О. О. Борзов географиянын негізгі объектісі территориялык кешен деп ойласа, Г. Н. Высоцкий генетикалык бір тұтастылыгымен ерекшеленетін жер бетінің жеке территорияларын бөлуді ұсынды; 2 ландшафт морфологиялык бір



Дата29.05.2023
өлшемі64,74 Kb.
#177940
Байланысты:
йцу


Ландшафттың қызметі, динамикасы мен эволюция.
1.2 Ландшафттану ілімінің даму кезеңдері «Ландшафт» термиині немістің «die Landschaft» пейзаж, өлке, ел, провинция деген сөзінен шыққан. Бұл терминді 1805 ж. Г. Гомейер алғаш қолданган. «Ландшафттану» терминін 1884 жылы О. Опель және И. Виммер ұсынган. Бірақ ландшафттану 3. Пассарг, В. В. Докучаев, Л. С. Берг еңбектерінің нәтижесінде гылым ретінде дамыды. Ландшафттанудың даму кезеңдері: 1) ландшафт, компоненттердің өзара байланысы деген ой пікірдің қалыптасуы (XIX ғ. аягы - 1930 ж.). В. В. Докучаевтың географиялық кешен туралы идеясы. Ландшафт туралы ілім В. В. Докучаев және оның шәкірттері (Г. Н. Высоцкий, Г. Ф. Морозов, О. О. Борзов, Л. С. Берг, А. Н. Краснов, Р. И. Аболин жэне т.б.) идеяларының одан әрі дамуы болып табылады. Орыс тілдес кеңістікте «ландшафт» терминін 1913 жылы Л. С. Берг қолданған, сонымен катар осы жылды ландшафттанудың гылым ретінде туындауымен байланыстырады.

О. О. Борзов географиянын негізгі объектісі территориялык кешен деп ойласа, Г. Н. Высоцкий генетикалык бір тұтастылыгымен ерекшеленетін жер бетінің жеке территорияларын бөлуді ұсынды; 2) ландшафт морфологиялык бірліктердің жүйесі ретінде (1930- 1960 жж.). Ландшафт морфологиясынын, ландшафттық зерттеулер әдістерінің даму кезеңдері. Мәні: ландшафт жүйелі бір тұтас территориялык бірліктерден (фация, коныс, жергілікті жер) тұрады. 1945 жылы Л. С. Берг фация ұгымын енгі^ді. Ал Л. Г. Раменский 30-шы жылдары ландшафттың аудандық ұғымын калыптастырып, коныс және эпифация терминдерін енгізді. 1948 жылы Николай Адольфович Солнцев ландшафттың морфологиялык кұрлысының ілімін қалыптастырды. А. Г. Исаченко, Ф. Н. мильков, К. И. Геренчук, К. Г. Раман, Г. Е. Гришанков зерттеулерін одан әрі дамытты. Осы кезеңде ландшафтанудың жаңа бағыттары — ландшафт геохимиясы (М. А. Глазовская, A. И. Перельман) және биогеоценология (В. Н. Сукачев) дамыды. 60-шы жылдары бірнеше колданбалы жұмыстар жүргізілді: ауыл шаруашылыкка байланысты, аудандық жоспарлау жұмы стары, демалыс зоналарын кұру, судың беткі ағындарын зерттеу жұмыстары, медециналық география, геологиялык және тоңдық түсірілімдер; 3) Лан.дшафтты геожүйе ретінде қарастыру (1960-1970 жж). Геожүйелер туралы ілімді калыптастырган Виктор Борисович Сочав (1963 ж.). Бұл ілімді одан эрэ дамытушылар В. С. Преображенский, B. Н. Николаев, Д. А. Арман, Г. Е. Гришанков және т.б. Ландшафттың біртұтастылық касиеттері айқындалды, ішкі және сыртқы, тікелей және кері байланыстар, ландшафттың өзіндік ұйымдастырылуы және сызықтык еместігі, ландшафыт геожүйелерінін тұрактылыгы, ландшафттың даму болашагы және т.б. карастырылды; 4) Ландшафт динамикалык жүйе ретінде. Бұл кезең ландшафт динамикасының зерттелуімен (1970-1991 жж.) сипатталады. Геожүйелердің инварианттылығы туралы ой калыптасты (В. Б. Сочав). Ландшафт динамикасын зерттеу үшін жаңа эдістер карастырылды: кешенді ординациялар (В. Б. Сочава, А. А. Крауклис), геомассалық әдіс (Н. Л. Беручашвили), геофизикалык (Н. Л. Беручашвили, К. Н. Дьяконов, Г. П. Миллер), кешенді ландшафттық (И. И. Мамай). Осы кезеңде адамның ландшафтка эсер ету мэселелері алдыңғы қатарга шыкты. Жана гылыми багыт — антропогендік ландшафттану калыптасты. Оньщ негізін салушы Ф. Н. Мильков; 5) Ландшафт гылымының казіргі кезеңі. Ландшафт интефальді табиги-шаруашылық жүйе (1991-2006 жж.).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет