ҰОҚ тақырыбы Мақсаты Міндеттері Сөйлеуді дамыту. «Наурыз мейрамы – ол қандай?»



Дата11.03.2020
өлшемі19 Kb.
#59915
Байланысты:
4 апта


ҰОҚ тақырыбы

Мақсаты

Міндеттері

Сөйлеуді дамыту. «Наурыз мейрамы – ол қандай?»

Тәрбиешінің сұрақтарына байланысты жауаптарды беруді үйрету (қар ериді, күн жылу береді, құстар ұшып келеді), сөздерге анықтауышты таңдап алу (жарқыраған күн, гүлдер әдемі)

1. Үлгі бойынша әңгіме құруды үйрету, көктем мезгілінің белгілері, Наурыз мейрамы туралы білімдерін бекіту.

2. Байқампаздықтарын, байланысты сөздерін, әңгіме құру, сұрақтарға жауап беріп сұхбаттасу іскерліктерін дамыту.

3. Табиғат әлеміне, ұлттық халық Наурыз мерекесіне қызығушылықтарын тәрбиелеу.


ҚМҰҚ. «Жақын - алыс».

Заттардың санының орналасуынан, өлшемінен, арақашықтығынан тәуелсіз орнату дағдыларын дамыту.


1. Өзіне қатысты кеңістікте орналасқан заттарды анықтауға үйретуді жалғастыру.

2. Заттардың анықталған санын нұсқасы мен аталған саны бойынша санау дағдыларын дамыту.

3. Белсенділікке тәрбиелеу.


Жаратылыстану. «Көктемгі құпиялар» (табиғатқа саяхат жасау).

Балалардың табиғаттың маусымдық өзгерістер туралы түсініктерін қалыптастыру.

1. Балаларды табиғатта, ауа райында қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға, табиғатты және ауа райы жағдайын бақылау нәтижесін (жаңбыр, қар, тұман) табиғат күнтізбесінде белгілеп отыруға үйрету.

2. Танымдық белсенділіктерін, байланысты сөйлеу тілдерін, зейіндерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Өз достарына деген жылы шырайлары мен көмектесу ықыластарын тәрбиелеу.


Сурет салу. Сюжеттік сурет салу

«Сұлу көктем»




Табиғат құбылыстарының айқын бейнесін жасау үшін түстердің үйлесімін қолдану іскерліктерін қалыптастыру.

1. Табиғат құбылыстарының айқын бейнесін жасау үшін түстердің үйлесімін қолдану іскерліктерін қалыптастыру: «сұлу көктем – көгілдір аспан, жарқыраған күн, алғашқы ойдым жер.

2. Қолдардың ұсақ моторикаларын, шығармашылықтарын, зейіндерін дамыту.

3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Аппликация.Заттық аппликация «Қараторғайдың ұясы»

Балалардың қараторғайдың ұясын дайын пішіндерден құру іскерліктерін қалыптастыру.

1. Балаларды қараторғайдың ұясын дайын пішіндерден құруды үйрету.

2. Қиялдарын, шығармашылық ойлау қабілеттерін, парақ бетінде бағдарлану іскерліктерін дамыту.

3. Ұқыптылыққа мен дербестікке тәрбиелеу.


Көркем әдебиет. «Баю-баюшки-баю, не ложися на краю», «Бесік жыры/ әлди - әлди» бесік жырларын тыңдау.

Балалардың бесік жыры туралы білімдерін қалыптастыру. Балаларға бесік жырын тыңдау және орындау ықыластарына түрткі болу.

1. Ауызша халық өнерінің түрімен – бесік жыры жанрымен таныстыру.

2.  Балалардың сезімпаздықтарын, әртістіктерін дамыту.



3. Ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын, екі халықтың тілдеріне және мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Құрастыру. «Құстарға арналған ұялар»

(құнсыз материалдар мен қағаздан).




Балалардың құнсыз материалынан және қағаздан құрастыру іскерліктерін жетілдіру.


1. Қағаз парақтарын қайта өзгерту, оны мыжу және біріктіру, тірекке бөлшектерді жапсыруға үйрету.

2. Ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту.



3. Достық қалыптарын тәрбиелеу


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет