Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты



бет1/4
Дата03.04.2022
өлшемі28,65 Kb.
#137715
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
Тапсырма 2. 7 апта. Реферат жазу жұмысы (1)


А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты
Мектепке дейінгі және Бастауыш білім беру кафедрасы


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қадым мектебінің білім берудегі орны. Жәдитше оқытудың әдеби білім берудегі тарихи тәжірибесі. Медреселік білім беру жүйесінің прогресшіл маңызы.


Орындаған: А.Кужахметова
КЯЛ-21-115-10
Тексерген: С.Г.Канапина

Қостанай,2022


ЖОСПАР

  1. Қадым мектебінің білім берудегі орны.

  2. Жәдитше оқытудың әдеби білім берудегі тарихи тәжірибесі.

  3. Медреселік білім беру жүйесінің прогресшіл маңызы.




  1. Қадым мектебінің білім берудегі орны.

Қадым, жәдит мектептерінің көздеген мақсаты: арабша тілін сындыру, құран сүрелерін жаттату, молда, мүриттер дайындау. Оның толып жатқан кемшіліктері мен жетімсіз жақтары болады.
Медреселік білім беру жүйесінің прогресшіл жақтары: халықтың сауатын ашу, көңілін ояту, жастарды адамгершілік рухта тәрбиелеу. Әсіресе, бұл салада ағартушы ұстаз, тарихи тұлға Ы. Алтынсариннің еңбегі ерекше. Ол халық ағарту саласында тарихи тәжірибені меңгере отырып, қазақ тілінде оқулық шығару, қазақ мектептерін ашу жұмысымен айналысты. Әдебиеттік оқулық жасаудағы «Қазақ хрестоматиясының» (1979) алатын орны орасан, ол хрестоматияға енген материалдардың тәрбиелік-өнегелік жақтарына көп көңіл бөлді. Ыбырай өз халқының әдебиетін мәдени мұра ретінде тани біліп, оны жинап бастырды. Ол әлемдік үздік туындыларды қазақ халқының рухани игілігіне айналдырып, жасөспірімдерді адамгершілік рухта тәрбиелейтін аудармалар (Л. Толстой, К. Ушинский, И. Паульсон) жасады. Ыбырай ағартушылық көзқарасын қазақтың дәстүрлі мәдениетімен және орыс педагогтарының тәжірибелерімен байланыстыра білді. Ол оқыту әдістемесіне осылай жаңалықтар енгізді.
Қазақтың Шоқан, Абай, Шәкәрім, С. Көбеев, Б. Өтетілеуов, Торайғыров, Байтұрсынов, Дулатов, Аймауытов, Жұмабаев сынды ағартушы-демократтары халық санасын оятуға тарихи үлес қосты.
1933 жылы қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінде секция құрылды. Оның міндеті бастауыш және орта мектептер үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен бағдарламалар, төл сұрақтар жасау. Сол мақсатта 1933 жылы бірнеше ғылыми экспедициялар жасақталды. Құрамында Б. Майлин, М. Әуезов, І. Жансүгіров, С. Сейфуллин сияқты ірі қалам қайраткерлері балаларға лайық әдеби нұсқалар, фольклорлық шығармалар жинақтады. 1934 жылы 5-7 сыныптарға арналған бағдарлама басылып шықты. Осы бағдарлама бойынша 5-7 сынып оқулық-хрестоматиялар жасалды; 6 с. авт. М. Әуезов; 5 с. Ә. Тәжібаев т.б.
1939-40 ж. Шайқы Кәрібаев әдіскерлерді, мұғалімдерді қатыстырып, 5-7, 8-10 сынып бағдарламалар жасады. 5-7 әдебиеттік оқу; 8-10 сынып бағдарлама жасады. 5-7 әдебиеттік оқу; 8-10 тарихи-әдеби курс болып бөлінді. Осы бағдарлама бойынша Ш. Кәрібаев, А. Көшімбаев әдебиеттік оқу кітаптарын, Т. Ақшолақов, Қ. Жұмалиев, Ә. Қоңыратбаев, Е. Ысмайылов, С. Мұқановтар жоғары сыныпқа арналған әдебиет оқулықтарын жазды.
Қ. Жұмалиев 8-10 сыныпқа арналған «Әдебиет теориясы» оқулығы жарық көрді.
1941 жылы Ш. Кәрібаевтың «Әдебиеттік оқу әдістемесі» (9) кітап болып басылып шықты. 1953 жылы «Бастауыш сыныптарда сыныптан тыс оқу»; 1957 жылы С. Тілешованың «5 сынып көркем шығарманы оқып үйрену»; 1957 ж. Ә. Қоңыратбаевтың «Әдебиетті оқыту әдістемесінің очерктері», «Әдебиетті оқыту әдісі» (1966) деген еңбектері, А. Көшімбаевтың «Сегіз жылдық мектепте әдебиетті оқыту әдістемесі»(1958), «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»(1969) атты іргелі еңбектері басылды.
70-80 жылы әдебиет әдістемесі ғылым ретінде дамып, зерттеулердің теориялық салмағы, практикалық тиімділігі арта түсті. Сыныптан тыс оқу кітаптары сериялары даярланып шығарылды. 1973 жылы С. Тілешова 4-5 сынып оқушылары үшін екі жинақ, 1973 жылы Ә. Дайырова екі жинақ, 6-7 сынып оқушылары үшін 1973 жылы бір кітап, 1979 жылы екі кітап Ә. Дайыров жазып, басып шығарды. 1980 жылы Р. Құтхожина 10-11 сыныптар үшін «Қазақ поэзиясы» бойынша, 1972 жылы 8-11 сыныпқа арнап шетел әдебиеті бойынша, Ә. Дайырова сыныптан тыс материалына оқу кітаптарын шығарды. 1972 жылы М. Мырзахметов пен Ә. Дайырованың жоғарғы сынып оқушыларына арналған «Әдеби-сын мақалалар хрестоматиясы», «Әдебиет тану» оқу құралдары шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет