Араластыру құрылғысы пропеллерлік араластырғыштан тұрады, ол диффузордан және қышқылға төзімді болаттан жасалады. Диффузордың қолданылуы қуатты араластыруды қамтымасыз етеді. Диффузор ішінде пульпа жоғарыдан төмен қарай қозғалады, ал оның сыртында төменнен жоғары қарай қоғалады да, терезешелер арқылы диффузорға құйылады. Пульпаның агрессивті әсерінен қорғану үшін диффузор мен пропеллерлі араластырғышты қышқылға төзімді резинамен қаптайды.
Кейде агитаторларды қышқылға төзімді болаттан жасалған ирек түтіктермен жабдықтайды. Олардың бойымен сілтісіздендіру кезінде пульпаны қыздыру мақсатында пар беріледі.