О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет28/244
Дата08.02.2022
өлшемі3 Mb.
#124858
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   244
Байланысты:
is-kagaz Abutalip

Өмірбаянның бірінші түрі
– адамның өз өмірі мен қызметі туралы 
баяндауы. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке ісқағазына 
қоса тігілу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін 
толық көрсетеді. Одан кейін жаңа жолдан нақты деректермен санама-
лап жазады. Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми түрде жазылады да, 
көлемі жағынан шағын болады. 
õ
Өмірбаянның бұл түрінің ерекшелігі: 
1) хронологиялық тәртіппен жазылады
2) ресми стильде мәтін түрінде жазылады.
Өмірбаянның екінші түрі
 –
мемуарлар, яғни ақын, жазушылардың, 
өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра
баяндауы. 
Өмірбаянның бұл түрі көркем шығармаға жақын, әдеби тілмен, шебер 
жазылғандығымен оқырманды тартады және ол оқырманды жеке адам 
өмірімен ғана емес, қоғам дамуымен таныстырады. Мұндай шығармалар 
қай тілде болмасын өте көп және қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазыла-
ды.
õ
Өмірбаянның бұл түрінің ерекшелігі: 
1) жеке адам өмірімен ғана емес, сол кездегі қоғам дамуымен де 
таныстыруы; 2) көркем әдеби стильде жазылады. 
Мысалы: 
1. Д.А. Қонаев «Өтті дәурен осылай». Естелік-эссе. (1992), 443 бет. 
«Дәуір» баспасы.


30
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
2. Ш.Жиенқұлованың «Өмірім менің – өнерім» (1983), 214 бет.
«Жазушы» баспасы.
3. С.Сейфуллин. «Тар жол тайғақ кешу» романы. 1977, 392 бет. «Жа-
зушы» баспасы.
4. Ғ.Мұстафин. «Көзкөргендер». 1958 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   244




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет