О. Ж. Таукебаев 1,2, К. Б. Зулпыхаров



Pdf көрінісі
бет11/13
Дата08.11.2023
өлшемі1,66 Mb.
#190395
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Қорытынды
Қорыта келе, Талас ауданның суармалы жер-
лерінде өте ыңғайлы етіп орналастырылған су 
және кәріз жүйесі бар, алайда көп жылдар жөн-
деу жұмыстары жүргізілмегендіктен олардың 
басым бөлігі тозып, істен шыққан. Күрделі және 
ағымдағы тегістеу жұмысы көп жылдардан бе-
рі орындалмағандықтан, жерді суаруда және да-
қылдардың өсіп жетілуінде кемшіліктер орын 
алуда, ауданда сор шаю жұмыстары орындал-
майды. 
Соңғы жылдары аудандағы суармалы жерле-
рінің 50-60% пайдаланылмай келеді, сонымен 
қатар суармалы егістік жерлерінде ауыспалы 
егіс тәртібі сақталмайды. 
Суармалы жерлердің басым бөлігі – 4453 га 
ІШСЖ қанағаттанарлықсыз жағдайынан, 2525 
га тұздану процессіне ұшырау себебінен пай-
даланылмайды. Сонымен қатар егістік алқап тар-
дың мелиоративтік жай-күйінің төмендігі, ұсақ 
шаруашылықтардың нарықтық жағдайларға тө-
селе алмауы, су шаруашылық жүйелерінің иесіз-
дікке ұшырауы су жүйелерін игеруге кедергі 
келтіруде. 
Осындай мәселелерді шешу үшін аудандағы 
суармалы жерлерде келесі гидротехникалық жә-
не агротехникалық іс-шараларды жүргізу қажет:
− 
Жоспарлы, әрі сапалы өнімге егіске ке-
шенді агротехникалық және мелиоративтік шара-
ларды қолдану арқылы қол жеткізуге болады. 
Сондай шараларға ауыспалы егіс, ондағы дақыл-
дардың құрамы және ротациясының дұрыс сақ-
талуы, топырақты өңдеу жүйесі, өсімдік ке қа-
жетті факторлардың өз мөлшерінде және уақы-
тылы берілуі үшін дер кезінде егілуі, сонымен 
бірге өсімдіктерді зиянкестерден биологиялық 
әдіспен қорғау арқылы улы препараттарды қол-
данбау оған кеткен шығынды азайтады, эколо-
гиялық жағдайды жақсартады, өнім сапалы бо-
ла ды. Гидрогеологиялық бақылаулар арқылы 
сол аймақ экологиясына келеңсіз әсерлердің ал-
дын алып, дер кезінде мелиоративтік шаралар 
қолдану маңызды.
− 
Егістік жерлердің тиімділігін арттыру 
үшін, кешенді іс-шаралар дер кезінде атқарылуы 


30
Ирригациялық жүйелердің техникалық жағдайы және оның суармалы жерлердің динамикасына әсері ...
тиіс. Егіншілік мәдениетінің негізі болып есеп-
телетін ауыспалы егіс жүйесін қатаң сақтау, 
ауыл шаруашылық дақылдарының құрылымын 
және оларды орналастыруды дұрыс жолға қою, 
дақылдардың ең өнімді сорттарын ендіру, бар-
лық агротехникалық жұмыстарды сапалы және 
өз уақытында атқарып отыру керек.
− 
Суармалы жерлерден мол өнім алу үшін, 
оларды тұзданудан, батпақтанудан сақтау үшін 
жоғарыда айтылған іс-шаралармен қоса су 
жүйелері мен кәріздік жүйелер (тік дренаж, көл-
денең су қашыртқылар) толығымен жұмыс істеп 
тұруы керек. Бұл шаралар аймақтың экожүйесіне 
де оң әсерін тигізеді.
− 
Дақылдардың суғару тәртібін сақ тау
тұз шаю технологиясын пайдалану, мелиор а-
тив тік жұмыстарды уақытылы жүргізу, ауыл 
шаруашылығы дақылдарының жер беті мен суға-
рылатын алқаптарында тегістеу жұмыста рын 
жүргізу мол өнім алудың кепілі.
− 
Иновациялық технологияны ендіру фер-
мер лердің жоғары өнім алуына, тұрақты пай да 
табуға, тұздану пайызының төмендеуіне, яғни 
ауылдың әлеуметтік-экономикалық және эколо-
гия лық әлеуетін жақсартуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет