда болуының негізінде адамның басқалардың есебінен пайда табу ұмтылысы жатыр. Ал мұның өзі адамдардың қарым-қатынасын заңмен ретке келтіру керектігін туғызып, дүниеге мемлекет келеді. Монтескье құқтың үш түрін анықтайды. Бірінші, халықаралық құқтар - мемлекет, халықтар арасындағы қарым-қатынастарды ретке келтіреді.Екінші, саяси құқтар - мемлекеттегі басшылар мен халықтың арасындағы қатынастарды ретке келтіреді.Үшінші, азаматтық құқтар - адамдардың өзара қатынастарын ретке келтіреді.Монтескье мемлекетті басқарудың үш түрін анықтайды. Олар республика, монархия және деспотия.Деспотиялық басқару ешқандай заңдылықты мойындамайды. Оның өзі елді бақытсыздыққа әкеліп, неше түрлі зорлық-зомбылыққа жол береді. Республикалық басқару саяси заңмен бекітілген бостандық-тардың негізінде іске асады.Монархиялық басқару жүйесі жоғарыда көрсетілген басқару-лардың екі ортасында орналасқан.Монтескьенің саяси философиясындағы жасалған және бүгінгі таңға дейін өзекті жаңалығы - ол мемлекет билігін бөлу идеясы. Шынайы саяси бостандық болу үшін республика, я болмаса монархия басқару жүйесінде заң беру, атқару және сот биліктері бір-бірінен бөлінуі қажет. - Ал енді «заңдардың рухына» келер болсақ, олардың әрбір елдердегі ерекшеліктері көп жағдайлармен байланысты. Олар: жердің күнарлығы, ауа райы, таулы-жазықтығы, әдет-ғұрыптар, діни сезімдер, халықтың саны мен материалдық хал-ахуалы, заң өсрушілердің мақсаты, саяси биліктің, елдегі жалпы тәртіптің көріністерімен байланысты, - деп қорытады ұлы ойшыл. Мұндай көзқарасты әдебиетте «географиялық детерминизм» (себептілік) деп айтады. Өйткені жоғарыда көрсетілген жағдайлар-дың ішіндегі негізгілері деп, ол «жердің құнарлығын, ауа райын жәнее таулы-жазықтығын атайды. Мысалы, ыстық ауа райы адамдарды әлсіретіп, енжар қылады, ал суық ауа райы ой мен дененің күшеюіне, олардың өмірге деген қажырлы еңбегіне, ұлы істерді жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан ыстық ауа райында өмір сүретін халықтар құлдыкқа келді де, суық жерде өмір сүретін халықтар өздерінің бостандығын сақтап қалды, - деп ойлайды Монтескье. Әрине, бүгінгі таңдағы адамдар мұндай көзқарасқа күлкілі көзбен қарауы әбден мүмкін. Дегенмен қоғамның дамуында географиялық жағдайлармен санаспаудың өзі, таза технократиялық көзқарастар қандай салдар-ларға әкелетінін біз бүгінгі таңда ауылдағы осы уақытқа дейін жүргізілген реформалардың теріс жақтарынан көріп отырмыз. Кең түрде алғанда, біздің ата-бабаларымыздың мыңдаған жылдар бойы көшпенділік өмір салтын ұстауының өзі (жаңа дәуірге дейін) сол айнала қоршаған ортаға байланысты болатын. Әрине, Жаңа дәуір тарихқа келіп, машиналық техника пайда болған кезде, көшенділік өмір салты мүмкіншіліктері сарқьлып, қазақ халқы жаңа өмір құндылықтарына өтуге мәжбүр болды. Монтескьенің ойынша, жоғарыдағы көрсетілген жағдайлар-мен қатар, жер көлемі және оның таулы-жазықтығы да қоғамның саяси бітіміне өзінің зор әсерін тигізеді. «Біріншіден, таулы елдер көлемі жағынан үлкен бола алмайды. Ал кіші елде азаматтар қоғамдық мәселелерді талдап шешіп, қабылдауға жиі қалыптасады. Ал орта көлемді елдерде көбінесе монархиялық басқару жүйесі орнайды. Жері жазық жэне өте көлемді елдерде деспотиялық басқару жүйесі қажет, өйткені тек күш жұмсау мен қорқыту арқылы ғана алыста жатқан елдерді орталық билікке көндіруге болады», -деп қорытады Монтескье. Әрина біз ұлы ойшылдың географиялық факторлардың қоғам өміріне деген рөлін асыра көрсеткенін байқаймыз. Бірақ бұл көзкарастар өз заманының мәселелерін жаңаша түсінуде, діни түсініктерге тойтарыс беруде кеңінен пайдаланылды. Франсуа Мари Аруэ Вольтер (1694-1778 жж.) - француз ағарту-шыларының ұлы өкілі. Негізгі еңбектері: «Философиялық хаттар», «Метафизикалық трактат», «Тарих философиясы» т.