О. Б. Бермаханов филос.ғ. к., қауым профессор міндетін атқарушы


Дәріс 15.16. Өмір және өлім. Өмірдің мәні



бет37/54
Дата08.11.2022
өлшемі0,96 Mb.
#157052
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   54
Байланысты:
Î. Á. Áåðìàõàíîâ ôèëîñ.?. ê., ?àóûì ïðîôåññîð ì³íäåò³í àò?àðóøû

Дәріс 15.16. Өмір және өлім. Өмірдің мәні.
Негізгі мақсаты: Философиядағы өмір мәселесі, қазақ философиясы оның ішінде ақын-жыраулар, сал-серілер, билер, батырлар философиясының ешқандай философияда жоқ екендігін дәлелдеп ұлттық философияны жоғары дәрежеде дәріптеу.
Негізгі түсініктер: заман, зар-заман, сенім және парасат, адамшылық, тарих философиясы, билер философиясы, әлеуметтік философиясы, дін философиясы, жеті жарғы.
1.Адам болмысының категориялары (бақыт, сенім, өмір және өлім).
2.Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны.
3.Адам, оның ажалдығы және ажалсыздығы.
4.Іргелі философиялық мәселелердің өмір және өлім мәселесімен байланысы: метафизика және моральдық философия.
5.Өмірдің мәні – оның шектеулілігін ұғыну. Уақыт, мәңгілік және мақсат.
6.Қорқыт дүниетанымындағы мәңгілік өмір мәселесі.
7.Өмірдің мәні. Өмірдің мәнін іздеу. Қазақ философиясы.
8.Қазақ хақының дүниетанымы, мифологиялық, діни, философиялық ойлардың қалыптасуы.
9.Қазақ философиялық ойшылдарының кезеңдері.
10.XIX ғасыр аяғы – XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының ой – пікірлері, тұжырымдары.

Өмірдің мәні. "Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?" деген сұраққа кім болса да: "Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтын, мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды", — деп жауап беретін болар. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші. Ұлы Абайдың жас ұрпаққа: "Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол" деп өсиет калдырғаны белгілі. Әрине, бұл жерде өз атына лайық, ізгі, мейірімді, өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын, өзі үшін де, өзгелер үшін де еңбек ете білетін, өз құқығын қорғап, өзгелердің кұқығын сыйлайтын, өмірден кеткен соң артына жақсы сөзі мен ісін қалдыратын адам туралы әңгіме болып отырғаны анық.


Дегенмен бұдан туындап жататын сұрақтар да аз болмаса керек. Сонда қалай, кез келген адам бұл дүниеге келгеннен кейін бар өмірін артына жақсы із қалдыруға арнауға міндетті болғаны ғой? Адамдардың бәрі ұлы тұлғалар сияқты еңбек етіп, артына игілікті мұра қалдыра ала ма? Ондайға тырысу қатардағы адамдар үшін қиял, орындалмайтын арман емес пе? "Менің өмірлік тұрғым басқа, — дейді біреулер, — өмір адамға екі рет келмейді. Сондықтан мынау көк аспан мен жарық күннің астында сайран салып қалу керек. Аузың барда асап қал. Ішіп-же. Киін. Сауық құр. Нәпсіңді қандыр. Ләззат ал". Қайсысы дұрыс? Мұндай сұраққа сылдырата жауап бере салу қиын емес. Адам өмірінің мәніне қатысты мәселе — ол әр адамның өзінің жеке мәселесі. Мұндайда дайын рецепт беруден онды нәтиже шыға кояр ма екен? Дүние жүзінде қанша адам болса, сонша өмірлік ұстаным бар. Ал талқының, пікір алмасудың ешқашан артықшылығы болмайтыны анық. Өткен ғасырларда өмір сүрген ғұламалар бұқаралық санадағы түсініктерге талдау жасай отырып, адамның болмысының абстрактілі және өзгермейтінін негізге ала отырып, адамның өмірінің мәні оның іс-әрекеттерінің негізгі мақсаты мен мұратынан тұрады деген қағидаға ден қойып келгені мәлім. Бұдан дүниені рухани құралдармен өзгерту мүмкіндігі туралы ой туады. Көптеген философтар өмірдің мәнін жеке адамның дүниетанымдық жүйесінің көрсеткіші, моральдық нормаларды бейнелейтін реттеуші үғым ретінде қабылдайды. Бұл жерде адам өмірінің мәнін белгілі бір тұтынушылық стандарттар мен жеке бастың қамтамасыз болуына жетумен байланыстырудың да негізсіз емес екендігін айта кету керек.  
Өмірдің мәні туралы сауалдарға ғылыми тұрғыдан нақты жауап қайтару мүмкіндігін теріске шығаратын теориялар да жоқ емес. Ондай тұжырымдар өмірдің мәні әр жеке адам үшін өзінше, қайталанбас өзгешелігінен туындаса керек. Егер дүние жүзінде 6 млрд-тан астам адам бар десек, өмірдің мәні туралы сонша пікір бар. Ал өмірдің мәні туралы философтар пікірлерінің жалпы адамзатқа ортақ, әлдеқалай бір жиынтық тұжырым болып шығып жатуының да өзіндік жөні бар. Адам өмірінің мәні оның өлеуметтік жағдайларымен айқындалады. Адам — белсеңді әрекет иесі. Ол әлеуметтік дамуды жеделдетіп немесе тежеп, оған тура ықпал ете алады. Тарихтың түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын адам өмірінің мәнін, құндылығын айқындаушы — сол адамның өзі. Және ол жеке адамнан, қоғамнан тыс ұғым емес, адамның мақсаттары мен қоғамды диалектикалық тұрғыдан біріктіретін ұғым. 
"Бақыт" түсінігі. Өмірдің мөні туралы айтқанда, біз оралмай кете алмайтын бір ұғым бар. Ол — бақыт туралы ұғым. "Өмірдің мәні оны бақытты етіп өткізуде" деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті әрі жылы естілетіні содан болса керек. Бақыт дегеніміз — өзі болмысының шарттары мен адамның кең ауқымды ішкі қанағаттанушылығына сәйкес келетін, өмірінің толыққандылығы мен маңыздылығын, өзінің адамдық мұратына жету күйін көрсететін моральдық сана ұғымы. Бақыт мұраттың сезімдік-эмоциялык формасы болып табылады. Бақыт ұғымы белгілі бір нақты объективті жағдайды немесе адамның субъективті күйін сипаттап қана қоймайды, сонымен бірге адам өмірінің қалай болуы керек екендігі, ол үшін ненің игілікті бола алатыны туралы түсініктерді де саралайды. Осыған байланысты бақыт ұғымы нормативті-бағалық сипат алады. Бақыттың мазмұны әр адамның өз өмірінің мұраты мен мағынасын қалай түсінуіне байланысты. Бақыт сондай-ақ тарихи жене ұлттық шарттылық сипатта көрініс береді. Моральдық сана тарихында бақыт адамның тумысынан иелік ететін құқығы деп есептелген мезеттер болса да, іс жүзінде қоғамда езілген елдердің бақытты өмір сүруге тырысу әрекеттері аяусыз жанышталып тасталатын жағдайлар, жеке адамның бақытына тосқауыл болатын тарихи оқиғалар да аз болмайды.
Қазір бүкіл прогресшіл адамзат қауымы қабылдаған демократиялық қағидалар біздің өмірімізге де мықтап ене бастады. Тұлғаның мүддесі қоғам мүддесінің астында тапталып қалмайтын болды. Бірақ бұл жағдай жекенің мүддесі үшін қоғам зардап шеге берсін дегенге апарып саймаса керек. Ол екеуінің арасындағы байланыстар табиғи, бірін-бірі толықтырып отыратын болуы керек. Қоғам бақытты болса ғана адам бақытты. Ал қоғамның бақыты оның әр мүшесінің бақытынан құралады.
Қатардағы адамньң түсінігіне салсақ, бақыттьщ белгісі жанына жайлылық, тәніңе ләззат беру болып шығар еді. Бұл да өмірлік тәжірибеден алынған, сонысымен көпшіліктің санасына орныққан жағдай болар. Солай болғанның өзінде оған жетер жол біреу-ақ. Ол — табиғи жол, еңбек жолы. Бұл жолмен көңілдің хошын табу — әр адамның өмірлік нысанасы болуға тиіс. Өмір жөне оның мәні туралы ой қозғаған ұлылардың бәрі бақытты еңбекпен байланыстырады. Осы ұстанымды қуаттайтын ойшылдарды, ғұламаларды, көркем-өнер кайраткерлерін көптеп кездестіруге болады. Көпке танымал болмаса да, қатардағы салауатты адамдар да осыны мақұлдайды. "Бакыт тек еңбекпен келеді" деген тұжырым әлімсақтан келе жатқан ақиқат, белгілі аксиома ретінде әлі күшін жойған жоқ. Адамның өзі таңдаған кәсіппен айналысуы, ұзақ және қызықты еңбек жолынан өтіп, мол тәжірибе жинап, кәсіпқойлықтың шыңына шығуы, шабытпен еңбек етіп, оның нәтижесін көруі — міне, адамды бақытқа бастап апарар баспалдақтар осы болса керек. Еңбек еткеннен кейін, оның зейнеті болады. Адал еңбек еш кетпейді. Қатардағы қарапайым адамдардың арасында өзі қалаған мамандьны бойынша еңбек етіп, көпшілік алып жүрген жалақысымен орташа күн кешіп жүрсе де, Отанының аясында, достары мен туыстарының арасында, тату-тәтті өмір сүріп жүргенін бақыт санайтындар толып жатыр. Ал шығармашылық жұмыстармен айналысатын адамдардьщ өз бақытын ерінбей, жалықпай, маңдай терін сыпыра еткен еңбегінен табуының мысалдары айшықтырақ көрінеді. Олар үшін еңбек үрдісінің өзі — құлшынысқа, ләззатқа толы аса жоғары эмоциялық күй. Олар еңбекті ешқашан "ауыртпалық" деп санамайды, "қиындық" немесе "азап" деп есептемейді. Шығармашылық жұмыспен айналысатын адам үшін әр жаңа туынды жасаудың өзі бір ғажайып сырлы дүниеге, нұрлы әлемге сапар шегіп келгенмен бірдей болып көрінеді. Әрине, шығармашылық еңбек ететіндердің халыққа танымал болатыны, олардың құрметке тезірек бөленетіні рас. Дегенмен барлық адам шығармашылық жұмыспен айналыса алмайды десек те, жұмыстың барлық түрін шығармашылықпен, шабытпен істеуге болатынын да жоққа шығаруға болмайды. Фабрика станогында, егінжайда, қызмет көрсету саласында немесе қатардағы көп мекеменің бірінде өз міндетін құлшыныспен атқарып жүрген адамдар баршылық. Еңбек еткісі келген адамға еңбектің кез келген түрі құлшыныс тудырады. Мұны саудасы жүріп тұрған кәсіпкер де, машинасы жүріп тұрған жүргізуші де, егіні жайқалып өсіп келе жатқан диқан да, бір жерден кен қорын тапқан геолог та жақсы біледі. Еңбектен бақыт табу үшін әркімнің кәсіпті дұрыс таңдауы, оны сүйе білуі керек. Сондай-ақ еңбек мотивпен істеледі, оның ынтасы болуы керек. Түпкілікті мақсат пен нәтиже айқын болса, адам еңбегінің болашақ жемісін көре алса, кез келген әрекет шығармашылық үрдіске айналады, кез келген адам құлшына еңбек ететін болады.
Көптеген адамдар бақытты махаббатпен байланыстырады. Махаббат жолында бүкіл өмірін, байлығын, мансабын сарп еткендер де аз емес. Осы жерде қазақтың батырлық жырлары мен лиро-эпостарының кейіпкерлерін еске түсірейікші. Қыз Құртқа үшін Қобыланды, Гүлбаршын сұлу үшін Алпамыс, Қыз Жібек үшін Төлеген, Баян сұлу үшін Қозы Көрпеш өздері сүйген арулар үшін өмірлерін қиюға да дайын еді. Махаббат үшін аңызға татитын ерліктер мен адамды таңғалдыратын әрекеттерге баратындар барлық кезеңдерде де, барлық елдерде де аз болмаған. Шын ғашық адамдар үшін құйылып жатқан байлығың да, асып тұрған мансабың да қажетсіз болып қалуы әбден мүмкін. Қарсы жыныс өкіліне деген алабұртқан құлшыныс, жұптасып өмір сүруге ұмтылу құбылыстары о бастан тек адамдарға ғана тән, табиғи, сонысымен де заңды құбылыс. Сондықтан да махаббатпен өмір сүру бақыттылықтың басты белгілерінің бірі болып келді және бұдан былай да бола береді. "Кейде есер көңіл құрғырың, махаббат іздеп талпынар" немесе "Махаббат — өмір көркі" дегенде, ұлы Абай бақытты өмір сүрудің осы факторына сүйеніп айтса керек.
Махаббат туралы сөз қозғағанда, біздің ойымызға А.Дюманың де Монсоро ханымы, Л. Толстойдың Анна Каренинасы, М.Әуезовтің Қаракөзі, Ш.Айтматовтың Жәмиласы еріксіз оралады. Байқап отырсақ, ғашықтықтың ғажап хикаяларын бастарынан өткерген осы әйелдердің бәріне ортақ бір факторды аңғару қиын емес. Ол аталған перизаттардың барған (немесе баратын) жерлерінің бәрі ауқатты әулеттерден шыққан, әлеуметтік мәртебесі жоғары адамдар екендігі, ал соларды тастап кеткенде, жүректері қалағандары ауқаты жағынан да, мәртебесі жағынан да төмен адамдар болғандығында, сонысымен олардың махаббатты байлық пен мәртебеден жоғары қоюында жатса керек. Шын махаббат екі жақтың психологиялық және тәни үйлесуінен, олардың бірін-бірі үнемі аңсап тұруынан, түптеп келгенде, өмірге ұрпақ келтіруге бастап апаратын жұптасқан тұрмыс құруынан көрініс береді. Махаббат — адам өмірінің тым шетін, аса нәзік, оның бақытына тура қатысы бар маңызды қыры. Бақыт деген — адамға оның өзінен жоғары тұрған, белгісіз бір күштердің сыйы емес. Бакытты болу немесе бола алмау — адамның маңдайына бұйырған үлес немесе тағдырына алдын ала жазылып койылған бағдарлама да емес. Бақытты болу әр адамның өз еркі, демек, бақытты бола білу әр адамның өз қолында.
Адасу. Еңбектен, махаббаттан, табиғаттың сұлулығынан немесе достар арасындағы толық түсіністікті сыр шертісулерден тыс қалған адам бақытты өзге жақтан іздейді. Адасу осыдан басталады. Алдымен шылым шегуден, спирттік ішімдіктен жанға сая табу кейін есірткі қабылдауға ұласуы әбден мүмкін. Уландырғыш заттар бастағы бар ауыртпалықгы белгілі бір мезетке ысырып тастағандай әсер етіп, көнілдің хошын келтіретіні рас. Есірткі қабылдаған адамда іштей қанағаттанғандық сезім пайда болып, қайғы мен мұң ұмытыльш, көңілі көтеріліп, айналасы қызылды-жасылды түске енеді. Бірақ жасанды бақыт ұзаққа бармайды. Есірткі денеге жайылып, оның уыты тарқағаннан кейін адам қайтадан бейжай күйге түседі. Ол бұрынғыдан да қатты қиналады: іштей құлазу, жалғыздық сезімі пайда болады. Бұдан құтылудың жолы біреу-ақ — қайтадан қажетті мөлшерін қабылдаса, бәрі сонымен шешілетіндей көрінеді. Адам қайтадан есірткі іздейді. Осылай жалғаса береді. Адамның өзін-өзі іштей ірітіп-шірітуі осылай басталады.
Адамның өзін-өзі өлтіру қүбылысын суицид дейді. Кейбір психолог ғалымдардың жорамалдауынша, жасөтарды суицидке итермелейтін факторлардың бірі — бұқаралық сипат алған әділетсіздік. Жеке адамның әділетсіздігі — қоғам әділетсіздігінің құрамдас бөлігі. Қоғамда демократиялылық пен жариялылықтың болмауы оның кейбір мүшесін еріксіз әділетсіз жолдарға түсуге итермелейді. Бірінші дүниежүзілік немесе азамат соғыстары жылдарында тұтқында болған, фашистік жөне коммунистік тоталитарлық режімдердің концентрациялық лагерьлерінде болғандардың адам төзгісіз ауыр жағдайлары туралы көркем әдебиеттерден оқып, кинофильмдерден көріп жүрміз. Олардың басым көпшілігі соңғы демі үзілгенше жарық дүние үшін күресті. Өмірге деген құлшыныс, тіршілікті сүю ауыр минуттарда олардың санасына сәуле, бойына қуат берді. Олардың бірқатары жеңіс күніне де жетіп, содан кейін де бұл жарық дүниенің дәмін татты, қызық көрді, бала тәрбиелеп, немерелер сүйіп, қуанышқа кенелді. Адамның төзімділігінде шек жоқ. Адам ақылдың, ойдың, сезімнің ғана емес, сонымен қоса ол төзімнің де кеніші. Адамның бойында керемет тәни күш пен қуат та бар. Адам рухани қиындықпен қатар, тәни ауыртпалықтың қандайына да төтеп бере алады. Адамның бірегейлігінің өзі осыдан көрініс тапса керек. Өмірге құштарлығымен бірнеше ұрпақтың назарын аудара білген орыс жазушысы Николай Островский: "Төзуге мүмкін болмайтын жағдайда да өмір сүре білу керек" деп жазған еді. Басқаны былай қойғанда, адамның ауасы таза, суы мөлдір, аспаны ашық, айы мен күні орнында, гүлінің хош иісі бұрқыраған жер бетінде аяқ басып жүруінің өзі бақыт. Әрине, адам тек табиғат берген сыймен шектеліп қала алмайды. Адамға еркіндік, демократия, материалдық және рухани байлық керек. Бірақ оларды жасау әркімнің өз қолында. Философиялық ойтолғаныс тек сыртқы дүниеге ғана емес, сол дүниені субъектісі болып отырған, жер планетасының белсенді «лидері» ретінде танымалданған, өзін табиғатқа үстемдік етуші деп жариялаған адам мәселесіне де тоқталады. Себебі, философияның объектісінің жалпылама нұсқасы - адам мен дүние болып табылады. Бірақ адам сол өзі өмір сүріп тұрған әлемнен оқшау қарастырылмайды, оның мәнінің ашылуы, жұмбақтығының сыры да табиғаттың бір бөлшегі болып табылатын тіршілік иесі болуымен айқандалады.
Сондықтан философиядағы рефлексия, өзін тануға ұмтылыстың жалпы көрінісі – адамтану болып табылады. Көне Грек ойшылы Сократтың «Өзіңді-өзің таны» деген қағидасын жалпыласақ, тек жеке тұлғалықты ғана емес, бүкіл адамзатты тануға ұмтылыстың қажеттілігін сезінуге болады. Сондықтан философия тарихында «адам дегеніміз кім немесе ол не» деген сауалдар мыңдаған жылдық таным кеңістігін қамтып жатыр. Осыған орай, адамды анықтауға әр түрлі түсініктер мен анықтамалар берілген. Адам – белсенді әрекет ететін сананы иемдену арқылы еңбек құралдарын жасап, пайдаланып, өнім өндіріп табиғатты өзгертетін барша тіршіліктің лидері: жан мен тәннен құралған, табиғаттан мәдени-рухани асқақтығы, ойлау тереңдігі, мақсат қоюы және т.б арқылы ажыратылады. Ол мәдени-рухани игілікті иеленіп, жер бетінде саналы тіршілік ететін субъект. Осыдан адамның басқа тіршілік иелерінен айырмашылықтарын былайша зерделеп көрсетуімізге болады: санасы бар, дискурсивті ойлайды; еңбек құралдарын жасап пайдаланады, мәдениетті жасаушы, мақсат қоя тіршілік етеді, өзінің өмір сүріп тұрғандығын және оның аяқталатындығын саналы түрде түйсінеді т.б.
