Мырыш ұнтағын сілтісіздендіру процессінің негізгі мақсаты ерітіндіге оның басқа қоспалармен ластануының мейлінше аздығын қамтымасыз ете отырып, мырыштың мейлінше үлкен мөлшерін шығару болып табылады. Ерітіндінің басқа қоспалармен ластануы қатты заттан сұйықты бөлу және мырыштың электрлік тұну операциясын күрделендіреді.
Мырыш ұнтағын сілтісіздендіру процессі күкірттің әлсіз қышқылының араласуымен және 65-70оС температурада жүреді. Тәжірибеде берілген процесс мырыш сульфатының ерітіндісінің электролизі нәтижесінде алынатын өңделген электролит көмегімен жүзеге асады.