сс. Вольтердің дүниетанымдық көзқарастарының негізінде сол кездегі кеңінен тараған деистік материализм болды. Дүниедегі сан алуан материалдық заттар мен құбылыстар жөніндегі деректерді біз сезімдік тану арқылы аламыз. «Мен тасты сипаған кезде, оның орнын ала алмайтынымды өте жақсы сезінемін, олай болса бұл арада кеңістікте орын алып жатқан бір нәрсе барын түсінемін», -дейді ойшыл. Демокрит пен Эпикурдың атомистік көзқарасын қолдап, Вольтер: «Дүниенің элементтері материалдық және олар өткізбей-тін созылған субстанция», - деген пікірге келеді. Сонымен қатар И.Ньютонның ашқан тарту қасиетін қолдап, оны ол материяның негізгі қасиеттерінің бірі және табиғаттың әлі ашылмаған сан алуан қасиеттері бар деген тұжырымға келеді. Ал енді Дүниенің бәрі материалдық болатын болса, онда адамның жан дүниесін қалай түсінуге болады? «Жан-дүние дегені-міз - адамның ойлауға және сезінуге деген қабілеті. Олай болса, денеден басқа өмір сүріп жатқан жан-дүние жөнінде менің ешқан-дай түсінігім жоқ», - деп қорытады ұлы ойшыл. Мұндай көзқарас, әрине, дінге қарсы. Мәселенің қызықтығы - сол дінге қарсы пікірді Вольтердің діни жолмен дәлелдеуге тырысуы. «Егер осы ғажап дүниені Құдай жаратқан болса, онда ол материяға сезіну және ойлау қасиеттерін бере алмайды деп кім айтар екен», - деген сұрақ қояды. Екіншіден, Вольтер сол кездегі жаратылыстану деректеріне сүйене отырып, адамның жан-дүние құбылыстарының оның түйсіктері мен жүйесі, миымен байланысты екенін көрсетеді. Үшіншіден, жануарлардың да адамның дене құрылысына ұқсас мүшелері бар екенін көрсетіп, олай болса олар да дүниені сезініп, бұлдыр да болса дүниені тани алады, - деген пікірге келеді. Өзінің шығармаларында Вольтер адам мәселесіне де көп көңіл бөлген. Адам - әлеуметтік пенде. Ол өзінің ұлылығын дүниетану жэне оны қайта өзгерту жолында айқын көрсетеді. «Адамның табиғатындағы «өзін сақтау», «өзін сүю» т.с.с. олар адамдарды бір-бірінен алыстатпай, керісінше, бір-біріне жақындатып, іштесіп, сүюге әкелетін инстинктер. Адам жалғыздан-жалғыз өмір сүре алмайды. Табиғи түрде пайда болатын еркек пен әйелдің ара-сындағы байланыстар жас ұрпақтарды дүниеге әкеліп, қоғамды біріктіреді», - дейді Вольтер. Қоғам өзінің ішінде миллиондаған адамдарды біріктіргеннен кейің, олардың моральдық жіне құқтық қарым-қатынастары саяси заңдар мен ережелер арқылы ретке келтіріледі. Оларды адамдардың өзі тудырады. Оған Құдайдың еш қатынасы жоқ. Моральдық табиғи заң - ол «өзіңе не қаласаң, басқаларға да Соны жаса» - бүкіл адамзатқа тән нәрсе. «Сиамнан бастап Мексикаға дейін шындық, қайырымдылық, достықты сыйламайтын халық жоқ». Құдай болмаса, адамдар ойларына не келсе, соны істейді, тізгінсіз кетеді деген осы уақытқа дейін кең тараған пікірге қарсы шығып, Вольтер ондай адамдарды қоғамның өзі-ақ неше түрлі заңдар арқылы ауыздықтай алады деген пікірге келеді. Екіншіден, халықтың өзі-ақ ондай адамдарға теріс қарайды, бұның өзі - ондай адамдарға ең күшті тізгін. Олай болса, әр адам жетіле келе, қоғам өмірінде өзін таза ұстау керектігін, өзінің басқа адамдар алдындағы борышын бұлжытпай орындау қажеттігін түсініп орындайды, - деп қорытады Вольтер.
