© 2022 Al-Farabi
Kazakh National University
17
ISSN 1563-0234, eISSN 2663-0397
Хабаршы. География сериясы. №2 (65) 2022
https://bulletin-geography.kaznu.kz
ҒТАМР 70.21.37
О.Ж. Таукебаев
1,2
, К.Б. Зулпыхаров
2,3
, А.А. Асылбекова
2
,
С.М. Дуйсенбаев
2
, М.М. Сейтқазы
1,*
1
Ғарыштық технологиялар және Жерді
қашықтықтан зондтау орталығы,
Қазақстан, Алматы қ.
2
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
3
Ионосфера институты, Қазақстан, Алматы қ.
*e-mail: moldirseytqazy@gmail.com
ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
ЖӘНЕ ОНЫҢ СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРДІҢ ДИНАМИКАСЫНА ӘСЕРІ
(ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, ТАЛАС АУДАНЫ)
Мақалада Жамбыл облысы Талас ауданындағы су жүйелерінің техникалық жағдайына
сипаттама жасалып, оның аумақтағы суармалы жерлер ауданының өзгеру динамикасына әсер ету
көрсеткіштеріне талдау жасалды. Соңғы жылдары жүргізілген далалық жұмыс мәліметтерінің
және статистикалық
көрсеткіштердің негізінде, суармалы егістік алқаптары аудандарының
өзгеру динамикасы көрсетіліп, аудандағы суармалы жерлер ауданының кемуіне әсер етуші
факторлар анықталды.
Талас ауданның суармалы жерлерінде өте ыңғайлы етіп орналастырылған су және кәріз
жүйесі бар, алайда көп жылдар жөндеу жүргізілмегендіктен олардың басым бөлігінің техникалық
жағдайы нашарлап істен шыққан.
Зерттеу
нәтижелері көрсеткендей, аудандағы көптеген суару жүйелерінің техникалық
жағдайының қанағаттанарлықсыз деңгейде болуы, суару жүйелерінде дер кезінде жөндеу
жұмыстарының жүргізілмеуі және кейбірінің апатты жағдайда болуы,
сондай-ақ, көпшілігінің
жеке меншікке өтіп кетуі сияқты мәселелердің салдарынан өңірдегі суармалы жерлердің 50-60
% пайдаланылмайтынын көрсетті.
Ауданның аумақтық ерекшеліктерін ескере отырып, суармалы жерлерін тиімді пайдаланудың
басым бағыттары анықталды және оларды тиімді пайдалануды жетілдіру мәселелері
қарастырылды.
Сонымен қатар, Талас ауданы аумағында егістік жерлерді, соның ішінде суармалы
жерлерді тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар берілді.
Түйін сөздер:
суармалы жерлер, су жүйелері, ирригация, Талас ауданы.
O. Taukebayev
1,2
, K. Zulpykharov
2,3
, A. Assylbekova
2
,
S. Duisenbayev
2
, M. Seitkazy
1,*
1
Center for Space Technologies and Remote Sensing,
Kazakhstan,
Almaty
2
Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty
3
Institute of the Ionosphere, Kazakhstan, Almaty
*e-mail: moldirseytqazy@gmail.com