10. Жұмыс беруші міндеттері:
Бұл бөлікте жұмысшыны қалыпты еңбек жағдайымен қамтамасыз
ету, еңбекақы төлеу мерзімі; медициналық сақтандыру, зейнетақымен
қамтамасыз ету сияқты әкімшілік өз мойнына алған негізгі міндеттер ай-
тылады. Мысалы:
Әкімшілік Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заң кодексіне
сәйкес қалыпты еңбек жағдайымен қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Зейнетақымен қамтамасыз ету және медициналық сақтандыру жалпы
Қазақстан Республикасы азаматтарына ортақ негізде жүргізіледі.
11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік
беретін мағлұмат:
Бұл бөлікте жұмысшының еңбек құқын қорғауға берілетін қосымша
кепілдіктер жайлы айтылады. Атап айтқанда, басқа жұмысқа ауыстыру,
еңбек демалысын өткізуге берілетін жеңілдік, қоғамдық көлікте жүруге
берілетін жеңілдік, медициналық, мәдени және тұрмыстық қызмет
көрсету, тұрғын үймен қамтамасыз ету, т.б. Мысалы:
Еңбек келісімінде көрсетілген мерзім аралығында жұмысшы
көрсетілген міндеттерді толық атқарып, келісім талаптарын
орындаған жағдайда жұмыс беруші әкімшілік тарапынан қосымша мы-
надай жеңілдіктерге кепілдік береді:
а
)
Қазақстан Республикасы Президентінің 21.04.1993 жылғы №431
Жарлығында айтылған жеңілдіктерді толық пайдалануға;
ә
)
Қазақстан Республикасы Президентінің 22.07.1995 жылғы №132
Жарлығында айтылған жеңілдіктерді толық пайдалануға;
б
)
Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін пайызсыз қарыз алуға.
Достарыңызбен бөлісу: |