Адам мәнін ашатын философиялық мәселелердің бірі - өлім мен өмір мәселелесі. Өмір мәндердің ішкі белсенділігімен бөлінген болмыс тәсілін бекітетін тіршіліксіздіктен айрылатын құбылыс. Тірінің негізгі қасиетін алып жүретін негізгі субстраттары ДНК молекулалары мен белоктар. Тірінің ұйымдасуының мынандай өлшемдері бар: организмдік, популяциялық, түрлік, биоценотикалық, биосфералық. Адам өмірі – оны өзі саналы түйсінуінде, өмір сүруін, өлімін сезінуінде болып табылады. Витализм - өмірдің көрінуі оған тәуелді болатын организмдерде ерекше өмірлік күш бар деп санайтын биологиялық бағыт, неовитализмде ұрық элементінің проспективті потенциясы мен энтелехия ролін көрсетеді. Қазақ халқының философиямен ойлау мәдениетінің шығу тегі көне түркі заманнан басталады. V – VI ғасырларда түркілердің әліппесімен жазуы болды соның негізінде түріктер жазба мәдениетін туғызды, оны көне түркі жырлар деп аталады. Сол замандағы түркілермен қазіргі қазақ саласының арасындағы терең рухани сабақтастықты аңғарамыз. Орта азия мен қазақстан жеріне ислам діни таралуына байланысты. 2 мәдениет 2 альфавит тайталасқа түсті 1 – түркі мәдениеті және түркі альфавиті 2 – араб парсы мәдениеті араб альфавиті.
IX ғасырда өмір сүрген Фараби өз еңбектерін араб тілінде жазды, негізгі еңбектері (Екінші ілім философ трактаттары математикалық әлеуметтік әстетикалық трактаттары). Фарабиден екі ғасыр өмір сүрген Жүсіп Баласағұн “Құтты білік” шығармасын араб әрпімен түркі тілінде жазған. Ал аса көрнекті Ахмет Иассауи өз шығармаларын түркі тілде жазғанмен араб әрпін қолданған Жүсіп Баласағұннан кейінгі түрк ойшылдарының қатарына Ахмет Югнаки, Махмұт Қашқари, Жамал Қарши т.б. жатады. Қазақ халқының қоғамдық санасының қалыптасуына бұл ойшылдардың ықпалы зор болды. Қазан төнкерісіне дейін бұларды қазақ зиялалары жақсы білген, сонымен қатар көшпенділер деген атта қалған. Қазақтардың жоғары қала мәдениетінің болғанын айғақтайды. Жоғарыда аталған ойшылдардың көбісі араб парсы мистикалық философиясы болған. Қазақ топырағына араб парсы мәдениеті Шығыс поэзиясы арқылы таныған. Фир Дау Си бастап Науай деген ақындар бәрі суфизм ықпалында болды сондықтан өнерге поэзияға жақын. Қазақ халқы исламның ортодокциялық жағына ден қоймай оның философиясын қабылдаған, философия қазақ қалқына сырттан танылған ілім емес өзінің төл санасына жататын құбылыс. Айталық “тәуба”философиялық ұғым ол қандай құбылыстың болса да рухани өлшемі. Бұл ұғым адам қуанышының да қайғысын да шегі барын білдіреді, барға қанағат ету керек. Осы философия халқымыздың әлеуметтік психолог – сына әлеуметтік дүниетанымына әбден сіңді, халқымыздың дүниетанымының ерекшелігі оның түрмысынан аңғарылуы заңды дүние. Сондықтан араб – парсы мистикалық философиясын қазақ халқы сол күйінде емес, өзінің өмір сүру тәсілі салты ерекшелігіне салт қабылдаған.
VIII – IX ғасыр Сырдария бойында данышпан ойшыл Қорқыт ата өмір сүрді ол кітаби Қорқыт эпостық жырының атасы қазақ арасында Қорқыт ата туралы тарихи жыр дастандар аңыздар ән күй көп кездеседі. Қорқыт атаның негізгі көз қарастары тағдырға жазылған деген фотолизмге қарсы күресіп адамдарға мәңгә өмір іздеуші тұлға ретінде өзін көрсетті ол өмірдің қиындықтарына мойын сүнбай үнемі күресе білуге шақырды әр істің ізгілікпен жақсылыққа негізделіп жүзе асуын уағыздады бұл ғұламаның кейінгі ұрпаққа берген рухани тәлімі. Қорқыт ата қазақ даласында тұңғыш рет қобыз жасаушы болып табылады қазіргі уақытта 22 – ден астам күйлері белгілі шартарапқа тараған Қорқыт дүниеде өзгермейтін еш нәрсе жоқ “Сынбас темір жоқ – өлмес өмір жоқ”. Өлмейтін өмірді өнерден табады. Қорқыт бабамыздың артынан қалдырған жырлары өте маңызды. Кітаби Қорқыт 12 жырдан тұрады. Бүкіл түркі елдеріне ортақ бұл кітаптың 2 түрлі ннұсқасы бар оның бірі Ватикан (Рим) Дрездн (Германия) қаласында кітап қоймаларында сақталған. Қорқыттың нақыл сөздерінде қазақ мақалдарына өте ұқсас одан көшпелі елдің салт – сана табиғат және қоғамға деген көз қарасы көрініп тұр.
