Күйдірілген мырыш концентратын сілтісіздендіруі кезінде және ерітіндіні қоспалардан тазарту нәтижесінде алынған пульпаны сұйық және қатты фаза бөледі. Бөлу процессін жүзеге асыру үшін тұндыруды және с
Күйдірілген мырыш концентратын сілтісіздендіруі кезінде және ерітіндіні қоспалардан тазарту нәтижесінде алынған пульпаны сұйық және қатты фаза бөледі. Бөлу процессін жүзеге асыру үшін тұндыруды және сүзбелеуді қолданады.
Суретте көрсетілген қоюландырғыш диаметрі 10-18м және биіктігі 4-5м болатын күрегіш құрылғы көмегімен фермаға ілінген кеспектен тұрады. Кеспекті ағаштан, темір бетоннан немесе болаттан жасайды және қышқылға төзімді кірпішпен қаптайды. Қоюландырғыштың түбін 8-15о бұрышпен қиғаштап орналастырады, бұл әрекет тұнатын қатты материалдың орталық шығару тесігіне қарай қозғалысын қамтымасыз етеді. Сондай-ақ күрегіш механизм де сол мақсатта қолданылады. Күрегіш механизм қышқылға төзімді болаттан орындалады немесе болатпен қапталады.