Электролиз цехына жіберілетін мырыштың күкіртті қышқыл ерітіндісі әртүрлі қоспалардан тазалануы тиіс. Ерітіндінің әртүрлі қоспалардан тазалану қажеттілігі мырыштың электролиттік бөліну процессының тал
Электролиз цехына жіберілетін мырыштың күкіртті қышқыл ерітіндісі әртүрлі қоспалардан тазалануы тиіс. Ерітіндінің әртүрлі қоспалардан тазалану қажеттілігі мырыштың электролиттік бөліну процессының талаптарымен шартталады.
Сульфатты ерітіндінің сапасы электролиз кезіндегі электроэнергия шығынына, катодты мырыш сапасына, мырыштың ағыс бойымен шығысына және жалпы эектролиз цех жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етеді. Сондай-ақ мырыштық ерітіндісіндегі кейбір қоспалар бағалы компоненттер(кадмий, индий, талий, мыс ) болып табылады, олардың тауарлық өнімге шығарылуы үлкен маңызға ие.