Мырыштық ұнтақты сілтісіздендіру процессін жүзеге асыру үшін және ерітіндіні қоспалардан тазарту үшін стандартты гидрометаллургиялық құрал-жабдықтарды қолданады: агитаторлар, кеспектер, пульпаны бөлу үшін қоюлатқыштар және түрлі құрылымды сүзбелер.
Сілтісіздендірудің үздіксіз әдісі үшін әдетте пневматикалық араластырғышы бар агитаторды қолданады. Пачук – түбі конус тәріздес келген цилиндрлік кеспек, ол ағаштан, таттанбайтын болаттан немесе темір бетоннан жасалады, ішінен қорғасын жапырақпен жалатылады. Кеспектің биіктігі 6-10м, оның диаметрі 3-4м, кеспектің жұмыстық көлемі – 40-100м3. Кеспектің түбі ондағы айналатын пульпаның тұнбаға түсуін жою үшін конус тәріздес орындалады.