Тарих философиясы.Вольтер адамзат тарихын философиялық жолмен сараптауда алғашқы із салғандардың қатарына жатады.Біріншіден, тарихшылар көсемдердің жасаған істерінен гөрі, халықтардың өміріне көбірек көңіл бөлулері керек.Екіншіден, тарихшылар белгілі халықтың рухани мәдениетінің мазмұнын мұқият зерттеуі қажет (оған ол мораль, онер, философия, құқтық және саяси көзқарастар, ғылыми деректер, әдебиет пен мифологияны жатқызады) жалғыз ғана халықтың діни сенімін қарастыру жеткіліксіз. Үшіншіден, адамзаттың дүниені игеру жолындағы жасаған материалдық мәдениет те мұқият зерттелуі керек. Төртіншіден, христиан елдерінің тарихы - ол бүкіл адамзат тарихымен тең емес. Сондықтан басқа халықтардың да тарихын зерттеп, оларды бүкіл адамзаттық тарихка енгізу қажет. Вольтер қоғам дамуының, өзгеруінің қайнар көзін адам-дардың ой-өрісінен, пікірлерінен көреді. «Адамдардың пікірлері дүниені басқарады», - дейді ол. Бірақ ол пікірді халықтың көпшілігі қолдауы керек. Олай болса, мемлекетті басқарып отырған саясат-керлердің ойы мен іс-әрекеттері халықты бақытты, иә болмаса бақытсыз өмірге әкеледі. Бүкіл адамзат тарихындағы мыңдаған жылдағы болған бақытсыздық, зардап шегу, қылмыс, әпер-бақандықтың бәрі - өкімет басындағылардың арсыз билігінде болды деген қорытындыға келеді. Бірақ, сонымен қатар, Вольтер өз заманына - XVIII ғ. көп үміт артады, өйткені ғылымның дамуы, өнердің өрлеуі, зердеге негізделген философиялық ойлар кеңінен тарап, халық бұқарасы-ның рухани деңгейін өсіріп жатыр. Ал мұндай өрлеу Вольтердің ойынша, өкімет билігіне «ағарған дана патшаның» келуіне себеп болады. Ол қоғамдағы залымдықты құртып, адамдардың бақытты өмір сүруіне керекті жағдайларды жасайды деген оптимистік өміршеңдік оймен өзінің тарих философиясын аяқтайды. Тарих - үлкен оқытушы. Өткендегі болған кемшіліктер мен қателіктерді білген халық қана оларды өзінің болашақ өмірінде қайталамайды деп, біз Вольтердің ойын әрі қарай жалғастыралық. Ол - әсіресе қазақ халқына ауадай қажет нәрсе. Жан-Жак Руссо (1712-1778 жж.) Швейцариядағы Женева қаласында сағат жөндеушінің семьясында дүниеге келеді. Негізгі еңбектері: «Қоғамдық шарт жөнінде», «Эмиль, я тәрбие жөнінде» т.с.с. Руссо адамның табиғатынан екі алғашқы өзімен бірге туатын нәрсені байқайды. Олардың біреуі «бізді өзімізді сақтап, жақсы өмір сүруге ынталандырса», екіншісі - әрбір сезімдік жанның зардап шегуін, өліп-құруын көргенде табиғи тітіркенушілікті тудырады. Егер Т.