Периодты процесс сілтісіздендіру операцияларының үзіліп жүруімен және мырышты материал мен күкірт қышқылының порцияалды мөлшерленуімен сипатталады. Периодты процесстің құрылғысы ретінде әдетте механикалық, кейде пневматикалық араластырғышы бар кеспектерді қолданады. Сілтісіздендірудің әр операциясы (электролизбен өңделген)күкірт қышқылының, айналмалы ерітіндінің, күйдірілген концентраттың кеспекке кезекті жүктелуінен, олардың белгілі уақыт аралығында араластырылуынан және дайын пульпаның оның тұнуы мен сүзбеленуі үшін аппараттарға шығарылуынан тұрады.