Қар қанша қалын жауғанмен
Көктемнен қалмас.
Ескі темір біз болмас,
Ескі дүшпан дос болмас.
Атасыз ұл ақылға жарымас,
Анасыз қыз жасауға жарымас.
Ажал келмей кісі өлмес,
Өлген адам тірілмес.
т.б. қайталанбас уақытты қадірлеуге шақыру сол арқылы өмірге мәңгілік ету идеясы оның философиясының ірге тасын қалайды.
М. Әуезов Қорқыттың мәңгі өмірі туралы толғаныстарын негізгі философиялық түсінігін аша келе оның болашақ үрпақ үшін дүние танымдық маңызы зор мәңгілік мұра екенін атап өткен Қорқыт – “Өлім” деген құбылысқа қарсы түра алатын рухани күш таба білген әлемге мұндай өлмес шығармалар қалдырған ойшылдардың ұмтылуы мүмкін емес және ол халықтын зердесінде мәңгі қалуы заңды.
Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұнидың замандасы, Қашқарияда дүниеге келгенмен, бүкіл саналы өмірін Қазақстан, Орта Азия жерлерінде өткізген. Негізгі еңбегі: “Диуани лұғат ат – түрік” (Түркі тілдерінің жинағы ). Ол кезінде түркі елдерін көп аралаған. Олардың тілін, тарихын, әдет – ғұрпын зерттеп, мақал – мәтелдерін жинастырған. Қазақ халқының сол кездегі адамгершілік, ерлік, тіл байлығы қасиеттеріне жоғары баға берген. XV ғасыр аңыз кейіпкеріне айналған өз заманының ойшылы Асан Қайғы,, Керей Жәнібек хандардың ықпалды биі ақылшысы болған өзінің философиялық жыр талғауында хандық үкіметтік нығайту елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттілігін насихаттады. Қоғамдағы әдет ғұрып мінез құлқын мәселелерін көрсеттік Асан Қайғы бір орталыққа бағынған мемлекет құруды насихаттады аңыз бойынша Сарыарқада ұлытауда дүние салған.
XX ғасырдың басында қазақ топырағында бір топ талантты ойшыл ақындар, қоғам қайраткерлері дүниеге келді, әрине, оларды дүниеге келтірген объективті қоғамдық жағдайлар. Ең алдымен 1861 жылдан бастап басыбайлық құқық жойылғаннан кейін Ресей құлаш жайып, дами бастады. Сондай – ақ, XX ғасырдағы қазақ ойшылдары түрлі философиялық ізденістер жасады. Қазақ халқының қарапайым ой – пікірлерінен алғаш философиялық деңгейге дейін көтеріле алған Абайдың немере інісі Шәкәрім Құдайбердиев болды. Ол Абайдың “Қырық бес қара сөзіндегі” ой толғау дәстүрін дамыта отырып, 1898 жылдан бастап отыз жылдай табанды ізденіс жасап, “Үш анық” философиялық еңбегін жазып шықты. Қазан төңкерісіне дейін де одан кейін де ұлттық сананың еркіндікпен дамуына көптеген тосқауылдар болды. Соның бір көрінісі ұлттық философия халықтық дүние таным. Қазақ философиясы қазақ ойшылдары деген мәселелердің күн тәртібінде болмауы. Қазақ философиясы адам және оның өмірсүру философиясы жалпы бостандықты еркіндікті сүйетін кең даласы сияқты кең пішіндегі бар халықтың соған сай философиялық дүние танымы ой пікірлері болуы заңды дүние.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
1. Қазақ философиялық ойларының қалыптасуы.
2.Қазақ ойшылдары Әл – Фараби, А. Иассауи, Қорқыт – ата, Асан Қайғы тұжырымдары.
3.Абайдың философиялық тұжырымдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет