О рындаған: Жұмағұлова Айжан Топ: тфп21-058 Қабылдаған: Шынықұл Жансерік


-тапсырма: "Биологиялық тәуекелдердің шамасын анықтау" тақырыбы бойынша эссе



бет2/2
Дата06.10.2023
өлшемі46,99 Kb.
#184004
1   2
Байланысты:
8-сабақ Жұмағұлова Айжан

2-тапсырма:
"Биологиялық тәуекелдердің шамасын анықтау" тақырыбы бойынша эссе.
Биологиялық тәуекелдер төрт деңгейге бөлінеді:
1) биологиялық тәуекелдің төмен деңгейі – табиғи зілзаланың, ірі аварияның немесе апаттың салдарынан, ықтимал қауіпті биологиялық объектінің бұзылуы нәтижесінде адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларын туындатуға қабілетті және жұқтырған организмнен сау организмге таралмайтын, вакциналарды қоса алғанда оларға қатысты емдеу мен профилактиканың тиімді құралдары мен тәсілдері бар қалыптасқан жағдай;
2) биологиялық тәуекелдің орта деңгейі – табиғи зілзаланың, ірі аварияның немесе апаттың салдарынан, ықтимал қауіпті биологиялық объектінің бұзылуы нәтижесінде адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларын туындатуға қабілетті, жұқтырылған организмнен сау организмге барынша аз таралатын және (немесе) жұқтырылған организмнен сау организмге жеңіл таралатын, вакциналарды қоса алғанда оларға қатысты тиімді емдеу құралдары мен алдын алу және қолжетімді тәсілдері бар қалыптасқан жағдай;
3) биологиялық тәуекелдің жоғарғы деңгейі – табиғи зілзаланың, ірі аварияның немесе апаттың салдарынан, ықтимал қауіпті биологиялық объектінің бұзылуы нәтижесінде адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің аса қауіпті инфекциялық ауруларын жұқтырылған организмнен сау организмге оңай тарайтын, оның ішінде оларға қатысты вакциналар мен тиімді емдеу құралдары жоқ қалыптасқан жағдай;
4) биологиялық тәуекелдің жол берілетін деңгейі – табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, қарсыластың қазіргі заманғы зақымдаушы құралдарды қолданған жағдайында қауіпті биологиялық факторлардың әсерінен халықты қорғау және табиғи ортаның жекелеген компоненттерін қорғау бойынша қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етумен биологиялық тәуекелдердің төмен, орта және жоғарғы деңгейлері алып тасталатын жағдай.


3-тапсырма:
"Тәуекелдерді бағалау және еңбекті қорғау жөніндегі жұмыс жоспары» эссе.
Жұмыс орнындағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша мәселелерге ерекше назар бөлінеді. Аталған сұрақ бойынша барлық шаралар қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жұмыскерлердің денсаулығы мен өмірін сақтауға бағытталған. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында мониторинг жүргізіледі. Еңбек шарттарын жақсартуға, қауіпсіз технологияларды енгізуге, жеке қорғанысқа, өндірістегі жазатайым жағдайларды есепке алу тәртібін орнатуға, қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында заңнама талаптарын сақтауға және т.б. бағытталған ішкі құжаттарды әзірлеу және қабылдау жүргізілуде. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы басты қағидалар:

  • жұмыскердің өмірін және денсаулығын сақтау;

  • жұмыскерлердің денсаулығына өндірістік зиянды әрекеттердің әсер етуіне жол бермеу;

  • жұмыскерлердің еңбек шартына құқығын қорғау; 

  • аумақтық бөлімшелер және реттеушілердің өкілдерінің келісілген әрекеттерін қамтамасыз ету;

  • қауіпсіздік және еңбекті қорғау жағдайы туралы ақпараттың толықтығы және шынайылығы. Еңбекті қорғауды басқару саласында мақсатты тұжырымдаудың бірыңғай жүйесі енгізілді, атап айтқанда мәдениетті арттыру және еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша жүйені жетілдіру бағдарламасы, қызметтің жаңа негізгі функционалдық көрсеткіштері бекітілді. Электр қондырғыларын, өндірісік жабдықтарды пайдаланғаны үшін жауапкершіліктерін, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және өндірісте жазатайым жағдайларды азайту мәселелерін қоса алғанда, еңбекті қоғау сұрақтарын реттейтін бұйрықтар шығарылды. Жұмыс орнында қауіпсіздікті реттейтін тиісті нұсқаулар, саясат және ережелер бекітілді. Қызмет барысында әр қызметкерге жұмыс кезінде қауіпсіздік шараларын белгілейтін нұсқаулар беріледі. Нұсқаулықта жалпы қауіпсіздік талаптары, соның ішінде жұмыс алдында, жұмыс кезінде және жұмыс аяқталғаннан кейінгі талаптар, сондай-ақ төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары бар. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау департаменті еңбекті қорғаудағы, қызметкерлердің қауіпсіздігі мен денсаулығындағы мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі барлық іс-шаралар мен мәселелерді үйлестіруді қамтамасыз етуге, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды жаңғырту жөнінде ұсыныстар енгізуге, ішкі және сыртқы ортаны талдау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға жауапты болады, қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша инциденттерді анықтау мен оларға ден қоюдың уақтылығы мен толықтығын бақылауды жүзеге асырады. Шағын бағдарламалар бекітілді, олардың әрқайсысы еңбек жағдайларын жақсартуды және өндірістік тәуекелді төмендетуді қамтамасыз ететін өндірістік, ұйымдастырушылық және басқа да іс-шаралар кешені болып табылады. Мақсаты –жұмыскерлердің қатысуын, жұмыс орнындағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы коммуникациялық процестің тиімділігін арттыру. Іске асыру нәтижелері бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманы сақтауды арттыру, өндірістік жарақаттануды төмендету күтілуде. «Қазпошта» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген «Қазпошта» АҚ-да көлік құралдарын пайдалану кезінде көлік қауіпсіздігін басқару қағидалары енгізілді, олар көлік құралдарын қауіпсіз пайдалану жүйесін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, әлеуетті тәуекелдерді азайту, қызметкерлерді жарақаттау және пошта жөнелтілімдерін, тауарларды/жүктерді тасымалдау кезінде залалды азайту тәртібін белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет