оқыту орыс тілді мектептерде:
6-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат; 8-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат; 9-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында –136 сағат. оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілді мектептерде:
6-сынып–аптасына 2 сағат, оқужылында – 68 сағат; 8-сынып– аптасына 3 сағат, оқужылында – 102 сағат; 9-сынып– аптасына 2 сағат, оқужылында – 68 сағат.
Әрбір тоқсанда алынатын бақылау жұмысының (тест, бақылау жұмысы) саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.
Әрбір сабақтың мазмұнына сай әдістер мен тәсілдері дұрыс таңдап,
саралап, даралап оқыту ұсынылады. Оқушылардың қазақ тілін өз еркімен, ынтасымен қызыға, түсініп оқуға, қадірлеуге, бағалауға, жақсы меңгеруге, ауызекі дұрыс сөйлеуге үйрету мақсатында белсенді оқыту, коммуникативтік технология, интерактивті оқыту негізінде және сабақты «Блум таксономиясы» стратегиясы бойынша ұйымдастыру, сын тұрғысынан ойлау жобасының стратегияларын қолдану қажет.
Қазақ тілін сауатты үйрету үшін оқушыларға берілетін бақылау жұмыстарын дұрыс жоспарлаудың маңызы зор. Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектепте оқушылар қазақ тілінің дыбыстық құрамын, дыбыстардың айтылу нормасын, дыбыстық заңдылықтарын, грамматикалық құрылысын меңгеруге, ойын еркін жеткізуге, жеткілікті дәрежеде сөздік қорын меңгеруге, сонымен бірге қазақ тілінде сөйлеуге жаттығып, қазақ тілінде қарым-қатынас жасай алуы қажет. Оқушыны мұндай дәрежеге жеткізу үшін түрлі жаңа технологиялардың тиімді жақтарын алып, оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту жолында жұмыс жасау қажет.
28-кесте – Қазақ тілінен бақылау жұмыстарының саны
Сынып
|
Бақылау жұмысы
(әр тоқсанда)
|
Тест тапсырмалары
(әр тоқсанда)
|
6
|
2
|
2
|
8
|
2
|
2
|
9
|
2
|
2
|
Достарыңызбен бөлісу: |