Гоббс адамның өзін сақтауға бағытталған табиғи инстинктінен өзімшілдікті (эгоизм) тудырса, Руссо оның өмірге келуіне дейін көп уақыттың өткенін көрсетеді. Руссоның ойынша, адамның өзін сүю сезімі басқалардың зардабын көргенде оларды аяу сезімімен теңеледі, көбінесе соңғы сезім басым болып, басқалардың қайғы-қасіретіне ортақ болуға әкеледі. - Өзінің табиғи жағынан алсақ, адам - ізгілікке ұмтылатын пенде. Егер адам ізгі іс-әрекет жасап, өзінің өзімшілдігімен күресе білсе, оның бұл қасиеті терең етек жаяды. Бірте-бірте ізгілікке ұмтылу қажеттікке айналып, адамға рақат әкеледі. Басқалардың алдындағы адамның борышы - ол ізгіліктің сыртқы көрінісі ғана. Ал табиғи сезімнен шығатын басқа адамдарға деген ізгі іс-әрекет -ол ең биік дәрежедегі адамгершілік, - деп қорытады Руссо. Бірақ адамның басқаларға деген ізгі сезімін дамытуға тежеу жасалса, ол өзінің қарама-қарсылығына айналып, эгоизмді, яғни өзімшілдікті тудырады. Өркениетті қоғамдағы адамдардың, бір жағынан алғанда, адамды сүюі, әділеттілік, ізгілікке деген іңкәрі байқалса, екінші жағынан, ол сыртқы сезімнің, өзімшілдіктің шеңберінде екенін көреміз. Қоғамдағы шығарылған заңдардың қайнар көзі - халық. Егерде бірде-бір заң халықтың пікірінсіз және дауысын берусіз жарыққа шықса, онда ол заң емес, ол - бұйрық. Халықтың билігін қамтамасыз ететін ұйым - ол халықтың құрылтайы. Ол заңмен бекітілген уақытта жиналып, «қоғамдық шарттың бұзылмауын бақылап отыруы қажет, өйткені ол шарттың ыдырап кету себептері әрқашан сақталады». Олар:
а) әрбір өкіметтің өзін әрқашанда күшейтуге тырысуынан шығады; в) азаматтардың біршамасының ізгілік жолынан ауытқу мүм-кіндігінен;с) жеке мүдделердің дамып, жалпы мүдденің шеңберін қы-суынан; д) мұндай жағдайда «жалпы мүддені» өзгертіп, адамдарды алдап кету қаупі туады; Қоғамдық шартты сақтап қалудың бірден-бір жолы, Руссоның айтуына қарағанда, ол - халықты ағарту, оған әрқашанда дұрыс жолды көрсетіп отыру. Руссо адамды тәрбиелеу мәселелеріне де көп көңіл бөледі. Тәрбиелеу дегеніміз - табиғаттың адамға берген туа біткен дарын-дарын бірте-бірте дамытып, гүлдету. Адамға еріктікті сүю, тәуелсіз пікір айту сезімдерін қалыптастыру - қажетті нәрсе. Мәселені нақтылай келе, Руссо баланың тәрбиесін 4 сатыға бөледі:
туғаннан екіге дейін - негізінен, оның дене тәрбиесіне басым көңіл бөлінуі керек;
екіден он екіге дейін - сезім мен көңіл-күй тәрбиесі жүруі керек;
он екіден он беске дейін - баланың ақыл-ойының дамуына басым назар аударылуы қажет;
он бестен он сегізге дейін - баланы адамгершілік жолына қою керек. әсіресе осы соңғы «дауыл мен іңкәр» сатысына көп көңіл бөлінуі қажет.
Тәрбие жолында тікелей зорлық жасамай, баланың дамуына астыртын ықпал жасау керек. Әсіресе оның қалыптасып жатқан еріктік сезімін аялау қажет. Тәрбие жолында еңбек етуге үйретудің орны ерекше. Ізгілікті сүю үшін балаға ізгілікті істерді жасату керек. Тәрбие жолында баланың денесі мен ақыл-ойының дамуы, бір-біріне ауысып, қатар жүріп отыруы керек. Руссо өз заманын ондаған жылдарға озып, болашақ ұрпақ-тарға зор әсерін тигізді. Руссоның қоғам, адам, мораль т.с.с. жөнін-дегі көп идеялары біздің ғылыми-техникалық революция жүріп, экологиялық дағдарысқа әкеліп жатқан заманға да өзекті де, мазмұнды.
