Тілдесім – сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін қамтитын ерекше құбылыс. Ол тілдік қатынастың ең маңызды көрсеткіші бола келіп, оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалымның іс жүзінде қолданылуына мүмкіндік жасайды. Тілдесім арқылы оқу, жазу, тыңдау, сөйлеуге үйрету жүзеге асады, оларға қатысты жұмыстар атқарылады.
Тілдесім (общение) – айтылым және жазылымның өзара бірлігінен құрала келіп, қандай болмасын ақпарат (информация) негізінде адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің түрі. Бұл қарым-қатынаста оқылым мен тыңдалымның да тыс қалмайтындығы өзінен- өзі белгілі.
Адамдардың бір-бірімен қандай мақсатпен, қалай сөйлесуіне байланысты тілдесім түрліше болады. Осы тұрғыдан келгенде, оларды келесідегідей жіктеуге болады: ресми тілдесім; бейресми тілдесім; қалыптасқан тілдесім; кәсіби /мамандыққа қарай/ тілдесім; әлеуметтік тілдесім; дербестік тілдесім.
Оқыту, үйретуге қатысты тілдесім екі түрлі болады: І. Тікелей тілдесім.
ІІ. Жанама тілдесім.
«Балабақша-мектеп-колледж-жоғары оқу орны» жүйесіндегі мемлекеттік тілді деңгейлік үздіксіз оқыту стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сай мемлекеттік тілді деңгейлік оқытудың сатылары жіктелді (25-кесте).
25-кесте – ҚР үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттік тілді деңгейлік оқытудың сатылары
Үздіксіз білім берудің сатысы
|
Сыныбы
|
Деңгейле р
|
Игерім атаулары
|
Негізгі мектеп
|
6
|
А2
негізгі деңгей
|
А2. 2 Қалыптасу қарсаңындағы толық игерім
|
8
|
В1
Орта деңгей
|
В1Қалыптасқан толық игерім
|
9
|
В1.1 Қалыптасқан жетік игерім
|
Стандартта Еуропалық деңгейлер жүйесіне сәйкес қазақстандық әдістемеші-ғалымдар қазақ тілін үйрету үшін алты деңгейді ұстанады. Ол деңгейлер жүйесі А1, А2, В1, В2, С1, С2 деп аталатын үш ірі деңгейден тұрады .
26-кесте – Тілді білу деңгейлерінің жіктелуі
Қарапайым деңгей
|
А1 Бастапқы игерім
|
Негізгі деңгей
|
А2 Қалыптасу қарсаңындағы игерім
|
Орта деңгей
|
В1 Қалыптасқан игерім
|
Ортадан жоғары деңгей
|
В1+ Тереңдетіле қалыптасқан игерім
|
Жоғары деңгей
|
В2 Ілгерілей қалыптасқан игерім
|
Жетік деңгей
|
В2+ Тереңдетіле, ілгерілей қалыптасқан игерім, С1 Кәсіби игерім
|
Стандартта ҚР жалпы білім беретін қазақ тілді емес мектептерде «Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылардың қазақ тілін білу деңгейлері мен сөйлеу дағдыларына қойылатын өлшемдер де көрсетілген.
27-кесте – Қазақ тілін білу деңгейлері мен сөйлеу дағдыларына қойылатын өлшемдер
Аталымдар мен өлшемдер
|
Тілді меңгеру деңгейлері
|
Негізгі деңгей (А2)
|
Орта деңгей (В1)
|
Тілдік деңгейлер бойынша игерім кодтары
|
А2.1
|
А2. 2
|
А2+
|
В1
|
В1.1
|
Тілдік деңгейлер бойынша игерім атаулары
|
Қалыптасу қарсаңындағы игерімдер
|
толық
|
толық
|
жетік игерім
|
Сыныптар:
|
6-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып
|
Оқушы меңгеруі тиіс лексикалық минимум
|
130-150
|
130-150
|
130-150
|
Барлығы:
|
420-450 сөз
|
Бір минута оқуға тиісті сөздердің (шартты) мөлшері
|
70-75
|
90-100
|
90-100
|
Тыңдаған/ оқыған мәтінді мазмұндаудағы сөз саны
|
30-35
|
40-50
|
50-60
|
Айтылымдағы сөз саны
|
40-50
|
60-70
|
70-80
|
Жазбаша мәтін құраудағы сөз саны
|
40-55
|
70-85
|
85-100
|
6, 8, 9 - сыныптарда оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен өзгерістермен толықтырулар енгізілген) «Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 27 қарашадағы №471 бұйрығына сәйкес «Қазақ тілі» пәні оқу жүктемесінің көлемі:
Достарыңызбен бөлісу: |