Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:
Есен неге қатты өзгеріп кетті?
А) машиналы болғалы В) ойыншық алғалы С) өзімен-өзі ойнағалы
D) шофер болғалы Е) папасы айтқалы
Есеннің жүзі ... шыға келді
А) жайнап В) қуанып
С) көңілденіп
D) шаттанып Е) серпіліп
Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.
А) күлме досқа, келер басқа В) сыйлағанды сыйла
С) Отансыз адам - ормансыз бұлбұл
D) жолдасы көптің – олжасы көп Е) еңбектің наны тәтті
Есен қандай бала?
А) қызғаншақ В) еңбекқор С) шыншыл
D) қолғанат Е) өзімшіл
Кімнің қуанышында шек жоқ болды?
А) Есеннің В) Еркіннің С) інісінің
өзінің Е) екеуінің
Ескерту. Әр сынып бойынша алынатын бақылау жұмыстарының, сөйлесім әрекеті түрлері бойынша тапсырмаларының, тест тапсырмаларының мазмұны мен құрылымын пән мұғалімдері бағдарламалық материалдарға сәйкес өздері құрастырады.
29-кесте – Оқушы дәптерлерінің саны
Пән
|
Жұмыс
|
Жазба жұмыс
|
Сөздік
|
Бар
|
Қазақ
|
2
|
1
|
1
|
4
|
Бірыңғай орфографиялық және сөйлеу режимі оқушы дәптерінің жүргізілуіне, дәптерлердің пәндер бойынша саны мен пәнге арналуына, оқушылардың бақылау жұмыстарын тексеру тәртібіне бірыңғай талап қояды.
«Қазақ тілі» пәнінен жазба жұмыстарына арналған дәптері (бұл дәптерге бақылау жұмыстары мен тест тапсырмалары орындалады).
«Қазақ тілі» пәнінен сөздік жұмысына арналған дәптері
Дәптердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек:
ай аты мен күн реті жазбаша жазылады;
күн ретімен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің басынан жол тасталмай барлық жазбалар бір деңгейде жазылады.Үлгі:
Қазанның тоғызы Сынып жұмысы:
үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де, күн реті жазылмайды;
жаттығу (тапсырма) сөзі толық жазылады. Мысалы: 15-жаттығу (тапсырма);
тапсырмаға сәйкес сөздерді бағандарға бөліп жазғанда бірінші сөзі бас әріптен үтірсіз жазылады. Мысалы:
Бала Бақа Барыс;
сынып жұмысын немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында жол қалдырылмайды;
мәтін азат жолдан басталады;
сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады;
талдау жасау тапсырмаларын орындағанда жақсы ұшталған қара қарындашпен орындаған жөн;
ереже, емлені белгілеу үшін жасыл сияны қолдануға болады. Баға тапсырмадан кейін сол жаққа нүктесіз қойылады.
Талдау жұмыстары қарындашпен орындалады (сөз құрамына, сөйлем мүшелеріне талдау).
Төл дыбыстарды дұрыс жазбаса, қызыл жолда дұрыс жазылуы көрсетілуі тиіс.
Дәптерге, мүмкіндігінше, мұғалімнің ескертулері жазылып отырады
(Дұрыс жаз. Қатесіз көшір.).
Пән бойынша дәптерлерді тексеру тәртібі:
6,8- сыныптарда үй жұмысы аптасына 1 рет тексеріледі
9-сыныпта үй жұмысы екі аптада 1 рет тексеріледі;
4. 6,8,9-сыныптарда сөздік дәптерлері айына 1 рет тексеріледі (баға қойылмайды, ескертулер жазылуы ұсынылады).
Оқушының қабілеті мен икем дағдыларын қалыптастырып, әрі қарай дамытуда сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны ерекше. Оқыту қазақ тілді емес мектептерде «Қазақ тілі» пәнінен сабақтан және сыныптан тыс
ісшараларды ұйымдастыруда келесе мерекелерді ескеру ұсынылады:
Достарыңызбен бөлісу: |