Басқа да француз ағартушыларының философиялық көзқарастары. Егер Кондильяк (1715-1780 жж.) қайсыбір ой өрісі түйсіктер берген деректердің негізінде пайда болады, яғни қоғамның рухани өмірінде күнбе-күнгі өмір бейнеленеді деп есептесе, Ламетри (1709-1751 жж.)өзінің емдеу тәжірибелеріне сүйене отырып, адамның ұйықтап жатып көрген түсі, иә болмаса ауырып, есінен танып жатқандағы сандырағы жан-дүниенің толығынан мимен байланысын көрсетеді, - деген пікірге келеді. Гельвеций (1715-1771 жж.) де осы көрсетілген тұрғыдан мораль мәселелерін қарап, адамның қайсыбір ләззат алу формала-рының негізінде сезім толқыны жатыр, ал кейбір адамдардың өзімшілдігіне келер болсақ, оны тәрбиенің негізінде түзеуге болады деген пікір айтады. Гольбах (1723-1789 жж.) өзінің «Табиғат жүйесі» деген көлемді еңбегінде: «Өзімен-өзі өмір сүріп жатқан табиғат дүниедеге барлық құбылыстардың себебін құрайды», - деген батыл да терең пікірге келеді. Табиғат дегеніміз - орасан зор шеберхана. Материя-ның негізгі өмір сүру тәсілі - қозғалыс. Ал тарту мен инерция -материяның ең терең табиғи қасиеттері. Өзінің әлеуметтік философиясында ғалым адамдарды азамат-тылыққа, заңға көнуге, елді қорғауға, қайсыбір саясаттағы озбыр-лыққа қарсы күресуге, жоғары мәдениетті басқару жүйесін орнатуға шақырады. Мораль саласындағы негізгі құндылықтарға ол ізгілік, ақиқат, зердені жатқызып, тек соларға ғана табынуға болады деген пікірге келеді. Ол қайсыбір діни көзқарастарды қабылдамай, діни надан-дықтан арылуға шақырады. Дидро (1713-1784 жж.) - ұлы француз ағартушыларының бірі. Оның басшылығы мен ұйымдастыру қабілетінің арқасында XVIII ғ. «Француз энциклопедиясы» басылып шыға бастады (салыстыры-ңыз: Қазақ совет энциклопедиясы XX ғ. 70-ші жылдарында жарық көре бастады). Онда сол кезге дейін жиналған ғылыми деректердің негізінде дүниеге жаңа көзқарас, жаңа саяси, құқтық, гуманистік идеялар дүниеге келіп, кеңінен қоғамда тарала бастайды. Ол француз халқының рухани жаңаруына өзінің өшпес ізін қалдырды. Негізгі еңбектері: «Табиғатты түсінудегі ойлар жөнінде», «Д'Аламбердің Дидромен сұхбаты»,«Материя мен қозғалыстың философиялық принциптері» т.с.с. Егер француз ағартушыларының көпшілігі деистік көзқараста болса, Дидро өзінің философиялық көзқарастарында таза материа-листік бағытқа көшеді. Дүниедегі субстанция біреу ғана - ол материя, ал оның себебі өзінің ішінде, сондықтан оны түсініп, тану үшін ешқандай Құдай идеясы керек емес. Материяны ешкім жаратқан жоқ, ол өзінің даму заңдылықтарының негізінде мәңгілік өмір сүріп жатыр. Дидро мате-рияның өмір сүру тәсілін қозғалыстан көреді, сондықтан оларды бір-бірінен ажырата алмаймыз. Бүкіл табиғат мәңгі қозғалыста, бір нәрселер жойылып, екіншілері оның орнына келіп жатыр. Дидроның ең тамаша ойы: ол материяның өзіндік ішкі күштерін мойындап және оның қайнар көзін ішкі қайшылықтардан іздейді. Адам мәселесіне келер болсақ, Дидро оны басқа тіршіліктер сияқты өзінің қалыптасу, жетілу тарихынан өтті деген пікірге келеді. Адамның санасы ол Құдайдың оған берген сыйы емес, ол -материяның даму жолында пайда болған құбылыс. Ол тіршіліктің күрделену жолында пайда болады. «Қоғамдық шарт» теориясына сүйене отырып, Дидро король-дің билігінің Құдай берген билігі жөніндегі сол кездегі кең тараған пікірге қарсы шығып, оны әшкерлейді. Ол конституциямен шек-іелген монархияны жақтап, ағарған биліктің қажет екенін көрсету жолында талай ойларды қозғайды. Адамның өзімшілдігін мойындағанмен, Дидро оны ақыл-оймен тежеп, басқалардың да мүдделерін түсініп, адам өзін-өзі тежей, шеңберлей алатын дәрежеге көтерілуі керек деген гума-нистік ойларды келтіреді. Қорыта келе, біз француз ағартушыларының философия тарихындағы алатын ерекше орнын тағы да атап өткіміз келеді. Оллардың айтып кеткен көп ойлары осы күнге дейін өзінің өзектілігімен бізді таңғалдырып, ішкі дүниемізде шабыт оятып, жаңа ой-пікірлерді тудырады.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары.
1.17-18 ғасырлардағы ғылыми революция.
2.Метафизикалық материализм.
3.Ағартушылық философиясы.