Сілтісіздендірудің үздіксіз әдісі гидрометаллургиялық құрылғыны жоғары тиімділікпен қолдануға мүмкіндік береді, себебі бұл әдіс кезінде аппаратураның толтырылуы мен босатылуына кететін уақыт жоққа шығады, технологиялық режимнің толық автоматтандырылған басқару жүйесін жүзеге асыруға болады, экзотермиялық реакциялардың жылуын одан әрі жүретін операцияларға сақтауға болады. Алайда бұл әдіспен құрамы орнықты жоғары сортты шикізатты ғана өңдеуге болады. Төмен сортты және құрамы өзгергіш шикізатты өңдеу әдетте технологиялық процесстің айтарлықтай бузылуын тудырады. Сонымен қатар сілтісіздендірудің үздіксіз процессі ұнтақты тасымалдау үшін айналымды ерітіндінің үлкен көлемін талап етеді.